БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі > ХАТТАМА-2

 
 
 
 Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің Жәпек батыр ауылы тұрғындарының алдында 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есеп беру жиналысының
ХАТТАМАСЫ
08.07.2015
Жәпек батыр ауылы «Ардагерлер үй»

Жиналыс төрағасы: Қ.Т.Бұғабаев – Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары
Хатшы: А.К.Туралина – округ әкімі аппаратының бас маманы
Қатысушылар : Р.А.Қыстаубаева - Іле ауданы Әділет басқармасының басшысы;
Р.М.Айдарбекова – Іле ауданы мәслихат депутаты, аудандық «Іле таңы» газетінің бас редакторы
С.Исрапулова - Іле ауданы мәслихаттың заңгері
Округ мекемелерінің, шаруа қожалықтарының басшылары, орта және шағын бизнес өкілдері, ардагерлер, әйелдер, жастар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары
Барлығы - 109 адам

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың
І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі.

Тыңдалды : округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі. ( есебі қосымша)
Сөз сөйлеушілер:

Айбарбекова Р.М. – Іле ауданы мәслихат депутаты
Әр деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі бүгінгі таңда дәстүрге айналды.
Округ әкімінің есебін тыңдадық, барлық бағытта жұмыстар жүріп жатқанын естідік, бұл жұмыстар тек жазылған сөз емес, нағыз істелінген жұмыс, осы жұмыстардың дұрыс жүруіне бақыт бағдарлама жас болса да беріп отырған әкім.
Осы округте құрылған қоғамдық кеңес кәзіргі таңда барлық жаққа белгілі болып жатыр. Сол себептен сіздерге тілейтінім ауызбіршілктерің мол болсын деп ауыл тұрғындарына өздерінің әкімін қолдап, бірге жұмыс істеп жүргендері үшін рахмет айтты.

Қыдырбаева Р – үй шаруасында, ауыл тұрғыны
Әкім есебін тыңдадым, өте жақсы, барлық салада жұмыстар жүріп жатыр, елді басқару оңай емес, өз жанұяңда да неше түрлі жағдайлар болады сол себептен өз атынан округ әкіміне істері оңды болсын деген тілек білдіріп, 2015 жыдың
І-жартыжылында атқарған жұмыстарына қанағатарылық баға берді.

Касымов А – зейнеткер, ауыл тұрғыны
Үлкен жиында бас қосып отырмыз, әкімнің есебін тыңдадық, біз ақсақалдар кеңесінің мүшелері ретінде округ әкімінің барлық жұмыстарына қатысуға тырысамыз. Әкім өзінің есебінде барлық жасалынып жатқан жұмыстарды айтып өтті дей келе, ауыл тұрғындарын көбірек қоғамдық жұмыстарға қатысуға, мәдениеттік сақтауға, балаларды дұрыс тәрбиелеуге, құрылған қоғамдық кеңеске көмек көрсетуге шақырып, округ әкімінің атқарған жұмыстарына канағаттарлық баға берді.

Р.Бақтыбаев – жеке кәсіпкер, ауыл тұрғыны
Мен, осы ауылдың қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде, округте өтіп жатқан барлық іс –шарларға белсене қатысамын, бірге көтерген жүк жеңіл ғой, бұрын әкімнің есебін тыңдап «шынымен осындай жұмыстар істелініп жатыр ма екен» деп ойлайтынмын, неше түрлі адамдар бар екен солардың барлығының тілін тауып,түсіндіріп, проблемаларын шешіп беру оңай болмайды екен, әкімнің жұмысы қаңдай қиын екеніне көзім жетті, кәзіргі таңда міне Жәпек батыр ауылында жас өспірімдер үшін ойын алаңын жасап жатырмыз, зиратты қоршау жұмыстарын ұйымдастырдық, осы жұмыстарндың басында біздің әкіміміз жүр. Атқаратын жұмыстар әлі көп дей келе ауыл тұрғындарың сабырлыққа, бірігіп жұмыс істеуге шақырып, округ әкімінің атқарған жұмыстарына канағаттарлық баға берді.

Б.Еламанов – зейнеткер, ауыл тұрғыны
Әкімнің есебі өте жақсы, мағналы, барлық салада жұмыстар жүргізіліп жатыр, ауылымыздың күл - қоқыс жинайтын мекемесіне де рахметімді айтқым келеді, себебі көшелердегі тұрғындардың күл - қоқысын дер кезінде кесте бойынша жинап отырады, жаңа амбулатория салынды олда бір жақсылық, бұрынғы дай тар ғимаратта аурулар қысылып тұрмайды, уақытында көмек аламыз, әкіміміз жақсы жаңалық айтты, ауылымызға тағы да бір жедел-жәрдем көлігі беріледі деп қуанып отырмыз, себебі ауылдарымыз жылдан жылға өсіп барады, жедел жәрдем де, көп тасмалдау көлігіде қажет.
Округ әкімінің атқарған жұмыстарына канағаттарлық баға берді.

Т.Маханов – өз-өзін жұмыспен қамтушы, ауыл тұрғыны
Жарты жыл болса да көп жұмыстар атқарылған, көшелер жасалынып жатыр, газ ауылымзға толық кіргізілді, су бар, жаңа және кең амбулатория салынды, көптеген дүкендер бар, ауылымыздың көркейуі, тұрмысы жағдайымыз дұрысталуы өзіміздің қолымызда, ауызбыршілігіміз мол және мәдениетті болуымыз керек.
Тұрғындарға жаңа амбулаторияға баратын жаяу жүргішілер жол керек, себебі олар көлік жүретін жолмен жүреді, Жамбыл көшесіне жаяу жүрушілерге жол салуын сұрады.
Округ әкімінің атқарған жұмыстарына канағаттарлық баға берді.
Округ әкімі жиынға қатысуышылардың берген сұрақтарына нақты жауап берді.

Қаулы етті:
1. Округ әкімінің 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
 
Жиналыс төрағасы                   Қ.Бұғабаев
Хатшы                                       А.Туралина