БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > М Ә Л І М Е Т

 
 
 

9-мамыр «Ұлы Жеңістің 71 жылдығы күні»

11.05.2016 ж.
 

Ұлы Жеңіс –ерлік пен елдіктің, батырлықпен өжеттіктің мейрамы. Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай округ әкімі С.Кузембаев, Іле аудандық мәслихат депутаттары Ә.Исаев, С.Чатуев, ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаева, қоғамдық кеңес төрағасы Р.Бақтыбаев  Жәпек батыр ауылы, Оналбаев көшесі №49 үйде тұратын соғыс ардагері Н.Ф.Омельченконы мерекесімен құттықтап,  жылы лебіздерін білдіріп, азық-түлік қоржынымен гүл шоғын табыс етті. Қазаққа осындай тыныш заман тарту еткен ардагерлеріміз аман болсын!

 

 

2016 жылдың 01-08 мамыры күндері аралығында Ұлы Жеңістің 71  жылдық мерекесінің қарсаңында Ұлы отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке жаңадан құжаттары табылған 2 жауынгердің есімі тасқа қашалып жазылып,барлығы ескерткішке аты жазылған жауынгерлердің жалпы саны 252.  Жарық беру шамдары ауыстырылды, ЖШС «Аске» мекемесінің қызметкерлері ескерткіш ауласына 770 дана гүл отырғызды және округ әкімі аппаратының мамандары абаттандыру, тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.

09.05.2016 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі М.Туймебаев ауылының   орталық   спорт  алаңында  9-мамыр  «Ұлы Жеңістің 71 жылдығы  күні» мерекесіне арналған іс-шара  өтті. Мерекелік іс шара жоспары негізінде соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке округ әкімі С.Кузембаев, Іле аудандық мәслихат депутаттары Ә.Исаев, С.Чатуев, округ ардагерлері мен округте орналасқан барлық мекеме басшылары гүл шоқтарын қойып, жауынгерлерді еске алып бір минут үнсіздік жарияланды.

           М.Түймебаев ауылының орталық спорт алаңында  ауған соғысы ардагерлерінен, № 78460 әскери бөлімнің сарбаздарынан, округ аумағында орналасқан мектептердің жоғары сынып оқушыларынан, дәрігерлік амбулаториялардың қызметкерлерінен құралған  әскери шеру ұйымдастырылды.

         Мерекелік іс-шара  мелекеттік гимнмен ашылып, округіміздің  құрметті ақсақалдары мен азаматтары халықты құттықтап сөз сөйледі. Атап айтсақ  Аудандық мәслихат депутаты С.Чатуев, Ардагерлер кеңесі төрайымы Г.Кулымбаева, Іле ауданының құрметті азаматтары К.Қасымбеков, Ж.Есенқұлов «Нұр Отан» партиясы  «Орталық» тобының жетекшісі Ә.Қасымов  сөз сөйлеп, ардагерлер мен жиналған тұрғындарды Ұлы Жеңістің 71 жылдық  мерекесімен құттықтады. 

Округ ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Күншуақов халықты құттықтап, ауған соғыс ардагерлері атынан ардагерлер кеңесінің мүшесі Б.Еламановқа «Батыр шапағаты», аудандық мәслихат депутаты С.Чатуевқа, қоғамдық кеңес төрағалары Р.Бақтыбаевпен Т.Махановқа қоғамдық саяси жұмыстарға белсене араласқандары үшін «отан патриоты» медалін табыс етті.

         Мерекелік іс-шараның келесі бөлімінде жиналған халық  №4 орта мектеп ұжымымен округ көркемөнерпаздары  дайындаған концерттік іс-шаралар мен соғыс эпизодтарынан қойылған көріністерді тамашалады.     

         Осы аталған іс-шаралардан кейін М.Түймебаев мешітінің асханасында   Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар мен округіміздің  ардагерлеріне   арнап округ кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен 400 адамға дастархан жайылып  мерекелік түскі ас берілді. Мерекелік ас мәзірінің құрамына ардагерлерге арналған ұлттық тағамдармен бірге әскери жылжымалы қазанда дайындалған жауынгерлік тағам (солдатская каша) тартылды.

     Денсаулығына байланысты мерекеге келе алмаған жалғыз басты қарттарға және ардагерлерге  барлығы 37 адамның үйіне округ кәсіпкерлер кеңесінің дайындаған  мерекелік қоржыны  таратылды.

       Орталық спорт алаңында округтің 20 жеке кәсіпкерлері мерекелік сауда-саттық ұйымдастырды.

          Мерекелік іс-шараға 1700 ге  жуық адам қатысты.