БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі > ХАТТАМА-3

 
 
 
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің Төле би ауылы тұрғындарының алдында 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиналысының
ХАТТАМАСЫ
09.07.2015
Төле би ауылы № 37 ТОМ

Жиналыс төрағасы: Қ.Т.Бұғабаев – Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары
Хатшы: А.К.Туралина – округ әкімі аппаратының бас маманы
Қатысушылар : Есембаев Аман Капасович – Іле ауданы құрылысы бөлімінің басшысы
Округ мекемелерінің, шаруа қожалықтарының басшылары, орта және шағын бизнес өкілдері, ардагерлер, әйелдер, жастар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары
Барлығы - 52 адам

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың
І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі.

Тыңдалды : округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі. (есебі қосымша)
Сөз сөйлеушілер:
Алтынбеков О.С. – зейнеткер, ауыл тұрғыны
Округ әкімінің берген есебі өте мағыналы, көп жұмыстар атқарылған, оның барлығы бірліктің, ынтымақтың арқасында болып жатыр. Ауылымызда құрылған сақшы сарбаздарының жұмысы дұрыс ұйымдасқандығы себепті ұрлық жойылды, көшелерімізде жарық бар, биыл өздеріңіз көрдіңіздер ауылдың беделді азаматтарының күшімен салынып жатқан мешітіміздің ғимаратын ораза кезінде аштық, ауыл тұрғындардың күшімен ішін тазалап, кілем төсеп, аудан имамын шақырып , уақытша ораза кезінде ашуға рұқсат алдық.Енді намазға барып, елдер бітірін беріп жатыр, олда бір жақсылық деп ойлаймын. Ауыл тұрғындарына айтатыным ерінбей жұмыс істеуіміз керек,Президентіміз айтқандай ауылды жерде тұрғасын мал, құс ұстауымыз керек, сонда ғана дастарханымыз мол болады дей келе, округ әкімінің 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстарына канағаттарлық баға берді.

Б.Сабалаков – жұмысшы, ауыл тұрғыны
Әкім есебін тыңдадым, өте жақсы, барлық салада жұмыстар жүріп жатыр, елді басқару оңай емес, біз өз жағымыздан көмек көрсетуіміз керек, ауылымыз жылдан жылға жақсарып бара жатыр, жолдар жөнделді, жаңа мектеп ғимараты салынатынын естіп қуанып отырмыз, газ да келді дей келе ауыл тұрғындарын ауылда таза ауа болу үшін және аулды көрекейту үшін ағаштар отырғызуға шақырды.
Әкімнің 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстарына қанағатарылық баға берді.

Б.Сарыбекова – жеке кәсіпкер, ауыл тұрғыны
Әкімнің есебін тыңдадым, осы ауылдың тұрғыны болғаныма өте қуанамын, жағдайымыз жақсы, барлық үйде жоқ дегенде бір жеңіл көлік бар, мал, құс ұстаймыз, өзіміздің аудан көлемінде танымалы «Ақ әжелер» ансамбіліміз бар, оның жұмысын әрі қарай дамытуға жоспар құрып отырмыз. Барлығымыз бірігіп жұмыс жасап округ әкімін қолдауымыз керек дей келе округ әкімінің 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстарына қанағатарылық баға берді.
Округ әкімі жиынға қатысуышылардың берген сұрақтарына нақты жауап берді.

Қаулы етті:
1. Округ әкімінің 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
 
Жиналыс төрағасы                   Қ.Бұғабаев
Хатшы                                       А.Туралина