07.05.2016 жылы Ащыбұлақ ауылдық округі Көкқайнар ауылы № 29 орта мектептің мәжіліс залында 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара мелекеттік гимнмен ашылып, алғашқы сөз кезегі округ әкімі С.Кузембаевқа берілді.
Округ әкімінің мерекені ашу салтанатынан кейін округіміздің құрметті ақсақалдары мен азаматтары халықты құттықтап сөз сөйледі. Атап айтсақ Ардагерлер кеңесі төрайымы Г.Кулымбаева, Іле ауданының құрметті азаматтары К.Қасымбеков, Ж.Есенқұлов жиналған қонақтармен мен оқушыларды Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады. Келесі құттықтау Ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектерінің ерікті қоғамының төрағасы М.Қаражігітов, Алматы облысы ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары Ә.Хамзайков халықты құттықтап сөз сөйлеп, «Абылай», «Беласар» жеке кәсіпкерлігі мекемесінің басшылары Ж.Мусагитов пен А.Суртаевқа өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Ауған соғыс ардагерлері атынан «Отан патриоты» медалін табыс етті.
Мерекелік іс-шараның келесі бөлімінде жиналған халық № 29 орта мектеп ұжымымен округ көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Концерттік бағдарламадан кейін № 29 орта мектептің спорт залында округте орналасқан мектептердің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында «Калашников автоматын шашып-жинау», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту» жарысы өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына округ әкімі мадақтама қағаздарын табыс етті.




|