БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Боралдай > Боралдай кентінің 2015 жылдың І-жартыжылдығына есебі

 
 
 
Боралдай кентінің 2015 жылдың І-жартыжылдығына әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен атқарылған жұмыстары мен ІІ-жарты жылдықта алда тұрған міндеттер мен мақсаттар туралы есебі. 10.07.2015

Құрметті Боралдай кенті тұрғындары!!!

2015 жыл біздің ел үшін айтулы, тарихи жаңалықтарға толы болды: Кезектен тыс Президенттік сайлау өткізілді, Ұлы Жеңістің 70-жылдығы аталып өтті, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтуде. Міне, аталған мерейтойлар мен іс-шаралар кент аумағында да біз бен сіздің бір кісідей атсалысуымыздың нәтижесінде оңтайлы жүзеге асуда. Бұл үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін!
Бүгінгі кездесуіміздің басты себебі жылда дәстүрге айналған ҚР Президентінің "Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халық алдындағы есептік кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, Боралдай кентінің 2015 жылдың І жарты жылдығына арналған әлеуметтік-экономиалық дамуының қортындысы бойынша болмақ.

Ішкі саясат бойынша:

Кенттегі ішкі саясаттың көрінісі қоғамның тұрақтылығымен, кент азаматтарының әлеуметтік белсенділігімен, ішкі мәдениетіміздің жай-күйімен анықталады.
Боралдай кенті көп ұлт өкілдері тұратын мекен. Мәселен, кент тұрғындарының жалпы халық саны 30 150, оның ішінде қазақ 57 %, орыс 40,2%, кәріс 0,9%, ұйғыр 0,8% және басқа да ұлт өкілдері 1%-ын құрайды.
Тұратын мекен бір болғанымен әр ұлт өкілінің өз мәдениеті, діні, салт-дәстүрі бар. Оларды жақындастыру, бір-бірінің салт-дәстүрін, сенім-танымын тереңірек танып білуге ықпал жасап, тұрақтылығын сақтау ең күрделі саясаттың бірі.
Кенттегі қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығына осындағы діни бірлестіктерде өз үлестерін қосып келеді. Кентте 1 мешіт, 44 тәрбиеленушісі бар 1 медресе, 1 проваславты, 4 протестанттық шіркеу орналасқан. Аталған діни мекемелермен кент әкімдігі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын жан - жақты талдап, жастарға ой салып, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жүргізіп отырады.
Сонымен қатар, кентте Ұлттық мәдени орталықтар өз жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауын және ұлтаралық татулықты нығайтудағы іс-шаралар жүргізуде үлкен үлесін Боралдай кентіндегі кәріс және славян этно-мәдени бірлестіктері жұмыстарын жүргізуде. Олар өз тарихы мен ұлттық мәдениетін сақтау негізінде келешек ұрпаққа мол құндылықтары мен мұраларын ұмытпауға баулуда.
Ел ертеңі, өміріміздің болашағы жастар саясатына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үлкен маңыз беріп келеді. Кенттегі жастар саны кент халқының 36,3 пайызын құрайды. Жастар саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі — оларды әлеуметтік қорғау, жастардың экономикалық дамуы және еңбекпен, жұмыспен қамту саласы болып табылады. Кентте жастарды жұмыспен қамтамасыз ету негізінен, оларды маусымдық және қоғамдық жұмыстарға тарту. Кентте жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 40 орын берілді, бүгінде кентте 11 азамат қоғамдық жұмыспен қамтылғандар.
Кент әкімдігінің ұйымдастыруымен, мемлекеттік мерекелер мерекелік іс-шаралармен аталынып өтіледі: 8-наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесі, Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз мерекесі, аталған мереке кенті әкім аппараты мекемесінің алдында өткізілді. Аталған іс-шараға аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, Славян мәдени орталығының басшысы Л.Гасанова, ауданның бас имамы А.Сейтұлы және ҰОС ардагері Ұ.Аяшев тұрғындарды мерекемен құттықтап, ақ тілектер айтты. Кенттің өміріне белсене қатысып жүрген азаматтарға кент әкімінің мақтау қағаздары тапсырылды.
Салтанатты жиын 3 сағатқа созылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Әр мемлекеттік мекеме құда түсу, қыз ұзату, нәрестені бесікке бөлеу, тұсау кесер сияқты ұлттық көріністер көрсетті.
Аталған мерекеге үш мыңдай халық жиналды. Балаларға батут және әр түрлі атракциондар мен алтыбақан қойылды. Сонымен қатар, Сауда – саттықта ұйымдастырылды.
Футбол, шахмат, тоғыз құмалақ, арқан тарту, тағы да басқа спорт ойындары ойналды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар таратылды.
Жалпы 8 киіз тігіліп, ақ дастархандар жайылды. Қатысқан барлық мекемелерге бағалы сыйлықтар тартылды.
Дәл солай, кент аумағында үлкен іс-шаралармен «9-Мамыр Жеңіс күні» аталып өтілді. Мереке кенттің Водник ықшам ауданындағы саябақта аталып өтілді.
Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шараға 1000 ға жуық адам жиналды. Салтанатты жиыннан соң 3 сағатқа созылған концерттік бағдарлама қойылды.
Бүгінгі күні кентімізде 8 ҰОС, 186 еңбек ардагері тұрады. Мереке қарсаңында ҰОС ардагерлерінің үйіне кент әкімдігінің ұйымдастыруымен кент кәсіпкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мәселен, К.А.Алимбаетың үй төбесінің шатырын ауыстыруға 210 000 теңге көлемінде "Кормовик" ЖШС-і көмек берді, К.А.Аяшевке "Демеу" ЖШС-і 50 000 теңге қаржылай көмек берді, И.Д.Тяжкоробтың үйіне "Ак барс" ЖШС-і ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді, дәл солай Я.П.Мучниктің үйіне "Гранит" ЖШС-мен жөндеу жұмыстары жүргізілді, К.С.Емелин үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары "ТарнсАзияСток"ЖШС-мен, ал "АлматыГазСервис" АҚ-мен ардагер үйіне табиғи газ жүргізілді. И.Г. Вшивковтың үйінің кіру есігін, 3 бөлмесінің абойы және жуынатын бөлменің су құбыры ауыстыру жұмыстары "2177 Әскери бөлімінің" көмегімен жүргізілді.
Сондай-ақ, ардагерлерге Жеке кәсіпкер "Пак" күнделікті ұн өнімдерімен қамтамасыз етсе, азық-түлік пакеттерімен "Гулдер" балабақшасы көмек ретінде таратып берді.
Сонымен қатар, ІІ-жарты жылдыққа барлық ҰОС ардагерлеріне 300 000 теңге көлемінде басылымға жазылу ұйымдастырылды.
1 - маусым «Балаларды қорғау күні» Боралдай кентінің саябағында аталып өтті. Мейрамға кенттегі 400 – дей орта мектеп оқушылары келді. Балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді. 210 балмұздақ және 210 шырын таратылды. Балалар арасында дойбыдан кент әкімінің кубогі өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, кент әкімінің мадақтама қағазы тапсырылды. Сонымен қатар, ниет еткен балалар асфальтқа суреттер салды.
Барлық мерекелік іс-шараларына көрнекілік құралдары, атаулы күндерге билбордтар дайындалынды.

Денсаулық саласы бойынша:

2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан долы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында "денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту" екендігін атап өтті. Қашанда халық денсаулығы мемлекет байлығы екендігін жақсы түсінетін Президент медицина саласының қазақстандықтар үшін тегін әрі қолжетімді болуының жолдарын қарастырып, жеңілдіктер жасауда.
Бүгінде кентте екі емхана қызмет көрсетеді, Мемлекеттік қазыналық комуналдық мекеме - «Боралдай кенттік №2 аудандық ауруханасы» және «Дәулет центр» жеке меншік мекемесі қызмет көрсетеді. Ауруханалардың материалдық және техникалық жағдайы қанағаттанарлық.
Боралдай кенттік №2 аудандық ауруханасына тіркелген азаматтар саны 44 726, бұл 2014 көрсеткішпен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғарлап отыр, ауруханадағы төсек саны 50. Ал, "Дәулет центрде" тіркелген азаматтар саны 19 000, 2014 жылмен салыстырғанда 43 пайызға көбейіп отыр, мекемедегі төсек саны 15.
Жалпы кент бойынша егін медициналық қызмет көрсету үшін 188 мед. қызметкерлер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 41 жоғарғы санаттағы медициналық қызметкерлері, 91 орта медициналық қызметкерлер және 37 кіші мед. қызметкерлер.
Уақытылы жедел жәрдем көрсету мақсатында 2 жаңа "Реанимобиль" бар. Олардың біреуі Аудандық ауруханада, бірі "Дәулет центр"ЖШС-де.

Білім саласы бойынша:

Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Елбасы ұсынған елімізді өркендету бағыттарының бірі білім саласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Жолдау білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді.
Боралдай кентінде 4 орта білім беретін №15,№17,№23 және №39 мектеп гимназиясы, 1 көпсалалы үздіксіз білім беру колледжі қызмет көрсетеді. Осы мектептерде оқитын жалпы бала саны – 5548 оқушыларға 409 мұғалім білім береді. Оның ішінде – 80 жоғарғы санаттағы ұстаздар, бірінші санатағы ұстаздар – 151 болса, екінші санаттағы ұстаздар – 98. Қалған 80 ұстаз санат алмаған жас мамандар. Биылғы 2015 жылғы мектеп қабырғасын бітірген 205 түлектеріміз бар. Олардың ішінен 4 оқушы алтын белгіге, 4 оқушы ерекше аттестатқа бітірді.
Жазғы демалысқа сәйкес мектептер жөндеу жұмыстарынан өтіп жатыр. №15,№23 және №39 Гимназияда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, №17 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Барлық мектептер тоқпен, жылумен, ауызсумен, медициналық кабинетпен, асханалармен, компьютерлік сыныптармен қамтамсыз етілген.
2015 жылғы Боралдай кенті мектептерінің жазғы демалыс лагері бойынша ақпарат келесідей:

Мектеп

атауы

1-10 сынып оқушылары

Демалыс және сауықтыру мен қамтылған балалар саны

Мектеп жанындағы лагерьге қатысушы балалар саны

Қаладан тыс лагерьге қатысушы балалар саны

Мектеп жанындағы лагерьге бөлінген қаражат (тг.)

№39 Гимназия

1289

400

400

25

1 275 000

№23 мектеп

230

60

-

10

 

№15 мектеп

2083

1795

118

25

191 160

Кенттегі №17 мектеп мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жазғы лагерь мектеп жанында қарастырылмады.
Кентте екі бюджеттік бала-бақша – «Әдемі»-320 орындық және «Балдаурен»-220 орындық және 11 жекеменшік бала-бақшалар «Балауса»-120 орынға, «Родничок»-320орынға, «Юнона»-92орынға, «Еркеназ»-200, «Гүлдер» - 150, "Медина" - 100, «Расимка» - 150, " Бал бала" -75, "Еркенұр"-100, "Бөбек" -100 бала орынға және Әскери бөлім №2177-де 55 бала, №39 мектепте мектепке дейінгі балаларды дайындаудың шағын орталығы -75 бала қызмет көрсетеді. Жалпы балалар саны 1965. Ал, бала-бақшаларға кезекте тұрғандардың саны - 1250 бала.

Спорт және мәдениет саласы бойынша:

№39 гимназия мектепте мәдениет үйі жұмысын жүргізуде. Бұл мәдениет үйінің жетекшісі Курмангалиева Гульмира. Мәдениет үйіне қатысатын балалар аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар, кентте «Асем-ай» жасөспірімдер клубы жұмысын жүргізеді. Бұл клубтың жетекшісі Күлбану Мұратқызы. Кенттегі балаларға тігін және тоқыма, фортепиано, домбыра, гитара, баян үйрететін үйірмелер жұмыс жасайды. Боралдай кентіндегі барлық мерекелік іс-шараларға клуб жеткіншектері өз үлестерін қосуда.
Қазіргі таңда Боралдай кентінде 6 тегін үйірме бар. Олар: жеңіл атлетика, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол, шахмат және күрес.
Боралдай кенті бойынша 1 стадион, 5 спорттық алаңдар бар. Тұрғындарға арналған 3 спорттық жаттығу залдары бар. 2014 жылғы жоспар бойынша орта мектептердегі спорт залдарының жағдайы мен қажетті инвенторларымен қамтылуы қадағаланып отырылады. Оқушылардың спортқа деген ынталарын күшейту мақсатында спорт бұрыштары ұйымдастырылып отырады. Мемлекеттік мереке күндері міндетті түрде спорттың түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, кент жастары белсене қатысып отырады.
Жасөспірімдер, жастар және ересектердің бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру үшін және спорт деңгейін күшейту үшін спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Кентте 18 адамнан құрылған "Баха" футбол командасы бар. Аталған команда кенттімізге аудандық, қалалық деңгейде үлкен жеңістер әкелуде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев " Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күші" деп танып, оны жан жақты қолдау шараларын қарастырды. "Бизнестің жол картасы - 2020", "Индустриалды-инновациялық бағдарлама", "Өнімділік - 2020" сынды бағдарламалар кәсіпкерліктің дамуына үлкен септігін тигізуде.
Боралдай кентінің экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі де - кәсіпкерлік. Кент бойынша (Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша) жалпы 9443 кәсіпкер тіркелген. Ал, оның ішінде шаруашылығын жүргізіп отырған субьектілер саны 1047 шаруашылық жүргізуші субьекті бар. Оның ішінде:
1. Акционерлік қоғам - 2.
2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - 83.
3. Шаруа қожалығы-1.
4. Жеке кәсіпкерлер саны-960 бірлікті құрайды.
Кентте басқада темір жол, энергетикалық компаниялардың филиалдары және тағы басқа да субьектілер саны 424 бірлікті құрайды.
Жеке кәсіпкерліктер төмендегі салалар бойынша жұмыс атқарады:
• Сауда бойынша -60 объект, оның ішінде қазіргі таңда-3-еуі жұмыс істемейді.
• Базар - 3.
• Тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету бойынша - 64 объект жұмыс атқарады, оның ішінде уақытша жұмыс атқармайтындар саны -2.
• Қоғамдық тамақтандыру саласы бойынша 33 нысан жұмыс атқарады.
Кентте ірі өндірістік орындары бар: "Боралдай қант зауыты", "Боралдай механикалық-жөндеу зауыты", "Демеу" ЖШС, "Элеас"ЖШС, "Кормовик", "Фрут-ай", ЖШС-і, "Газ Пром Нефть" мұнай базасы, "Жедел" автобус паркі, ЖК "Пак" наубайханасы, 2-қыш кірпіш зауыты, "Транс Азия Сток" УЖСҚ, "Байказ бетон", "Инвест бетон" ЖШС-терін атап өтсек болады.
2015 жылы Боралдай кентінде жаңа "Compass" авто жанар май құюшы жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттік мереке күндері кенттің ЖШС "Ас-Ан", ЖШС " Фрут-Ай" және "ПАК"сынды кәсіпкерлері облыстық, қалалық деңгейдегі өткізілетін ауыл шаруашылық жәрменкелеріне өз тауарларымен қатысып жүреді.
Кентте аптаның демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбі күндері азық-түлік өнімдерімен жәрмеңке ұйымдастырылып отырады. Жәрмеңкеге түрлі тауар өнімдерімен 20-ға жуық сатушылар қатысады. Олардың тауар бағаларына бақылау жасалынып, кенттегі ең ірі дүкендердегі тауар бағаларымен салыстыру жұмыстары жүргізілді. Дәл солай, дүкендердегі негізгі тамақ өнімдерінің бағаларына да мониторинг жүргізіліп отырады.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Ауыл шаруашылығын дамыту ісіне, осы саланың тауар өндірушілерін қолдауға мемлекет тарапынан бағдарламалар қабылданып, оларға көптеген жеңілдіктер көрсетілуде.
Боралдай кентінде ауылшаруашылық малдарын және үй құстарын өсірумен жеке азаматтар және кент көлемінде орналасқан 1 шаруа қожалығы айналысады. Кентте мал мен құс өнімдерін өндіретін ірі шаруашылықтар жоқ.
2015 жылы кенттегі ауылшаруашылық малдары мен үй құстарының саны:
ірі қара мал – 489 бас,оның ішінде 138 - басы сиырлар
ұсақ мүйізді мал – 705 бас, оның ішінде 356 – басы аналық
жылқы – 15 бас оның ішінде, 5-басы биелер
шошқалар – 870 бас, оның ішінде 41 басы аналық шошқалар
үй құстары – 12100 бас
Кентте ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Вет.пункте штат бойынша барлығы 4 маман, оның ішінде 1 вет.пункт меңгерушісі, 1 мал дәрігері, 1 вет.фельдшер, 1 вет.санитар.
Кент бойынша ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша ақпарат төмендегідей:

Малдың түрі

Жоспары

Орындалғаны

Пайызы (%)

1

Ірі қара мал

95

101

106

2

Ұсақ мүйізді мал

250

167

66,8

3

Жылқы

4

3

75

4

Шошқа

30

-

0

 

Барлық малдарды жұқпалы ауруларға қарсы егу, емдеу және диагностикалық шараларын ветеринариялық пункттің ветеринария мамандары жүргізеді. Кент бойынша барлық мал бастарына алдын ала жасалған жоспар бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда "Сібір жарасы" ауруына жалпы 400 - бас ірі қара малына, 500 ұсақ мүйізді малға, 20 бас жылқыға, 300 бас шошқаға егілді, ал "Аусыл" ауруына қарсы екпе 1450 мал басына, "Қарасан" ауруына қарсы 300 бас ірі қара малына және "Оспа" ауруына қарсы - 800 бас ірі қара малына егілді.
Кентте қаңғыбас иесіз иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жыл басынан кент әкімдігі ТҮКШ бөлімінің жауапты мамандарының қатысуымен 128 - бас иесіз иттер ауланды.
Кентте тұрақты бағамен жем сататын 3- орын бар. Олар Аэродромная, Космановт және Водник-2 ықшам ауданында орналасқан. Сонымен қатар басқа аудандардан шөп әкеліп сататындарға арнайы орында бөлінген.

 

Инфрақұрылымды дамыту бойынша:


2015 жылғы Боралдай кентінде санитарлық тазалыққа байланысты төмендегідей іс-шаралар жүргізілуде:
Көктем айының келуімен тұрғындармен және кент мекеме басшыларымен ауланы тазалықта ұстау жөнінде жиындар өткізілді. Жиын барысында әр мекемеге санитарлық тазалық жүргізуге белгілі аумақ беріліп, жауапты ретінде бекітілді.
Аптаның сенбі күндері кент бойынша "Сенбілік" жұмыстары жүргізіліп отырды. Бұл жөнінде әр мекемеге телефон хат жіберіліп, жеке үйлерге "Сенбілік" күніне белсене қатысу туралы хабарландырулар тапсырылды. Осы аталған іс-шаралардың орындалуын Боралдай кенті әкімі аппаратының мамандары үнемі бақылап, қадағалап отырды.
Кенттің маңызы бар, үлкен көшелері: Космонавтов, К.Әзербаев, Аэродромный, Вокзальный, Бостанов, Гагарина сынды көшелеріне және де жол жиектеріндегі арықтарға апта сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп, жиналған қоқыстар қоқыс шығарушы мекемелердің автокөлігімен қоқыс полигонына шығарылады.
Сонымен қатар, "Үлкен Алматы" және "Жігітовка" өзендерінің арналарында жиналған қоқыстар тазаланды. Вокзальная, Аэдромная, Азербаев көшелерінің жол жиектері тегістеліп, бордюрлары құм-топырақтардан тазартылды.
Кентте ТҚҚ (тұрмыстық қатты қалдықтар) шығарумен ЖШС «Инсталл» және жеке кәсіпкер "Игілік" айналысады, жалпы қоқыс жинау алаңдар саны 20 дана, қоқыс жәшіктердің саны 114 дана, қоқыс полигонға күнделікті шығарылатын ТҚҚ көлемі 360м3 – 380м3, айына 11400-11700м3 құрайды.
Осы жылы ескі қоқыс жәшіктері жаңа 15 шақты 3 кубтық, 5 кубтық үлкен жәшіктерге ауыстырылды.
Кент әкімдігінің басшылығымен, кент аумағындағы 11 апатты қоқыстар жойылды.
Қоқыстардан тазалау жұмыстарынан бөлек, кенттегі әр мекеме аумағындағы талдарға күтім жасалып, ақтау жұмыстарын жүргізіп, жаңа тал-көшеттері егілді.
Кент әкімдігімен "Мемориалды саябаққа" және Аэродромная көшесіне 70 дана «туя» көшеттері егілсе, №15 мектеп, "Әдемі", "Родничок" балабақшаларымен және де аудандық ауруханамен " Мемориалды саябаққа" гүл шоқтары егілді.
Бүгінгі таңда, кентте маңызды мәселелердің бірі апатты жағдайды тудырушы талдарды қырқу мәселесі. Кент тұрғындарынан бүгінде аталған мәселе бойынша түскен өтініштер саны біршама, алайда 2015 жылы талдарды қырқуға ақша қаражаты бөлінбеді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету: Боралдай кенті тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін 11 ұңғыма бар. Аталған ұңғымалар жеке-меншікте, олар: ЖК «Отыншиев А.Б.», ЖШС «ЦАСК» және «Асыл тас" ЖШС-не тиесілі. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үнемі бақылауда. Су тек төтенше жағдайлар болған жағдайда ғана уақытша тоқтатылып, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуынан кейін беріліп отырды.
Дегенмен, жаз мезгілің басталуына байланысты ұңғыманың түбіндегі суды шығарушы қысым төмен болғандықтан, ұңғымадан судың шығуы біраз қиындықтар туғызуда.
Су мәселесі бойынша тағы бір шешімін таппаған жағдайлардың бірі иесіз жатқан су кәріздерінің жағдайы, яғни кенттегі су қорлары мен кәріз құбырларының жоғарыда атаған мекемелердің ешбірінің балансында болмауы.
Жылыту жүйесі бойынша: Боралдай кентінде жылыту маусымы ойдағыдай аяқталып, келесі жылыту маусымына жылыту қазандықтары дайындалуда. Кентті жылумен қамтамасыз ететін жауапты мекеме ЖШС "Аят Энерго Сервис" мекемесі.
Аудан әкімінің тапсырмасымен, жылыту жүйесі бойынша жоспар құрылып, жоспарға сәйкес әр мекеме басшыларына, яғни мектеп, бала-бақша басшылары мен КСК жетекшілеріне жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша тапсырма берілді.
Құрылыс: 2015 жылдың жартыжылдығында жүргізіліп жатқан ең үлкен құрылыс ретінде жаңақұрылыс ықшам ауданындағы салынып жатқан 600-орындық мектепті атасақ болады. Бүгінде мектептің іргетасы құйылып қойылды. Бұл жобаның аяқталу мерзімі 2016 жылға жоспарлануда.
Ал, кенттегі жөндеу жұмыстары бойынша ең күрделі жөндеу жұмыстары №17 орта мектеп мекемесіне жүргізіліп жатыр. Бас жобалаушы "Нур-Шапағат"ЖШС.
Сондай-ақ, №17 мектеп спорт алаңына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Аталған жөндеу жұмысын байқау барысында таңдап алынған "Максдорстрой-21" ЖШС-і жүзеге асырады. Оған жұмсалатын қаражат соммасы 4 769 000 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, кенттегі көше жолдарының жөндеу жұмыстары бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, көшені асфальттау жұмыстары кенттің Северный, Чайковский, Заречный, Восточный, Бурундайская, Водник ықшам ауданында жалпы ұзындығы 4 800 метрді құрайтын асфальт жүргізілді.
Ал, күрделі жөндеу жұмыстары кенттің Алатау және Абылайхан көшелеріне бүгінгі күні жүргізіліп жатса, ағымдағы жөндеу жұмыстары кенттің Жұмаділ, Суворов, Луговая, Савхозная, Байжасарова, Гагарина мен Бостанов көшелеріне жүргізілмек.
Жоғары да аталған жөндеу жұмыстары "МАКС ДОРСТРОЙСЕРВИС-21" ЖШС мекемесімен жүзеге асырылуда.
Көшелерді жарықтандыру жұмыстары бойынша жұмыстарды ЖШС «TS-Almaty» мекемесі орындайды. Бүгінгі күні кенттің "Водник-2", "Водник-3" ықшам аудандары, Әзербаев, Шпак, Черемушка, Гагарина, Первомайская, Московский тұйығы, Бостанов, Космонавт көшелері көше жарығымен жарықтануда. Жалпы аталған көшелер бойынша жарық бағаналарының саны 360. Барлық жарық бағаналары сырланып, жөнге келтірілген.
2015 жылы кенттің Первомайская және Шпак көшелеріндегі жарық бағаналары қайта қалпына келтірілді, ал Бостанов, Алатау көшелеріне шілде айында жарық жүйелерін орнату жоспарланып отыр.


Құқық бұзушылық бойынша


Боралдай кенті бойынша құқық бұзушылық бойынша салынған айыппұл сомасы 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығына 49 550 тенгені құрады. Тәртіп сақшыларының тіркеуінде тұрған адамдар саны 228. Мерзімнен бұрын босатылған адамдар саны 12. Бұрын сотталған адамдар 72. Нашақорлар саны 40. Ішімдікке құмар адамдар 43. Тәртіп сақшыларының тіркеуінде тұрған тәртібі нашар жасөспірімдер саны 8.
2015 жылдың 1 жарты жылдығына Боралдай кенті аумағында 355 қылмыс тәркіленіп, оның ішінде 150 қылмыс ашылмай отыр. Қылмыстардың ашылу пайызы 57,7 % пайыз құрады. 20 қылмыскерге іздеу салынып, оның 8-і ұсталып, қамалды.
Боралдай кентінде 2015 жылы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбие беру мақсатында 2015 жылдың жарты жылдығына келесі іс-шаралар атқарылды: Аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобы Боралдай кенті полиция бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен жасөспірімдер арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу барысында кент аумағындағы мектептерде кездесулер өткізді. «Нашақорлыққа жол жоқ», «Алкоголь адамның денсаулығына зиян», «Сен және сенің құқығың?» атты тақырыптарға мәлімет оқылып, тәрбие жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар мектептерде 2014-2015 жылға бекітілген тәрбие жұмыстары жоспар бойынша атқарылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде кент мектеп оқушылары арасында қылмыстық істер тіркелген жоқ. Сонымен қатар «Жасөспірім», «Жасөспірім және зиянды заттар», «Балалар түнгі қалада» тақырыптары аясында айына екі рет әкімшілік қызметкері, тәртіп сақшылары, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен түнгі уақытта бірлескен рейд жүргізіледі. Мектептер бойынша:
№ 17 орта мектептен Іле ауданы КТЖІБ бөлімінде 4 оқушы есепте тұр. Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар 3. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 175.
№ 15 орта мектептен Іле ауданы КТЖІБ бөлімінде 4 оқушы есепте тұр. Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар 6. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 34.
№ 39 мектеп гимназиядан Іле ауданы КТЖІБ бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ. Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар жоқ. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 140.
№ 23 орта мектептен Іле ауданы КТЖІБ бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ. Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар жоқ. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Тәрбиелеу колонияларынан келген оқушылар жоқ. Аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 23.
Боралдай кенті бойынша 2015 жылдың көктем-жаз айларында 1988-1996 жылдары аралығында туылған әскерге шақырушылар саны 973. Шақыру мерзімі аяқталмаған себебімен Боралдай кентінен әскерге кеткен азаматтар саны бойынша Іле ауданы Қорғаныс істері бөлімінен нақты ақпарат жоқ.


Халықты әлеуметтік қорғау.


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы белгіленген іс-шараларды орындау мақсатында, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар қабылдануда. Сондай бағдарламалардың бірі "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бүгінде кентке үлкен септігін тигізуде. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылатыны белгілі, кентте бірінші бағыт бойынша: яғни, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге 1 инфрақұрылымдық жоба қарастырылып, 8 азамат жұмыспен қамтылуы жоспарлануда, екінші бағыт бойынша, яғни кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту жөнінде 1 азамат кәсіпкерлік негізге тегін оқытылуға және 5 азаматқа микрокредит беру жоспарланып отыр. Ал бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, яғни жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге сәйкес кентте 13 азаматты жастар тәжірбиесінен өткізу жоспарланып отыр, ал бүгінгі күні 5 азамат аталған тәжірбиеден өтіп, оның ішінде 2 азамат жұмыспен қамтылды.
Бүгінде кент бойынша жұмыссыздар 3,9% құрайды.
Кенттегі мүгедек азаматтарға келер болсақ, 113 мүгедек бар, оның 71 1-2 топтағы мүгедектер, 3 топтағы мүгедектер саны - 42. 1-топтағы мүгедектерге медициналық көмек тегін көрсетіліп отырады.
Жағдайы төмен, көп балалы отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетуге Боралдай кентінің кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда. Мәселен, ЖШС «Айсұлтан», ЖШС «Русстрой сервис», ЖК «Каражанов», ЖШС «Кока-кола Алматы Боттлерс» сынды кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларға ақшалай және материалдық көмектер көрсетілді.
Кентте 8 Ұлы Отан соғыс ардагері және 186 тыл ардагерлері бар. Қамқорсыз қалған ардагерлерге тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіліп отырады.

 

Салық бойынша:


Боралдай кенті мүлік және жер салықтары бойынша нақты түсімі:
1. Мүлік салығы бойынша - Нақты түсім – 1 414 973 теңге
2. Жер салығы бойынша - Нақты түсім - 1 325 615теңге
Бүгінгі таңда берешек қарыздар:
Мүлік салығы бойынша - 332 985 теңге
Жер салығы бойынша - 111 040 теңгені құрайды.
Кентте салық саясаты бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылады:
- Салықтың мерзімінде және толық төленуі қамтамасыз етілді;
- Салық төлеушілерге салық төлеу заңдылықтарының ережелері мен салық заңнамаларына өзгерістер енгізілген жағдайда түсіндірілу жұмыстары жүргізіледі;
- Мерзімінде төленбей қалған мүлік және жер салығын алдын алу жұмыстары жүргізілді;
- Салық төлеуден бас тартқан жеке адамдарға ескертпе қағаздары таратылды;
- Салықтың мерзімінде және толық бюджетке аударылғаны қадағаланды;
- Бюджетке төленген салық квитанциялары мен бланкілердің сақталуы, дұрыс толтырылуы туралы есепті аудандық салық басқармасына уакытында жеткізілді;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралады;
- Жоғары органдардан түскен тапсырмалар орындалды;
Мемлекеттік кірістер басқармасы мен кент аумағына бөлінген салық жоспары салыстырылып, кентте тұратын салық төлеушілерді мерзімінде және толық есепке алу жұмыстары жүргізіліп тұрады.


Бюджет бойынша:


2015 жылдың 6 айына - 20 698 000 теңге көлемінде ақша қаражаты бөлінді. Бөлінген ақша қаражатының 20 697 337 теңгесі игерілді. Жұмсалған ақша қаражаттары төмендегі қызметтер бойынша жұмсалды:
• Мемлекеттік қызметкерлер мен техникалық қызметкерлердің жалақысына 6 792 000 теңге;
• Кент әкімдігінің коммуналдық қызметке төлегені - 832 000 теңге;
• Мекемеге кеңсе заттары мен жанар май, бензинге - 904 935 теңге;
• №39 гимназияда оқитын оқушыларды тасуға - 1 080 000 теңге.
• көшені жарықтандыруға 2 195 000 теңге ақша қаражаты жұмсалса, көрсетілген қызметке 560 000 теңге жұмсалды.
• кент көшелерін санитарлық тазалауға - 624 000 теңге ақша қаражаты жұмсалды.
Сонымен қатар, өңірді дамыту бойынша 5 020 000 теңге ақша қаражаты қарастырылса, №17 мектептің спорт алаңына жөндеу жұмысына бүгінде "Максдорстрой-21" ЖШС-мен 4 769 000 теңгеге келісім шарт жасалынды.
Кент әкімдігімен әр ай сайын толықтырулармен, өзгертулермен қаржыландыру жоспары жасалынып, бюджеттің орындалуы бойынша Іле аудандық қаржы бөліміне есеп беріліп отырады. Күнделікті бухгалтерлік есеп-қисаптар жасалып, барлық қаражат көздеріне бақылау жасалынып отырады.
2015 жылдың жарты жылдығына жасалған негізгі қорытындысы осындай. Бұл Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндет¬терінен туындайтын, кентті әлеу¬меттік-экономикалық дамыту жө¬нін¬дегі атқарушы билік органдары жүргізіп отырған ауқымды жұмыс¬тардың бұл бір бөлігі ғана.
Боралдай кентінің 2015 жылдың жарты жылдығына әлеуметтiк — экономикалық дамуының қорытындылары экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында тындырылған істерге талдау жасалса, енді 2015 жылдың ІІ-жарты жылдығында алда тұрған міндеттерді сараласақ.


2015 жылдың ІІ-жарты жылдығына алда қойған міндеттер


-"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде №17 мектепте күрделі құрылыс жұмыстарының аяқталуы ;
-Көшелерді жарықтандыру бойынша электр желілерін жөндеу немесе орнату үшін 617 000 млн. теңге,
-санитарлық қамтамасыз етуге 1 млн. 456 мың теңге;
- балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келу үшін 944 000 теңге көлемінде ақша қаражаты қарастырылды.
- №17 мектептің спорт алаңына қайта жөндеу жұмыстары;
Сонымен бірге, кенттің "Водник 4" ықшам ауданында және №2177 Әскери бөлімінде жаңа мектептер салынбақ, бүгінде аталған көшелерде салынатын мектептердің жобалары қаралуда.
Боралдай кенттің Алатау және Абылай хан көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кенттің Жұмаділов, Суворов, Луговая, Савхозная, Байжасарова, Гагарина, Бостанов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі күтілуде;
2015 жыл мемлекеттік деңгейде аталып өтетін үлкен мерейтойларға толы жыл. Атап айтсақ, " Қазақ хандығының құрылғанына -550 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына" арналған ауданнан бекітілген жоспарға сәйкес, Боралдай кентінде де аталған мерейтойларға көптеген іс-шаралар өткізілмек.