БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > М Ә Л І М Е Т

 
 
 

Ащыбұлақ ауылдық округінде 1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» өткізілген мерекелік іс-шаралар жайлы
М Ә Л І М Е Т

04.05.2015 ж.
 Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің 2015 жылға арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес, Ащыбұлақ ауылдық округінің орталық спорт алаңында
1 – мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні мерекесінде «ҚР халықтары ассамблеясының 20 жылдығына арналған » іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара мелекеттік гимнмен ашылып, алғашқы сөз кезегі округ әкімі М.Кәрібаевқа берілді.
Округ әкімінің мерекені ашу салтанатынан кейін округіміздің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж Есенқұлов, Іле ауданының құрметті азаматы
Қ.Қасымбеков, «Нұр Отан» партиясы «Орталық» тобының жетекшісі Ә.Қасымов, әр ауылдан сайланған қоғамдық кеңес төрағалары, мектеп директорлары да халықты құттықтап сөз сөйледі .
«ҚР халықтары ассамблеясының 20 жылдығына арналған» іс-шарада әр ұлттардың салт-дәстүрлерін, көрмелері мен өнерін көрсетуден байқау ұйымдастырылып, өнерлерін бағалауға комиссия құрылды.
№ 19 орта мектеп ұжымы Түркмен халықтарының , № 29 орта мектебі ұжымы Түрік, Әзербайжан халқының, № 4 орта мектебі ұжымы Өзбек халқының, №37 толық емес орта мектебі Ұйғыр халқының, Ащыбұлақ ауылдық дәрігерлік амбалаториясы ұжымы Украйн халқының, Жәпек батыр дәрігерлік амбалаториясының ұжымы Корей халықының, Көкқайнар ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясы Татар халқының, «Күншуақ» балабақшасы қазақ халқының қол өнерін, салт-дәстүрін, әндері мен билерін халыққа паш етті.
Аталмыш комиссия мүшелері осы аталған мекемелердің өнерлерін «Ең үздік ұлттық өнер» және «Ең үздік ұлттық салт-дәстүр» және «Ең үздік ұлттық киім» номинациялары бойынша бағалады.
Аталған мекемелер ұжымын Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі М.Б.Кәрібаев қатысқан барлық мекемелерге өзге ұлттардың салт дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін халық арасында насихаттауда және ұлтаралық қатынастарды нығайтуда көрсеткен еңбектері үшін мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Округ тұрғындары мен жастарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау және 1- мамыр ынтымақ күні мерекесіне орай түрлі спорт ойындары ұйымдастырылды. Атап айтсақ жастар арасында М.Түймебаев ауылының орталық спорт алаңында арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, жарыстары ұйымдастырылып жеңімпаздарды округ әкімі М.Б.Кәрібаев мақтау грамоталарымен марапаттап,бағалы сыйлықтар табыс етті.
Ащыбұлақ ауылдық округінде мәдениетті дамыту, тілдің мәртебесін өсіру және ұлттық салт – дәстүрлерімізді жаңғырту, салауатты өмір салтын насихаттауға округ көркемөнерпаздар ұйымы мен округте орналасқан барлық мекеме ұжымдары белсене ат салысты.