7 наурыз күні округтің «Нұр-Әлі» мейрамханасында округтегі көпбалалы аналар, зейнеткер ұстаздар, медицина қызметкерлері, бұрынғы жүзім шаруашылығында жұмыс істеген зейнеткерлер, әйелдер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаты, округте орналасқан мектеп мұғалімдері мен дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің қатысуымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ардақты аналар » атты мерекелік кеші өтті. Округ әкімі С.Кузембаев алғашқы сөз кезегін алып аналарымызды мерекесімен құттықтап, көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерін және аналарға гүл шоқтарымен сыйлықтарды табыс етті. Салтанатты жиналыстың келесі бөлімі округіміздің көркемөнерпаздары арнайы дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, жиналған қауым концертті тамашалады.
2016 жылдың 4 наурызы күні округ әкімі С.Кузембаев және «Премиум Логистик» ЖШС-нің өкілімен бірге округіміздегі жалғыз басты 20 аналардың үйіне барып, сыйлықтар, азық-түлік қоржыны және гүл шоқтарын табыс етті.





|