БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі > Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылы атқарған жұмысы

 
 
 
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылы I-жарты жылдығында атқарған жұмысы, 2015 жылдың II –жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары және әлеуметтік экономикалық дамуы жайлы
М Ә Л І М Е Т
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы ел дамуының жаңарған стратегиялық жоспары, атқарылатын жұмыстардың жөн-жобасы айқындалған тарихи құжат. Дамуды бетке алған мемлекетіміз үшін басты бағдар - әлемдік аренада жоғары орны бар елдермен иық тірестіріп, олармен бәсекелестік орната алатындай деңгейге жету. Елбасы бірінші кезекте осы бағытты негізге алып отыр.
Біздің мақсатымыз - Елбасы Жолдауын елге насихаттап, әрбір еңбек ұжымына, қарапайым халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру. Осылай болғанда ғана мәреге жетудің, Жолдауды мүлтіксіз орындаудың айқын жолы ашылады.
Ащыбұлақ ауылдық округі 4 ауылдан, олар М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле-би және 39 саяжайдан тұрады.
Округ тұрғындарының саны статистикалық есеп бойынша 2015 жылдың 1-шілдесіне 24316 адам, Округ 9,59 шаршы километр ауданда орналасқан.

Өнеркәсіп

Мемлекет басшысы болашақ ұрпақ игілігі үшін ұзақ мерзімге жалғасатын нәтижелерге бағытталған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының айрықша маңыздылығын атап өтті. Н.Назарбаев «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі» «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылыс, жер қойнауын пайдалану, энергетика және тасымалдау салаларындағы реттеу ісі озық халықаралық тәжірибелерге сәйкестендірілетінін атап өтті. Осы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберіндегі 5 инфроқұрылымдық нысан таныстырылымы жасалып, онлайн режимінде өткен телекөпір барысында Республика бойынша 10 жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде М.Түймебаев ауылында бой көтерген қазіргі заманғы озық технологиямен жабдықталып, әлемдік стандарттарға сай жылына 300 тонна алюмений өнімдерін шығаратын «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС бар.
Соңғы жылдары округ аумағында өнеркәсіп бағыты дамып келеді. Мысалы: «Первый Пивзавод» ЖШС–нің сыра шығаратын зауыты 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 961 мың 500 дал. өнімін шығарды. «Ботабеков» ЖШС кірпіш зауыты 1,5 млн. кірпіш, жалпы құны 28 млн.500 теңгені құрайтын өнім шығарды. «Росс Прокат» ЖШС-нің құбыр шығаратын зауыты 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 450 мың тонна, жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын құбыр шығарды, «Дормаш ЧТЗ» ЖШС 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 9 дана «Б-10» маркалы булдозерін жинақтады және ЧТЗ зауыты шығаратын ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етеді. 2015 жылдың I жарты жылдығында «Дизайн Пласт» ЖШС полиэтилен пакеттерін шығаратын зауытты іске қосылды. «Акшол» ЖШС-гі 2015 жылдың I жарты жылдығында 157 мың тонна шарап өндіріп, жалпы құны 33 млн 912 мың теңгені құрады. «Қағазбаева» ЖК 2015 жылдың I жарты жылдығында жалпы құны 1 млн 320 мың теңгені құрайтын нан өнімдерін шығарды. «Молдаханова» 2015 жылдың I жарты жылдығында жалпы құны 600 мың теңгені құрайтын тандыр нан өнімдерін шығарды, алдағы уақытта нан өнімдерін шығаруды екі –үш есеге көбейтуді мақсат етіп отыр, бірақ округ тұрғындарын толық нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бізге әлі де наубайханалар ашу қажет.
Жеке кәсіпкер Д. Абдраймовтың «Мерей» кондитер цехы 2015 жылдың I жарты жылдығында 82 тонна, құндық өлшемі 2 млн. 548 мың тенгелік кондитер өнімдерін шығарды. Бүгінгі таңда «Мерей» кондитер цехы өнімінің сапасы мен түрлерін көбейту мақсатында жаңа цех ғимараты салынып, жаңа линиялар жұмысқа қосылуда.
Округ аумағында «Плодоимпорт» қойма құрылысы жүргізіліп, 45 млн. теңге көлемінде инвестиция салынды. «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС –гі дәрі-дәрмек шығаратын зауыт құрылысы жұмыстарына 3 млрд. 720 млн. теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, «Шмидт» ЖК терезе- есік шығаратын зауыттың құрылысына 362 млн. теңге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, «Азия Темир ЛТД» ЖШС тазалық сүлгілерін шығаратын зауыттың құрылысына 500 млн. теңге Жалпы, округ бойынша 5 млрд 581 млн 305 мың теңге инвестиция тартылды.
Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен 172 жеке тұлға айналысады, оның ішінде 89- дүкен, «Нұр Әлі», «Шолпан» әмбебап сауда орындары, «Green Mart» азық-түлік сауда орыны 2- қонақ үй, 10- кафе, 12 - шаштараз, 10- дәріхана, 4- жеке тіс емдеу орны, 5- жанармай құю бекеті, 1- шағын базар, 4 - киім тігетін ателье, 2- нотариалдық қызмет көрсету орны, 5 –ТЖО (СТО) жұмыс істейді, 7-көлік жуу орталығы, 8 - дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс атқаруда.
Округ тұрғындарына сағатына 20 адам қабылдайтын монша және 2- қабатынан 180 орындық тойхана жұмыс істейді.
Шағын кәсіпкерлік саласында округ бойынша 1150 адам жұмыс істейді.
Округ аумағында орналасқан дүкендер 1000 адамға шаққанда бекітілген мөлшер бойынша 95 пайызға, қоғамдық тамақтандыру орны бектілген мөлшер бойынша 100 пайызға қамтылған, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары бектілген мөлшер бойынша 47 пайызға, монша бектілген мөлшер бойынша 30 пайызға қамтылған.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ-киім жөндеу, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, монша, банк және халыққа тұрмыстық қызметтерін көрсететін шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында - округте 82 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың қарамағына 7139 гектар жер бекітіліп берілген, 1500 адам тұрақты жұмыс жасайды.
Н.Н. Бандюков басқаратын «Самал» ЖШС көкөністі тамшылап суғару әдісімен өсіретін, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын жылыжай, «Әле Монтай» шаруа қожалығы 1 га жер аумағына 6 000 шаршы метр жылыжай, «Асыл» шаруа қожалығының 350 шаршы метр жылыжайы, барлығы округ аумағында 11 350 шаршы метр жылыжай жұмыс істеп тұр.
2015 жылдың I жарты жылдығында жылыжайлардан 150 тонна қияр, 64-тонна қызанақ, 20 тонна әр түрлі көкөністер өндірілді. Қазіргі таңда бұл жылыжайлар ауыл тұрғындарын арзан бағада, көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.
Д. Дәдібаевтың 400 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеуде және жеке кәсіпкер Әле Монтай 350 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасының құрылысын жүргізуде.
Округ аумағында жылыжайлардың ауданын көбейту жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз, себебі бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған жылыжайлар қысқы мерзімде тұрғындардың көкөніске деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
Шаруа -қожалықтары 1986 гектар жерге дәнді дақылдар егіп,оның ішінде 558 га.күздік бидай, 495 га жаздық арпа, 62 га. дәндік жүгері егілген және 94 га жерге көкөніс, 120 га жерге картоп, 657 га. мал азығын дайындайтын көп жылдық шөп егілді.
Округте соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетті, сол себептен суармалы жерлерді көбейту үшін, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, интенсивті технологиямен мен тамшылатып суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасалуда.
Округте есеп бойынша 2015 жылдың 1 шілдесінде 5847 бас ірі қара, 9730 бас қой ешкі, 500 бас жылқы, 119 бас түйе, 810 бас шошқа, 16345 бас құс тіркелген.
«Ірі қара малды бордақылау алаңдарын салу» негізінде жоспар бойынша 200 басқа арналған мал бордақылау алыңын салу керек болса, округте «Азамат» шаруа қожалығы 300 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын салып, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Ә. Бөкенбаев 21 бас ірі қара, Б. Құсайынұлы 28 бас ірі қара, Ф. Аллахвердиев 18 бас ірі қара, Б.Құрманбаев 50 бас ірі қара бордақылап отыр. Ал, ауылдық жерде мал басының азайып келе жатқаны байқалады, оған ауыл айналасындағы жайылым жердің аз болуы мен жем-шөптің жылдан жылға қымбаттап бара жатуы себеп болып отыр.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша қойларды сатып алу, «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамыту және жайылымдарды суландыру, «Ырыс» бағдарламасы (Сүтті тауарлы фермалар салу) бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, 2015 жылға жұмыс жоспары жасалып бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылға 7 адам шағын несие алуға сұраныс білдіріп, құжаттары рәсімделіп, қаражаттың бөлінуін күтіп отыр.
Салиханова Нелли Утеповна басқарған «Анжела» шаруақожалығы 98 бас ірі қара бағып, оның ішінде 81 басы сауын сиырлар, заманагөй технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сүт өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асхансын(молочная кухня) сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы шаруашылық аз жайлымды жерде, ғылыми тәсілдерді қолданып (культурное пастбище) көп мал басын бағу әдісін округ шаруа қожалықтарына таратуды мақсат етіп отырмыз.
Округ аумағында бір мал дәрігерлік пунктінде онда 4- ветеренария дәрігері жұмыс атқарып жатыр. Жәпек батыр ауылында 1-малдарды қолдан ұрықтандыру пункті, Көкқайнар -3 ауылында 1- мал сою алаңы жұмыс істейді.
Мал шаруашылығында малдан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және оны болдырмау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, үнемі бақылауға алынған.
2015 жылдың I жартыжылдығында жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары мен тексеру жұмыстары 100 пайызға орындалды.
2015 жылдың I жарты жылдығында аудан әкімдігімен бірлесе ит аулау бригадасы 12 рет келіп, 207 қаңғыбас иттер ұсталды. Бұл жұмыс әлі жалғасын табады.
Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 8 бас ірі қара бруцуллезбен ауру екендігі анықталып, шұжық жасау цехтарына тапсырылды. Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 9 бас ұсақ мүйізді малдар өлтіріліп,өртелді.
2015 жылдың I жартыжылдығында округ тұрғындарының малдарын жазғы жайлымға шығару үшін 10- табын жасақталып, бақташымен қамтамасыз етілді. 1- сәуірден бастап 1-қарашаға дейін табындар жайлымға шығарылды.
Округ бойынша қыс мезгілінде малдардың санына байланысты шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының малдарына қажетті мөлшерде жем-шөптерін дайындау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

Салық

Тұрғындардан және заңды тұлғалардан салық жинау, 2015 жылдың I жартыжылдығында округ бойынша салықтың 3 түрінен 3 млн. 102 мың 144 теңге жиналды.
Оның ішінде:
- Жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы 1 млн. 198 мың 474 теңге
- Жеке тұлғалардан түскен жер салығы 1 млн. 632 мың 003 теңге
- Саяжайлардан түскен жер салығы 271 мың 667 теңге

Салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспарлар 100 пайызға орындалды.
Бүгінгі күнге жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма –қол бақылау шотына түскен қаражат 2 млн 651 мың 456 теңгені құрайды.

Инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы

Округ тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында округ ауылдарында төмендегі жұмыстар орындалды: Ащыбұлақ ауылдық округін электр энергиясымен қамтамасыз ететін ПС-91 де 10 000 кв (силовой) трансформатор, 16000 кв-ға ауыстырылды.
М.Түймебаев ауылы Алматинская көшесінің 10 электр бағанасы мен электр желілері ауыстырылды. Жәпек батыр ауылы Алтаев көшесінің 10 электр бағанасы мен электр желілері ауыстырылды. Көкқайнар ауылының Бәйтерек, Новобережная көшелерінің 40 электр бағанасы мен электр желілері ескі ағаш электр бағаналарын темір бетон бағаналарға, ескірген және қуаттылығы төмен трансформаторларды жаңа қуаттылығы жоғары транформаторлармен ауыстыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, №283 ТП қуаттылығы 250 ТП қуаттылығы 400 КВА ТП –ға ауыстылдыды.
М.Түймебаев ауылының Мұқанов және Жандосов көшелеріне 220 темір бетон бағаналар қойылып, электр желілері тартылуда.
Жәпек батыр ауылының Уалиханов, Сүйінбай, Әуезов, Сәтбаев көшелеріне 125 темір бетон бағаналар қойылып, электр желілері тартылуда.
2015 жылдың I жартыжылдығында М.Түймебаев ауылының Сұлтан Бейбарыс көшесі, ұзындығы 738 метр, Первомайская көшесі, ұзындығы 900 метр, С.Мұқанов көшесінің жалғасы, ұзындығы 510 метр, Көкқайнар ауылының Абай көшесі, ұзындығы 1260 метр, Алатау көшесі, ұзындығы 613 метр, Ынтымақ көшесі, ұзындығы 521 метр, Төле би ауылының Ақтамберді жырау көшесі, ұзындығы 920 метр көшелеріне қиыршық тас төселді.
2015 жылдың II жарты жылдығында жолдарды жөндеу жұмыстары бойынша Әль Фараби көшесі, ұзындығы 700 метр, Сәтпаев көшесі, ұзындығы 650 метр жолдарға қиыршық тас төселетін болса, Молдагулова көшесі , ұзындығы 825 метр жолға асфальт төсеу жоспарлануда. Тағы да көптеген көшелердің жасалынуына қосымша қаражат бөлінуін күтіп отырмыз.
Жәпек батыр ауылындағы Қожанов көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласы аббаттандырылды.
М.Түймебаев ауылы Заречная көшесінің бойында ұзындығы 800 метр жаяу жүргіншілер жолы жолы жасалынды. 2015 жылдың II жарты жылдығында Төле би ауылының Абдулла Қарсақбаев көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарлануда.
2015 жылдың I жарты жылдығында Көкқайнар ауылының Алмабақ ықшам ауданы көшелерінің бойынан балалар ойын алаңы және спорт алаңы салынды.
Округ елді мекендеріндегі көшелердің жарықтандыру жүйелері бойынша ауылдарының орталық көшелеріндегі жарықтандыру бағаналарының лампалары ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Округ бойынша ауылды газдандыру бойынша жұмыстар 50 пайызға орындалды.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі айналысады.
Округте 15 су құдығы жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 су құдығы жалдамалы, олар «Әділет диірмен», «Кондитер цехы».
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында М.Түймебаев ауылында 2224 үй, 3349 абонент, екі мектеп, 1 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бар. Барлығы сумен қамтамтамасыз етілген. 1019 үйде су счетчигі орналастырылған. М.Түймебаев ауылында 6 су құбыры жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына және материалдар алу үшін 517 мың теңге жұмсалды.
Жәпек батыр ауылындағы ескі су құбырларын ауыстыруға жобалау сметалық құжаттамалар дайындалып, 2015 жылы бюджеттен қаражат бөлінген уақытта жоспарланған іс жүзеге асырылады.
Барлық жолдар қоқыстан күнделікті тазартылады.
Елді мекендерді қоқыстан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай» ЖК мекемесі М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдарының, «Беласар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдарының көшелерінен әр апта сайын күл-қоқыстарды шығарып отырады. «Абылай» ЖК мекемесі 2800 жанұямен келісім шартқа отырған, ол жалпы М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдары бойынша 85 пайыз ауланы құрайды, «Беласар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдары бойынша 1010 жанұямен келісім шартқа отырған, ол жалпы Жәпек батыр, Төле би ауылдары бойынша 80 пайыз ауланы құрайды
Байланыс және жол қатынасы жөнінде айтар болсақ, округтегі үш ауылда төрт пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Ауыл тұрғындарынан үйлеріне пошта жәшіктерін орнатуларын және үйлеріне көшесінің атауы мен үйінің нөмері жазылған аншлаг орнатуды сұраймыз.
Төле би ауылында пошта бөлімшесін ашу үшін жеке кәсіпкер Какишев Бахтияр өзінің Төле би ауылында орналасқан жеке ғимаратынан 2 бөлме бөліп берді. Енді осы бөлінген бөлмелерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пошта бөлімшесін және сақшы сарбазы, қоғамдық кеңес мүшелері отыратын орын ашуымыз керек.
Округ елді мекендерінің Алматы қаласымен автокөлік қатынасын «Жедел» автобус паркінің 4-маршруты, Междуреченск, Чапай ауылдарынан жүретін 2-маршрут қызмет көрсетсе, Алматы қаласының № 206 маршруты Жәпек батыр ауылынан, «Алтын орда» базарына дейін қызмет көрсетеді. Аталған маршруттар Алматы қаласына қарай төрт бағытта қызмет көрсетеді. «Жедел» ЖШС 2015 жылы 12 автобус Ресейден алып келіп,
Төле би ауылының тұрғындарына қоғамдық тасымалдау қызметін көрсету бойынша қиындықтар туындап тұр, осы мәселе бойынша «Жедел» ЖШС- нің басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған телефон жүйесі байланыс қызметін көрсетеді. М. Түймебаев ауылында 1207 номерлі, бүгінгі таңда 1184
абонент телефон жүесіне қосылған, Жәпек батыр ауылында 651 оның 641 іске қосылған, Көкқайнар ауылында 202 нөмірлі, оның іске қосылғаны 160, Төле би ауылында 27 нөмір сымсыз телефонға қосылған.

Халықты әлеуметтік қорғау

Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда.
2015 жылы 17 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді. 2015 жылдың 1-ші жартажылдығына 170 - жаңа жұмыс орны ашылды.
Әлеуметтік жұмыс орнына 75 адам жұмыс 10-адам кәсіби мамандық алуға, СРМ -4, 2-жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжрибесінен өтті.
4 жанұя 24 адам 88 мың 732 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 116 жанұя 434 бала 4 млн 484 мың 411 теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алса, 16 жанұяға тұрғын үй көмегі бойынша 432 мың 671 теңге қаржысы тағайындалды.
Округте орналасқан дәріханаларға 21 зейнеткер мен жалғыз басты қариялар бекітіліп, 10 пайызға арзандатылған бағамен дәрі –дәрмек алады. «Жаңа жыл», «Құрбан айт», 22- наурыз, 9-мамыр «Жеңіс күні» мерекесінде бұлардан басқа жыл бойына тұрмыс-жағдайлары төмен 550-ге тарта отбасына азық-түлік қоржыны таратылды. Округ аймағында тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, өкпе құрты ауруымен сырқаттанатын азаматтарға, көп балалы тұрмыс-жағдайлары төмен отбасыларына барлығы 56 жанұяға қыстық отынмен көмек көрсетілді. Бұл жұмыс әлі жалғасын табуда.

Білім беру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел дамуының бір бағыты - Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, яғни, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» деп атап өткен болатын. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын орындау мақсатында округ аумағында 2015-2020 жылдар аралығында 1200 орындық бір орта мектеп, 600 орындық үш орта мектеп, 300 орындық 2 орта мектеп, 280 орындық 2 балабақша, 240 орындық бір балабақша құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Бүгінгі таңда білім беру саласы бойынша – округ аумағында бес мектеп орналасқан, олардың 4-орта, 1-толық емес орта мектеп, бұл мектептерде барлығы 468 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп алды дайындық топтарында 671 бала, 1-11 сынып аралығында 6036 оқушы білім алуда.
Округ бойынша 205 түлектердің ішінде 8 «Алтын белгіге» бітірді. Округте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жағдайы төмен 31 оқушы бар. Олар 2014-2015 оқу жылының басында оқу құралдары және мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген.
2015 жылы округ мектептеріне оқушыларды тасымалдауға бюджеттен барлығы 6 млн. 97 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда округ мектептеріне 1008 оқушы тасымалдануда.
Оқушыларды тасымалдау жұмысымен «Жедел» ЖШС-гі мекемесі айналысады.
«Жалпыға білім беру» заңы негізінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 466 теңге бөлінді. Ыстық тамақпен № 4, № 19, № 20, № 29 орта мектеп оқушылары қамтамасыз етілген. Округте №4, № 19, №20, № 29, орта мектептер газбен жылытылады. 2014-2015 оқу жылында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 800 000 теңге бөлінген.
2014 жылы М. Түймебаев ауылы, № 19 орта мектебіне 320 орындық қосымша ғимараттың құрылыс жобалау сметалық құжаттары, экспертизаға өткізілді, Ереванская көшесінің бойынан 600 орындық жаңа мектеп ғимаратына жер телімі бөлініп жобалау сметалық жұмыстары жүріп жатыр, Жапек батыр ауылы Алтаев көшесінің бойынан салынатын 600 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылыс жобалау сметалық құжаттары дайындалып, жұмыстарына қаражат бөлінеді деп күтілуде. Көкқайнар ауылынан салынатын 600 орындық мектеп ғимараттарының құрылыс жобалау сметалық құжаттары жұмыстары дайын, Төле би ауылында 300 орындық мектеп ғимаратына жер телімі бөлініп, құрылыс жобалау сметалық құжаттарына қаражат бөлінуі күтілуде.
М.Түймебаев ауылында 140 орындық мемлекеттік қазыналық мекемесі
«Күншуақ» бала-бақшасы, 25 орындық жеке меншік «Ақ бота» балабақшасы, Жәпек батыр ауылында 25 орындық жеке меншік «Балдырған» балабақшасы жұмыс істейді. 2014 жылдың ІІ-жартысында Көкқайнар ауылында орналасқан Батыр саяжайында 62 орындық жеке меншік «Арлан» балабақшасы, Көкқайнар ауылында 50 орындық жеке меншік «Аймекен» балабақшалары іске қосылды.

Денсаулық сақтау

Бүгінде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулық сақтау мәселелері бойынша нақты айқындалған мақсат-міндеттер орындалып, өз жемісін беруде. Бағдарламаны іске асыру аясында округміздің Жәпек батыр ауылында күніне 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, 2014 жылдың желтоқсан айында халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа дәрігерлік амбулатория бұрын округте болмаған ЭКГ -стационар аппараты, кольпосскоп- толық жабдықталған тіс дәрігерінің кабинеті, дефибриллятор- жүректің жұмысын қалпына келтіру аппараты, физио-кабинет (магнитотерапия, ультразвук, дорсанваль, профино-ванны, инфрақызыл сәуле шығаратын аппарат, лазеротерапия, ингалятор) медициналық аппараттармен жабдықталған.
Негізгі мақсат – тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ, халық арасында жалпы психологиялық мәдениет пен білімді қалыптастыруға ықпал ету.
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарында дәрігерлік амбулатория,Төле-би, Көкқайнар -2 ауылдарында фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
М.Түймебаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-жедел жәрдем машинасы және Көкқайнар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-рентген машинасы тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.
2014 жылы 1148 бала туылса, былтырғы жылмен салыстырғанда 241 бала артық туылған, «Д» есепте тұрғандар саны 2825, 2013 жылмен салыстырғанда 136 адамға артқан. 2014 жылы тегін дәрі –дәрмекпен қамтуға бюджеттен 37 млн 594 мың 350 теңге бөлінген, 5 жасқа дейінгі
жасөспірімдер, «Д» есепте тұрған аурулар ала алады. 2013 жылмен салыстырғанда 1 млн 660 мың теңге артық бөлінді. Барлық елді мекендердегі тұмауға қарсы вакцина егілді.
2015 жылы М.Түймебаев ауылынан күніне 150 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимараты құрылысының жобалау сметалық құжаттарды дайындалуда.

Мәдениет

Ауыл тұрғындары арасында мәдени іс-шаралар әр мереке сайн ұйымдастырылады. Округте «Береке» халық аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, Төле би ауылы әжелерінен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі, балалар мен жасөспірімдердің би тобы, курд және славян халықтарының балалар би тобы атаулы мерекелермен байқауларда өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
Округте болып жатқан мерекелік іс-шаралар №20 орта мектептің акт залында өтеді, соған орай округке мәдениет үйінің қажеттілігі туындап отыр.
М.Түймебаев ауылында округ әкімшілігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан кітапхана жұмыс істейді. Кітапхананың кітап қоры 6033 дананы құрайды.

Спорт саласы бойынша

Округте екі футбол алаңы және әр мектептің жанында ойын алаңдары мен спорт залдары бар. Округтің 5 футбол командасы аудан чемпионатында ойын көрсетіп жүр, оның ішінде «Әнуар», «Сұлтанәлі» және «Интер» командалары жоғарғы лигада, «Жеңіс», «Абылай» командалары бірінші лигада өнер көрсетіп жүр. № 4 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 19 мектепте шахмат, тоғыз құмалақ, № 29 мектепте бокс, №20 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, №37 толық емес орта мектепте күрес секциялары жұмыс жасайды.
Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау үшін және жасөспірімдер арасында спорттың әр түрлі саласында жастардың қабілеттілігін ашу үшін спорт кешені ғимаратын салу қажет.
М. Түймебаев ауылы орталық саябақтың ішінен жеке кәсіпкер Сүлейманқұлов Санат округ жастары үшін спорт кешені ғимараты құрылысын 2013 жылы бастап, құрылыс жұмыстарын 2015 жылдың ІҮ- тоқсанында аяқтап, іске қосады деп күтілуде.

Құқық қорғау

Қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысымен округ аумағында 4 учаскелік полиция инспекторы, бір кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторларының есебі бойынша округ аумағында 2015 жылдың І-жартыжылдығында 217 қылмыс тіркеліп, оның 135 ашылды, пайыздық көрсеткіш 28,1. 2014 жылы тіркелген қылмыстың ашылу барлығы 501 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 118 қылмыстық іс ашылып, пайыздық көрсеткіші 29,9 болған,яғни өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың ашылуы 1,8 пайызға жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр.
2015 жылы Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімде - 12 жасөспірім есепте тұрса, 2014 жылы 8 жасөспірім тұрған. Өткен жылмен салыстырғанда 4 жасөспірімге өсті. Жасөспірімдерді тәрбиелеу мақсатында профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіліп тұрады.
Округімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға ардагерлер кеңесі, отбасы және гендерлік саясат бойынша комиссия, қоғамдық кеңес, көше комитеттері мүшелері, мектептерде ата-аналар кеңесі, жастар кеңесі, курд диаспорасы өз көмегін көрсетуде.
Учаскелік полиция инспекторларына округ әкімшілігі ғимаратынан 2 бөлме бөлінген, «Нексия», «УАЗ 469» автокөліктерімен қамтамасыз етілген, байланыс телефоны орнатылған және 1-адам полиция инспекторларына тұрақты көмекші ретінде халық арасынан бөлінген. Полиция қызметкерлеріне көмек ретінде қоғамдық кеңес пен көше комитеттері мүшелерінен құрылған ерікті халық жасақшылары (ДНД) әр аптаның сенбі, жексенбі күндері және сақшы сарбаздары бекітілген кесте негізінде кезекшілікке шығады.