Көкқайнар ауылы № 29 ОМ
Жиналыс төрағасы: Қ.Т.Бұғабаев – Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары
Хатшы: А.К.Туралина – округ әкімі аппаратының бас маманы
Қатысушылар : Е.Е.Нуркасымов - Іле ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
Округ мекемелерінің, шаруа қожалықтарының басшылары, орта және шағын бизнес өкілдері, ардагерлер, әйелдер, жастар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары
Барлығы - 98 адам
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың
І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі.
Тыңдалды : округі әкімі М.Б.Кәрібаевтың 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары туралы есебі. ( есебі қосымша)
Сөз сөйлеушілер:
Сагидуллаева Г. – үй шаруасында, ауыл тұрғыны
Округ әкімінің есебін мұқият тыңдадым, округіміздің көркеуіне, жағдалайрымыздың жақсаруына әкімшілік барлық жағынан жұмыстар атқарып жатыр, бірақ біз осы ауылдың тұрғындары ретінде өз ауылымыздың көркейуіне үлес қосып көмек көрсетпеймізбе. Біздің тұрғындар мәдениетсіз деп айталам, өйткені барлық күл қоқысты қайда болса тастайды, неге күл қоқыс жинау мекемесіне келсім шартқа отырып тапсырмауға, осы жерде «Жедел» мекемесінің басшылары отыр, мен өзім бір неше рет көрдім сонғы аялдамаға келіп автобустың есігінен ішіндегі қоқысты аялдамаға лақтырып кетеді. Балаларымызды дұрыс тәрбиелеуіміз керек «қоқыс тастауға болмайды» деп күнделікте есіне салып тұруымыз қәжет. Балаларды былай қойып ата-аналардың өздері осыны түсіну керек, дей келе округ әкімінің 2015 жыдың І-жартыжылында атқарған жұмыстарына қанағатарылық баға берді.
М.Сетерхан – жұмысшы, ауыл тұрғыны
Округ әкімінің есебін тындадым, жартыжылдың ішінде көп жұмыстар жасалынған, көшелер жасалынып жатыр, су бар, біздің көшеміздің жартысына газда келді, енді бір өтінішім үстіміздегі жылы бізге де газ жетсін деген тілегін айта келе округ әкімінің атқарған жұмысына қанағаттарылық баға берді.
Мағауя Д. – жеке кәспкер, ауыл тұрғыны
Баяндаманы тыңдадық, әкімшілік өз жағынан барлық жұмыстарды атқарып жатыр, көшелер жасалынып жатыр, су, газ, свет бар, қаңғыбас ит көп деп айтып едік ол жұмыс та жүргіп жатыр, апта сайын келіп ит аулаушылар иттерді аулап кетеді, біздер тек әкімішілкке жағдайымызды айта бер мей, көмек көрсетуіміз керек, әкімшіліктің қызметкерлеріне де ризашылығымды білдіргім келеді, қандай сұрақ пен барсаңда шешіп беруге тырысады.Күл қоқысты әкімшілік келіп тастамайды ғой, оны өзіміз тұрғындар тастаймыз, бірақ күл - қоқыс жинау мекемесіде жұмыстарын әкімішілікке іліп қоймай, елдермен келісім шартқа отырыуын талап ету керек, кішкене батыл болуларын сұраймын деді.
Жиналысқа қатысушыларды тағы да әкімшілікпен бірігіп жұмыс атқаруға шақырып, округ әкімінің атқарған жұмыстарына қанағаттарлық баға берді.
Утегенова Ж.К. – зейнеткер, ауыл тұрғыны
Округ әкіміне , Береке көшесінде балаларға салынған ойын алаңына ризашылығын білдіріп жұмысына табыс тілей келе қанағаттарылық баға берді.
Округ әкімі жиынға қатысуышылардың берген сұрақтарына нақты жауап берді.
Қаулы етті:
1. Округ әкімінің 2015 жылдың І-жартыжылында атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
Жиналыс төрағасы Қ.Бұғабаев
Хатшы А.Туралина
|