21,22 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі тойланды.
Наурыз мерекесі округіміздің төрт ауылында ұйымдастырылды. Атап өтсек 21 наурыз күні Көкқайнар мен Төле би ауылында, 22-наурыз күні Жәпек батыр ауылында және М.Түймебаев ауылында ұйымдастырылды.
Округ әкімі С.Кузембаев алғашқы сөз кезегін алып жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.
Наурыз мерекесі күндері барлығы 13 қазақ үй тігіліп, барлық қазақ үйде дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.Сонымен қатар мерекеге келген халыққа Жәпек батыр ауылы мешіті мен М.Түймебаев ауылы мешіттерінің асханаларында да дастархан жайылды.
Наурыз мерекесі алдын ала дайындалған ортақ сценарий бойынша жоғарыда аталған жерлерде өткізіліп, мереке әр-түрлі ұлттық ертегілердің кейіпкерлері жүріп өткеннен кейін, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өсиеттері мен басталып, Қызыр атаның батасымен ашылды. Ақ кимешек киген әжелеріміз ұлттық дәстүр бойынша жеті нан таратып шыққаннан кейін Наурыз әні шырқалып, шашу шашылды.
Округ көркемөнерпаздар ұйымы осы мерекеге арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына қоса, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесер сияқты ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойылып, қызбен жігіт айтысы, алтыбақан ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар әр ауылда ұлттық ойындар (гір көтеру, арқан тарту, үстел теннис, қол күрес ) ойындары ұйымдастырылды. Жеңген жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.
Тігілген қазақ үйлер мен жайылған дастархан, дайындалған наурыз көжелер мен ұлттық киімдер бойынша алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.






|