Биыл Тәуелсіз еліміздің қалыптасқанына 25 жыл толады. Елбасы саясатының арқасында біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырмыз. Еліміздің ұлттық идеясы- «Мәңгілік ел» ретінде қалыптасу, осы идеяны орындау мақсатында Елбасы Қазақстан халқына 5 институтционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарын ұсынды. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Біз бойымыздағы озығымызды үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
Ащыбұлақ ауылдық округі 4 ауылдан, олар М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле-би және 47 саяжайдан тұрады.
Округ тұрғындарының саны статистикалық есеп бойынша 2016 жылдың 1-қаңтарында 25 205 адам, Округ 9,59 шаршы километр ауданда орналасқан.
Өнеркәсіп
Әлемнің дамыған елдерінде кең етек жайған кәсіпкерліктің қарқынын біздің елге жеткізуге бағыттаған Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы кәсіпкерліктің көкжиегін көтеруге басымдық берді. Бүгінде кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау, жеңілдетілген несие, кәсіпкерлікті дамыту қорларының көмегі, арнайы қабылданған бағдарламалардың шапағаты тиіп, бизнестің өркендеуіне кең өріс ашып отыр. Өлкемізде нарықтағы сұранысқа сай, қоғамдағы қажеттіліктерге байланысты әртүрлі кәсіптің құлағын ұстаған, сол саланың қыр-сырын меңгерген кәсіпкерлер жетерлік.
Елбасы Жолдауында кәсіпкерлер мен іскер азаматтарға мемлекет тарапынан бизнестерінің дамып, аяққа нық тұруларына барлық жағдай жасалып отырғандығын және бүгінгідей сын сағаттарда бизнес секторына үлкен жауапкершілік артылып, сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» деген логотипті әрбір бұйымда төрт қасиет - сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек, сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады деп атап өтті.
Округ аумағында 147 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.
2016 жылдың 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша «Первый Пивзавод» ЖШС–нің сыра шығаратын зауыты бүгінгі таңда 1 млн. 100 мың дал. өнім шығарды. Шығарылған өнім құны 2 млрд. 300 мың теңгені құрайды. Шығарылған өнімнен бюджетке 450 млн теңге салық төленеді. «Ботабеков» ЖШС кірпіш зауыты 325 мың кірпіш, жалпы құны 4 млн.875 мың теңгені құрайтын өнім шығарды. «Росс Прокат» ЖШС-нің құбыр шығаратын зауыты 2016 жылдың I – жарты жылдығында 300 мың тонна, жалпы құны 50 млн теңгені құрайтын құбыр шығарды, «Дормаш ЧТЗ» ЖШС 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 4 дана «Б-10» маркалы булдозерін жинақтады және ЧТЗ зауыты шығаратын ауыр техникалардың қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз етеді. «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюмений профильдерін шығаратын зауытты іске қосылып, айына 300 тонна алюмений профильдерін шығаруда. «Дизайн Пласт» полиэтилен пакеттерін шығаратын зауытты 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 432 мың 750 тонна, жалпы құны 64 млн 912 теңгені құрайтын өнім шығарды.Тауық еті мен жұмыртқа өнімдерін шығаратын «Аллель Агро» АҚ 2016 жылы 14 мың 900 тонна өнім алып, Қазақстанның азық-түлік рыногында өз орнын алып отыр. Дайын өнімдерді сақтап, ел аумағына және шетелге тасымалдаумен айналысатын «Фрилайн дистрьбюшн» және «Премиум Логистик» ЖШС және жоғарыда аталған кәсіпорындарды қоса есептегенде 2 мың 309 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Юрик и ТМ» ЖШС-гі 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында 80 тонна, жалпы құны 2 млн 500 000 мың теңге болатын нан өнімдерін шығарды. «Рамазан» ЖК 2016 жылдың 1-ші жартыжылдық бойынша 9000 мың дана тандыр нан өнімдерін шығарды, шығарылған өнімнің жалпы құны 450 мың теңгені құрайды, алдағы уақытта нан өнімдерін шығаруды екі –үш есеге көбейтуді мақсат етіп отыр, бірақ округ тұрғындарын толық нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін бізге әліде наубайханалар ашу қажет.
Жеке кәсіпкер Д. Абдраймовтың «Мерей» кондитер цехы 2016 жылдың 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 225 тонна, құндық өлшемі 892 000 мың. тенгелік кондитер өнімдерін шығарды. Бүгінгі таңда «Мерей» кондитер цехы өнімінің сапасы мен түрлерін көбейту мақсатында жаңа цех ғимараты құрылысын бітіріп жаңа линияларды енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Жеке кәсіпкер «Молдаханова» 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қортындысы бойынша 4000 мың, дана тандыр нан өнімдерін шығарып, құндық өлшемі 200 000 мың. теңгені құрады.
Округ аумағында 2016 жылдың 1 жартыжылдығында «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС –гі дәрі-дәрмек шығаратын зауытқа 14 млн.774 мың теңге инвестиция тартылды, «ЧТЗ Дормаш» ЖШС-не 2 млн. 746 мың теңге, «Первый Пивзавод» ЖШС-не 290 млн 528 мың теңге, «Фри Лаин» ЖШС-не 2 млн 248 мың теңге, «Алель Агро» АҚ-на 175 млн. 974 мың теңге, «Premium Logistic» ЖШС-не 62 млн 44 мың , «Алматы метизин» ЖШС-не 400 млн. теңге, «Premium Logistic Азия» ЖШС-не 381 мың теңге инвестиция тартылған. Барлығы округ бойынша 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 949 млн 091 мың теңге инвестиция тартылды.
Округ аумағында шағын және орта кәсіпкерлікпен 179 жеке тұлға айналысады, оның ішінде 94- дүкен, «Нұр Әлі», «Шолпан» әмбебап сауда орындары, «Green Mart» шағын маркетті, 3- қонақ үй, 1- тойхана, 1- мейрамхана, 7 –кафе, 5- асхана, 11 - шаштараз, 9- дәріхана, 4- жеке тіс емдеу орны, 7- жанармай құю бекеті, 1- шағын базар, 4 - киім тігетін ателье, 2- нотариалдық қызмет көрсету орны, 5 –ТЖО (СТО) жұмыс істейді, 7-көлік жуу орталығы, 8 - дөңгелек жөндеу орталығы жұмыс атқаруда. М.Түймебаев ауылында жаңадан 8 сауда орыны ашылды, Көкқайнар ауылында «Lux kagaz» тазалық сүлгілерін шығаратын зауыт ашылып, жаңадан 25 жұмыс орыны ашылды. М.Түймебаев ауылынан «Үміт» медициналық қызмет көрсету орталығының құрылыс жұмыстары аяақталып 20 адамға арналған жұмыс орны ашылды және округ аумағында «Мұрагер», «Даулет» шағын маркеттері, «Орхидея» сән салоны ашылды.
Округ тұрғындарына 3- монша қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласында округіміздің 1375 тұрғыны жұмыс істейді.
Округ аумағында орналасқан дүкендер 1000 адамға шаққанда бекітілген мөлшер бойынша 96 пайызға, қоғамдық тамақтандыру орны бектілген мөлшер бойынша 55 пайызға қамтылған, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары бектілген мөлшер бойынша 47 пайызға, монша бектілген мөлшер бойынша 45 пайызға қамтылған.
Бүгінгі таңда округ ауылдарында аяқ киім жөндеу, кілт жасайтын цехтар, киім-кешекті химиялық жолмен тазалау, банкомат, тұрмысқа қажетті техникаларды жөндеу шағын кәсіпорындар ашу қажеттілігі туындап отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында - округте 76 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Олардың қарамағына 7139 гектар жер бекітіліп берілген, 510 адам тұрақты жұмыс жасайды. Ж. Сұртаевтың 350 шаршы метр жылыжайы, Н.Н. Бандюков басқаратын «Самал» ЖШС көкөністі тамшылап суғару әдісімен өсіретін, жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын жылыжайы, «Әле Монтай» шаруа қожалығы 1,6 га жер аумағына 16 000 шаршы метр жылыжай және Д. Дәдібаевтың 400 шаршы метр көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды. 2016 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша Дәдібаев шаруа қожалығының сыйымдылығы 300 тонналық көкөніс сақтау қоймасына 20 тонна картоп, 10 тонна пияз сақталды.
Шень Синь деген жеке кәсіпкер 300 шаршы метр жер аумағына саңырауқұлақ өсіретін жылыжайдан 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 100 тонна көлемінде өнім өндірді.
Жылыжайлардан 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қортындысы бойынша 150 тонна әр түрлі көкөністер өндірілді. Қазіргі таңда бұл жылыжайлар ауыл тұрғындарын арзан бағада, көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.
Округ аумағында жылыжайлардың ауданын көбейту жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береміз, себебі бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған жылыжайлар қыс мерзімде тұрғындардың көкөніске деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
Шаруа -қожалықтары 1883 гектар жерге дәнді дақылдар егіп,оның ішінде 558 га.күздік бидай, 254 га жаздық арпа, 86 га. дәндік жүгері егілген , 76 га майлы дақылдар және 62 га жерге көкөніс, 119 га жерге картоп, 728 га. жерге мал азығын дайындау көп жылдық шөп егілді.
Округте соңғы жылдары суармалы жерлер азайып кетті, сол себептен суармалы жерлерді көбейту үшін, арық жүйелерін қайта қалыпқа келтіріп, тамшылап суғару әдісін қолдану бағытында жұмыс жасалуда.
Округ бойынша «Семеречье групп» ЖШС –гі 18 га жерге, «Свято Сергиевский приход» ЖШС –гі 5 га жерге, «Гаухар» ШҚ 5 га жерге алмабақ егіп, тамшылатып суғару әдісін қолдануда. Арық жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары бойынша аудандық Илииригация мекемесімен бірге «Машкуз» каналынан 9 км ұзындықта арықтар тазаланып,15 шаруа қожалығы сумен қамтамасыз етілді және «Тлеулес» шаруа қожалығы -40 га жерге, «Алғабас» ЖШС-гі 50 га жерге жоңышқа егіп, сарқынды судан суғарып отыр.
Округте статистикалық есеп бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына 3734 бас ірі қара, 6845 бас қой ешкі, 450 бас жылқы, 120 бас түйе, 466 бас шошқа, 15400 бас құс тіркелген.
Шаруа қожалықтарында мал басы жылдан жылға артып келеді.
«Азамат» шаруа қожалығы 230 бас ірі қара, А. Букенбаев 112 бас ірі қара,
Б. Құсайынұлы 96 бас ірі қара, Косбанбаев.М. 124 бас ірі қара,
Ф. Аллахвердиев 27 бас ірі қара, Б.Құрманбаев 30 бас ірі қара бордақылап отыр. Ал, ауылдық жерде мал басының азайып келе жатқаны байқалады, оған ауыл айналасындағы жайылым жердің аз болуы мен жем-шөптің жылдан жылға қымбаттап бара жатуы себеп болып отыр.
Округ аумағында «Ірі қара малды бордақылау» бағыты бойынша «Азамат» шаруа қожалығының 300 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңы және жеке кәсіпкер Қосманбаев Мергенбай Амановичтің 200 басқа арналған бордақылау алаңы бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр.
«Алтын асық»,«Құлан», «Ырыс» бағдарламалары бойынша шаруа қожалықтарына түсіндіру жұмыстар жүргізіліп, жұмыс жоспары жасалып бекітілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Жарболов Ермек, Құсайынұлы Бағлан, Каркинбаев Мергенбай шаруа қожалықтарының басшылары несие алуға ниет білдіріп, құжаттарын дайындауда.
Салиханова Нелли Утеповна басқарған «Анжела» шаруа қожалығы 92 бас ірі қара бағып, оның ішінде 71 басы сауын сиырлар, заманагөй технологияларды пайдаланып, майлылығы жоғары сүт өнімдерімен аудан және Алматы қаласы тұрғындарын, ауданның сүт асхансын (молочная кухня) сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Осы шаруашылықтың аз жайлымды жерде, ғылыми тәсілдерді қолданып (культурное пастбище) көп мал басын бағу әдісін округ шаруа қожалықтарына таратуды мақсат етіп отырмыз.
Округ аумағында 1 вет. пункт жұмыс істейді. Онда 5- ветеренария дәрігері жұмыс атқарып жатыр. Жәпек батыр ауылында 1-малдарды қолдан ұрықтандыру пункті, Қосбанбаев.М шаруа қожалығында Қараой мал жайылымында 1 мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.
Мал шаруашылығында малдан жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алу және оны болдырмау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі, үнемі бақылауға алынған.
2016 жылдың 1-ші жартыжылдық қортындысы бойынша жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары мен тексеру жұмыстары 100 пайызға орындалды.
2016 жылдың 1-ші жартыжылдығы қорытындысы бойынша ит аулауға аудандық бюджетен қаражат қарастырылып, 240 қаңғыбас ит ұсталып жойылды. Бұл жұмыс әлі жалғасын табуда.
Бруцуллезге оң нәтиже көрсеткен 4 бас ірі қара, 10 бас ұсақ мүйізді малдар бруцуллезбен ауру екендігі анықталып, шұжық жасау цехтарына тапсырылды.
2016 жылы округ тұрғындарының малдарын жазғы жайлымға шығару үшін 9- табын жасақталып, бақташымен қамтамасыз етілді. 1- сәуірден бастап 1-қарашаға дейін табындар жайлымға шығарылды.
Салық
Ащыбұлақ ауылдық округ тұрғындарынан салық жинау, 2016 жылдың 1- жартыжылдығында округ бойынша салықтың 5 түрінен 29 млн 247 мың 197 теңге жиналды.
Оның ішінде:
- Жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы 1 млн. 395 мың 223 теңге
- Жеке тұлғалардан түскен жер 944 мың 013 теңге
- Саяжайлардан түскен жер салығы 237 мың 361 теңге
- Автокөлік салығы 8 млн 434 мың 400 теңге
- Заңды тұлғалардан түскен салық 18 млн.236 мың 200 теңге
Салықтың түрлері бойынша белгіленген жоспарлар 100 пайызға орындалды.
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты салық жинауға арнайы маман бөліп, елді мекендер мен саяжайларда жаңадан салынған үйлерді, берілген жерлерді тізімге алып және төлемей, салықтан жалтарған адамдардың тізімін аудандық кіріс басқармасына өткізіп, шара қолдауын сұрап, бюджетке салық төленуін бақылауда ұстауда.
Инфрақұрылым, тұрғын үй шаруашылығы
2016 жылдың I – жартыжылдығы бойынша округ тұрғындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында округ ауылдарында төмендегі жұмыстар орындалды:
М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарының электр желісін СИБ кабеліне, ескі ағаш электр бағаналарын бетон бағаналарға ескірген және қуаттылығы төмен трансформаторларды жаңа қуаттылығы жоғары транформаторлармен ауыстыру жұмыстары және электр желісіне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр.
2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша округке көгалдандыру және абаттандыру жұмысына бюджеттен 11 млн 880 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа тендр ойнатылып, мүгедектер қауымы ұтып алып, аббаттандыру, ағаштарға күтім жасау, спорт алаңдарын қалпына келтіру, ағаш кесу, ойын алаңдарын қалпына келтіру, билборттарды жаңарту, көшелерді безендіру жұмыстары жасалады. Сонымен қатар бюджеттен 54 млн 333 мың 230 теңге бөлініп, конкурс жарияланып қойылды. Конкурс ашылғаннан соң ұтып алған компания анықталып, М.Түймебаев ауылының Набережная көшесіне ойын алаңы және Қасабеков көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы, Жәпек батыр ауылының орталық тас жолына және Алтаев көшесі бойына жаяу жүргіншілер жолы, Төле би ауылының орталық жолына жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарлануда.
Округ бойынша 534 түңгі жарық бағаналары орнатылған. Биылғы жылы бюджеттен 6 млн 500 мың теңге жарық бағаналарына қаражат бөлінген. Қазіргі таңда «Taim stroy» ЖШС ұтып алып, жанбай тұрған лампаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында Көкқайнар ауылына баратын облыс тарапындағы жолдарға Алматинская, Бәйтерек, Астана көшелерінің ойықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда және М.Түймебаев ауылының Гагарина көшесіне жалпы ұзындығы 2420 метрді құрайтын, Жәпек батыр ауылының Алтаев көшесінің бойындағы ойықтарды жамау жұмыстары, Көкқайнар ауылы Бәйтерек көшесінен Хан Тәңірі көшесіне дейінгі аралық, жалпы ұзындығы 670 метр жерге жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар бюджеттен қосымша 35 млн 174 мың қаражатқа сұраныс берілуде. Қаражат берілген жағдайда М.Түймебаев ауылының 50 лет Победы көшесі, Клубная, Мұқанов көшелеріне су құбыры жүргізіліп, Жәпек батыр ауылы Қожанов көшесі, жалпы ұзындығы 1020 метр, Төле би ауылы Төлебаев көшесі жалпы ұзындығы 230 метр, Мәметова көшесі жалпы ұзындығы 310 метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
2016 жылы Іле ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жолданып, М.Түймебаев ауылы Гагарина, 50 лет Победы, Космедемьянской, Мира, Озерная, Прудхозная, Ш.Қалдаяқов көшелері, Жәпек батыр ауылы Қожанов, Мақатаев, Д.Рақишева, Әуезов, Алтаев, Уалиханов көшелері, Көкқайнар ауылы Хан Тәңірі, Атырау, Асфальтная, Атырау, Бәйтерек көшесінен Хан Тәңірі көшесіне дейін, Қызылқұм, Наурызбай батыр, Көктөбе, Тарази көшелері, Төле би ауылы Толебаев, Қошаубаев, Бөлек батыр, Молдагулова, Мәметова көшелеріне жөндеу жұмыстарын жасауға сұраныс берілді.
Апаттық жағдайдағы қураған ағаштардың бұтақтарын санитарлық кесу жұмыстары бойынша, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы – Қарағанды тас жолы бойындағы қарағаштардың жалпы саны 205 апатты жағдайдағы қураған қарағаштардың бұтақтары санитарлық қырқылып, қысқартылып, ағаш түптері ақталды.
М.Түймебаев ауылының оңтүстік шығыс жағында орналасқан, тасқын суларды түсіретін «Приютское» каналы істен шығып және «Бодрость» тұтынушылар кооперативінің тұрғындарының жүретін «Переброска» каналындағы көпір апаттық жағдайда болуына байланысты, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарланған бюджет қаражатынан 4 млн. теңгеге көпірлерді қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылдың мамыр айында нөсерлі жауын салдарынан Көкқайнар ауылының Сарыарқа көшесі, М. Түймебаев ауылы Гагарин, Тәуелсіздік көшелері, Жәпек батыр ауылының Алтаев, Әуезов көшелері, «Ардагер- Ветеран» саяжайының 26-36 линиясына дейін төтенше жағдай орын алып, округ әкімі аппаратымен қоғамдық кеңес, «Абылай» жеке кәсіпкерлігі мекемесінің көмегімен Тоған шаруашылығы мекемесіне қарайтын көлдердің су деңгейін реттеп, су тартатын машиналарды ұйымдастырып, көшелерден су тарттық және қосымша арықтар қазып, су арнасын бұрып аппаттық жағдайдың алдын алдық.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысымен «Ащыбұлақ-су» тұтыну кооперативі айналысады.
Округте 15 су құдығы жұмыс істейді. Оның ішінде: 2 су құдығы жалдамалы, олар «Әділет диірмен», «Кондитер цехы».
2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша М.Түймебаев ауылы бойынша 1328 үйде су есептегіш құрылғысы, Жәпек батыр ауылында 670, Көкқайнар ауылында -506, Төле би ауылында 175 су есептегіш құрылғылары орнатылған. Көкқайнар ауылында Садовая көшесінің жалғасы, Абай, Тарази, Қарқара, Көктөбе, Хан Тәңірі көшелеріне жаңадан жалпы ұзындығы 1545 метрге су құбырлары салынып, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмысы: М.Түймебаев ауылын газдандыру жұмысымен «ADF story+» ЖШС айналысады, ауыл бойынша 2083 үй тіркелген оның 1115 немесе 53,5 пайызы газдандырылған. Жәпек батыр ауылын газдандыру жұмысымен «Aлматы Production Construction Invest» ЖШС айналысады, ауыл бойынша 1185 үй тіркелген оның 850 немесе 71,7 пайызы газдандырылған. Көкқайнар-2 ауылын газдандыру жұмысымен «Дос сити» ЖШС айналысады, ауыл бойынша 526 үй тіркелген оның 213 немесе 40,5 пайызы газдандырылған, Көкқайнар-3 ауылын газдандыру жұмысымен «АБ эксперт строй ЛТД» ЖШС айналысады, ауыл бойынша 469 үй тіркелген оның 38 үйімен келісім шартқа отырып, монтаждау жұмыстыры жүргізілуде. Төле би ауылын газдандыру жұмысымен «Экс Газ Уют» ЖШС айналысады, ауыл бойынша 202 үй тіркелген оның 23 немесе 11,4 пайызы газдандырылған.
Елді мекендерді қоқыстан тазарту жұмыстарымен округте құрылған «Абылай» ЖК мекемесі М.Түймебаев, Көкқайнар ауылдарының, «Бел Асар» ЖК мекемесі Жәпек батыр, Төле би ауылдарының көшелерінен әр апта сайын күл-қоқыстарды шығарып отырады.
Байланыс және жол қатынасы жөнінде айтар болсақ, округтегі үш ауылда төрт пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді.
Округ елді мекендерінің Алматы қаласымен автокөлік қатынасын «Жедел» автобус паркінің 4 маршруты, Междуреченск, Чапаев ауылдарынан жүретін 2 маршрут қызмет көрсетеді. «Жедел» ЖШС автобус паркін жаңарту мақсатында Қытайдан 9 жаңа автобус алып келіп, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Төле би аулына күніне үш рет 270 бағытта жүретін автобусты жүргізуді ұйымдастырдық.
Ауыл тұрғындарына орталықтандырылған телефон жүйесі байланыс қызметін көрсетеді. М.Түймебаев ауылында 1000 номерлі, бүгінгі таңда 850 абонент телефон жүйесіне қосылған және әскери қалашық бойынша 240 абонент жұмыс істейді.
2016 жылы бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда М.Түймебаев ауылының Прудхозная көшесі бойында су құдығын бұрғылау, «Ащыбұлақ-су» ТК есебінен Жәпек батыр ауылы Жамбыл көшесінде жер асты су деңгейін анықтау үшін бұрғыланған су құдығына насос орнатып, су жүйесіне қосу, округ ауылдарына кіре берісте орналасқан ауыл атауларын жаңарту, қоғамдық көлік аялдамаларын жасауды ұйымдастыруды, Төле би ауылында пошта бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз.
Халықты әлеуметтік қорғау
Округ бойынша тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда.
2016 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша 16 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Олар ауылдарды көгалдандыру, жол, ғимараттарды жөндеу, сырлау, тазалық жұмыстарына, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмектесу сияқты жұмыстарға жіберілді. 323 - жаңа жұмыс орны ашылды.
2016 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 5 адам жұмыс істейді. Шағын несие -1 адам алған, мал шаруашылығы бойынша ниет білдіргендер -10 адам, 8-адам кәсіби мамандық алуға, 2-әлеуметтік жұмыс орны, 8-жас маман «Жол картасы» негізінде жастар тәжрибесінен өтті.
Округте орналасқан дәріханаларға 22 зейнеткер мен жалғыз басты қариялар бекітіліп, 10 пайызға арзандатылған бағамен дәрі –дәрмек алады. Округ аймағында тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, өкпе құрты ауруымен сырқаттанатын азаматтарға, көп балалы тұрмыс-жағдайлары төмен отбасыларына барлығы 45 жанұяға қыстық отынмен көмек көрсетілді.
Білім беру
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсу үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп халық ағартушысы Ш.Уәлиханов атап кеткендейбілім беру саласы үнемі мемлекет назарында. Округ аумағында бес мектеп орналасқан, олардың 4 орта, 1 негізгі орта мектеп, 2015-2016 оқу жылында бұл мектептерде 500 мұғалім, мектепалды дайындық топтарының 775 баласына және 1-11 сынып аралығында 6828 оқушыға білім беруде.
2016 жылы округ аумағында орналасқан орта мектептерді бітірген түлектер саны-192. Оның ішінде Біріңғай Ұлтық тест тапсырған оқушылар саны -140. Округ бойынша барлығы 192 аттестат табыс етілді, оның ішінде 5 алтын белгі, 6 үздік.
2016 жылы округ мектептеріне оқушыларды тасымалдауға аудандық бюджеттен барлығы 8 млн. 795 мың теңге теңге бөлініп, бүгінгі таңда округ мектептеріне 1240 оқушы тасымалдануда. Оқушыларды тасымалдау жұмысымен «Жедел» ЖШС-гі мекемесі айналысады.
2016 жылдың маусым айынан бастап М.Түймебаев ауылында орналасқан № 19 орта мектептің ғимаратына «Еңбек Жауғашты» Мемлекеттік республикалық мекеме күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттен бөлінген қаражат соммасы 126 млн 510 мың теңге.Осы мектепке 300 орындық қосымша корпус салуға жобалау сметалық құжаттары дайын.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел дамуының бір бағыты - Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі, яғни, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын орындау мақсатында округ аумағында Жәпек батыр ауылы Алтаев көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысы басталды. «Толағай-2030 ЖШС – гі» құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Мемлекеттен бөлінген қаражат соммасы 1 млрд 232 млн 352 мың 836 теңге. Мектептің құрылысында 162 адам тұрақты жұмыс атқаруда. 2016 жылдың қыркүйек айында іске қосылады.
Сонымен қатар «Аламан құрлыс» ЖШС М.Түймебаев ауылы Ереванская көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысына 1 млрд 155 млн 447 мың қаражат бөлінген және Көкқайнар ауылы Бәйтерек көшесінің бойынан 600 орындық мектептің құрылысына 1 млрд 074 млн 819 мың қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуда.
Төле би ауылынан 300 орындық мектеп ғимараттарының жобалау сметалық құжаттары және мемлекеттік актілері дайын.
Округ бойынша 1 мемлекеттік, 9 жеке балабақша жұмыс істейді, олар: М.Түймебаев ауылындағы 140 орындық мемлекеттік қазыналық мекемесі «Күншуақ» бала-бақшасы, «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 25 орындық жеке меншік «Ақ бота-1» балабақшасы, 75 орындық «Аймекен» балабақшасы, Жәпек батыр ауылында 25 орындық жеке меншік «Ақ бота-2» балабақшасы, 25 орындық «Балдырған» балабақшасы, Көкқайнар ауылында орналасқан «Батыр» саяжайында 40 орындық жеке меншік «Арлан» балабақшасы, Көкқайнар ауылында 20 орындық жеке меншік «Балауса» балабақшалары және тағы басқа да балабақшалар жұмыс істейді.
Көкқайнар ауылында 280 орындық бір балабақша құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Денсаулық сақтау
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.
Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап.
Денсаулық саласы бойынша М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдарында дәрігерлік амбулатория,Төле-би, Көкқайнар -2 ауылдарында фельдшерлік пункт тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Жәпек батыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 2-жедел жәрдем машинасы және Көкқайнар ауылдық дәрігерлік амбулаториясының 1-рентген машинасы тұрғындарға көмек көрсетіп жүр.
Жәпек батыр ауылдық дәрігерлік амбулаторияда округте болмаған ЭКГ -стационар аппараты, кольпосскоп-әйелдерді қарайтын аппарат,толық жабдықталған тіс дәрігерінің кабинеті, дефибриллятор- жүректің жұмысын қалпына келтіру аппараты, физио-кабинет (магнитотерапия, ультразвук, дорсанваль, профино-ванны, инфрақызыл сәуле шығаратын аппарат, лазеротерапия, ингалятор) аппараттары жұмыс істеуде.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 81-қадамында көрсетілгендей, жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу бойынша округте «Үміт медикал центр» жеке медициналық орталығы ашылып, замануи жабдықталған медициналық құралдармен тұрғындарға кәсіби, жоғары деңгейде қызмет көрсетіп отыр.
Алдағы уақытта М.Түймебаев ауылының дәрігерлік амбулаториясы аумағынан ескі аурухана ғимараттың орынына күніне 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жоспарлануда.
Мәдениет
Ауыл тұрғындары арасында мәдени іс-шаралар әр мереке сайын ұйымдастырылады. Округте «Береке» ұлт аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі, Төле би ауылы әжелерінен құрылған «Ақ әжелер» ансамблі, «Әйтеке би әжелері» ансамблі, балалар мен жасөспірімдердің би тобы, курд және славян халықтарының балалар би тобы атаулы мерекелер мен байқауларда өз өнерлерін халыққа көрсетіп жүр.
2016 жылдың 19 ақпанында М.Түймебаев ауылы № 20 орта мектептің мәжіліс залында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай аудандық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Жарыста 3 жұп қатысты. Бас жүлдені Алматы қаласынан Қайсарбек Айдана, І-орынды Талғар қаласынан Бестенқұлов Айбек, Алматы қаласынан Бірлесбек Саягүл, 3 орынды Жәпек батыр ауылының тұрғыны Жұманазаров Имран жеңіп алды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы орталық алаңында 1 Наурыз - Алғыс айту күніне арналған флешмоб өтті.Флешмобқа. №4, №19, №20, №29, №37 мектептің оқушылары және округ жастары белсене атсалысты.
2015 – 2017 жылғы «Жасыл Ел» бағдарламасын жалғастыру және іске асыру мақсатында округ жастары М.Түймебаев ауылы «Алюминий оф Казахстан» зауытына баратын жолдың бойына 1000 дана ағаш екті.
Округ аумағында 2016 жылдың 17 наурызында жайдарман ойындары ұйымдастырылып, жарысқа округтің 8 жайдарман командасы қатысып, жеңімпаздарға мақтау қағаздары, бағалы силықтар табыс етілді.
Ағымдағы жылдың 24 маусымы күні № 20 орта мектепте «Жезде мен балдыз» тақырыбында келешек ұрпаққа үлгі өнеге ретінде округ ардагерлері мен әйелдер кеңесінің мүшелері іс-шара ұйымдастырды.
М.Түймебаев ауылында округ әкімшілігі ғимаратының екінші қабатында орналасқан кітапхана жұмыс істейді. Кітапхананың кітап қоры 6030 дананы құрайды.
Округ аумағында мәдениет үйінің құрылысын салу үшін жер телімі қарастырылды. Болашақта қаржы бөлінген жағдайда мәденит үйін салу жоспарлануда.
Спорт саласы бойынша
Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастырады демекші, салауатты өмір салтын насихаттап және оны ұстанып, ауыл тұрғындарының бұқаралық спорт түрлерімен айналысулары үшін округ аумағында спорттық көпшілік іс-шаралар жеке жоспар бойынша жүзеге асырылды.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы 15 спорттық іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, 2016 жылдың 6-8 қаңтар аралығында №29 орта мектепте бокстан округ әкімінің кубогі және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, №19 орта мектепте 9 мамыр «Ұлы жеңіс» күніне орай округ әкімінің кубогіне бокстан облыстық жарыс өткізілді.
Мамыр айында Алматы қаласында өткен бокс турнирінен Ащыбұлақ ауылдық округінен оқушылар қатысып, №29 орта мектептен Шоқан Нұржан 1 орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Талдықорған қаласында 2001-2002 ж.ж. ұлдар арасында өткен ХІІІ спартакиадасында Ащыбұлақ командасы ІІІ орынды иеленіп келді.
Округте екі футбол алаңы және әр мектептің жанында ойын алаңдары мен спорт залдары бар. Округтің 5 футбол командасы аудан чемпионатында ойын көрсетіп жүр, оның ішінде «Әнуар», «Сұлтанәлі» командалары Жоғарғы лигада, «Жеңіс», «Абылай» командалары Бірінші лигада өнер көрсетіп жүр.
№ 4 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 19 мектепте шахмат, тоғыз құмалақ, № 29 мектепте бокс, № 20 орта мектепте волейбол, баскетбол, үстел теннисі, № 37 негізгі орта мектепте күрес секциялары жұмыс жасайды.
Округ тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау үшін және жасөспірімдер арасында спорттың әр түрлі саласында жастардың қабілеттілігін ашу үшін спорт кешені ғимаратын салу қажет.
Жергілікті өзін-өзі басқару
Елбасымыздың «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары негізінде 98-қадамында көрсетілгендей - жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес шотында қазіргі таңда 6 млн 967 мың 517 теңге қаражат жиналды.
Бұл сыртқы объектілерде орналастырылған жылжымалы, жылжымайтын жарнама, сондай-ақ автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнамалардан, санитарлық тазалық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізінде салынған айыппұлдан, ерікті жинаудан түскен қаржы. Округ бойынша «Premium Logistic», «Premium Logistic Азия», «Первый Пивзавод», «Oasis Logistic », «Доскеев», «Аягөз», «Мартынов В.М» жеке шарушылық серіктестіктері, және жеке кәсіпкерлер,жарнама салығын төлеп отыр. «Aluminium of Kazakhstan» мекемелері келісім шарт бойынша жергілікті өзін -өзі басқару шотына жарнама салығын ай сайын төлеп отыр.
Жеке кәсіпкер «Нурдәулет», «ТасСтройСервис», «Мусеибова», «Ахмедов», жарнама үшін жергілікті өзін -өзі басқару шотына айына 505 294 теңге қаражат аударады. Заңсыз орнатылған жарнамалар алынып тасталып, ескертіу беріліп заңдастыруға жіберіледі.
ҚР «жарнама» туралы заңына 2016 жылдың 29 наурызынан № 479-V өзгерістер енгізуіне байланысты заңды актілер 2016 жылдың 22-ші сәуірінен күшіне енгізуіне байланысты жанармай құю бекеттерінің мұнай өнімдерінің түрлері мен бағасы және сатушының атауы мен логатипі жарнамаға жатпайтындығы себепті олар жарнама үшін ақы төлеуден босатылған.
Құқық қорғау
«Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірінің қас жауы» - демекші, қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысымен округ аумағында 8 учаскелік полиция инспекторы, екі кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор жұмыс атқарады. Учаскелік полиция инспекторларының есебі бойынша округ аумағында 2016 жылдың І жартылыдығында 204 қылмыс тіркеліп, оның 84 ашылды, пайыздық көрсеткіш 41,2.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексі негізінде 109 әкімшілік хаттама толтырылды.
Округімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға ардагерлер кеңесі, отбасы және гендерлік саясат бойынша комиссия, қоғамдық кеңес, көше комитеттері мүшелері, мектептерде ата-аналар кеңесі, жастар кеңесі, курд диаспорасы өз көмегін көрсетуде.
Учаскелік полиция инспекторларына округ әкімшілігі ғимаратынан 2 бөлме, Жәпек батыр ауылы Алтаев көшесінен № 68 үй, ескі дәрігерлік амбулатория ғимаратынан 3 бөлме бөлінген, «Нексия», «УАЗ 469» автокөліктерімен қамтамасыз етілген, байланыс телефоны орнатылған және 1-адам полиция инспекторларына тұрақты көмекші ретінде халық арасынан бөлінген. Полиция қызметкерлеріне көмек ретінде қоғамдық кеңес пен көше комитеттері мүшелерінен құрылған ерікті халық жасақшылары (ДНД) әр аптаның сенбі, жексенбі күндері және сақшы сарбаздары бекітілген кесте негізінде кезекшілікке шығады.
Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында учаскелік полиция тірегін салуға М.Түймебаев ауылы Тәуелсіздік көшесінен және Жәпек батыр ауылы Абай көшесінен жер телімі бөлініп, құжаттары дайындалып, салуға қаражат күтілуде.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар, әлемде егемен Қазақстан бар, оның көп ұлты, тату ынтымақшыл халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар, сол күнге берік сенім бар, деп есепті қорытындылап, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіруді мақсат еткен еліміздің дамуы мен Елбасының алға қойған міндеттерін жұмыла жүзеге асырып, ынтымақ пен бірлігіміз арқасында «Мәңгілік Ел» атану үшін еңбек етейік.
|