Боралдай кентінде 22- Наурыз мейрамы ертеңгі сағат 10.00 да салтанатты жиынмен басталды, Мемлекеттік гимн ойналып, аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, Славян мәдени орталығының басшысы Л.Гасанова, ауданның бас имамы А.Сейтұлы және ҰОС ардагері Ұ.Аяшев тұрғындарды мерекемен құттықтап, ақ тілектер айтты. Кенттің өміріне белсене қатысып жүрген азаматтарға кент әкімінің мақтау қағаздары тапсырылды.
Салтанатты жиын 3 сағатқа созылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Әр мемлекеттік мекеме құда түсу, қыз ұзату, нәрестені бесікке бөлеу, тұсау кесер сияқты ұлттық көріністер көрсетті.
Аталған мерекеге үш мыңдай тұрғын жиналды. Балаларға батут және әр түрлу атракциондар қойылды. Алтыбақан қойылып, сауда – саттық ұйымдастырылды.
Футбол, шахмат, тоғыз құмалақ, арқан тарту, тағы да басқа спорт ойындары ойналды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар таратылды.
Жалпы 6 киіз тігіліп, ақ дастархандар жайылды. Қатысқан барлық мекемелерге бағалы сыйлықтар тартылды.
Жасалған іс-шара тұрғындар тарапынан оң баға алып, келген қонақтар, тұрғындар ризашылықпен тарасты.
|