Ащыбұлақ ауылдық округінде Халықаралық Ескерткіштерді қорғау күніне орай «Мәңгілік елдің – мәдени мұрасы» атты акция аясында 16-18 сәуірі күні аралығында округте орналасқан ескерткіштердің маңында тазалық жұмыстары жүргізілді. 18 сәуір күні сағат 10-00 де М.Түймебаев ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіште және сағат 14-00 де Жәпек батыр ауылында орналасқан Сарыбәйбіше «Гүлжамал» ана ескерткішінде мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Округ әкімінің орынбасары Қ.Бұғабаев алғашқы сөз кезегін алып ардагерлерімізді және оқушыларымызды құттықтап сөз сөйледі. Келесі құттықтау сөз Іле ауданының құрметті азаматтары Қасымбеков Кеншін Шәкілұлы, Есенқұлов Жүрген Бүркітбайұлы, ардагерлер кеңесінің төрайымы Кулымбаева Гульжан Дауткуловна, ардагерлер кеңесінің мүшелері Қасымов Әбетжан, Махмудхан Ниязбек Кенжин, Қалиеков Майдан аталарымыз жиналған қауымды құттықтады. Құттықтап сөз сөйлегеннен кейін Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді 1 минут еске алу рәсімі өтіп, тұрғындар және оқушылар ескерткішке гүл қойды.
Салтанатты жиналыстың келесі бөлімі округіміздің көркемөнерпаздары арнайы дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, жиналған қауым концертті тамашалады.
Жалпы іс-шараға 250 адам қатысты.
 
|