БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > М Ә Л І М Е Т

 
 
 

1 – мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні

03.05.2016 ж.
 

       Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігінің 2016 жылға арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес,  Ащыбұлақ ауылдық округі М. Түймебаев ауылының орталық спорт алаңында 1 – мамыр Қазақстан халықтарының достығы күні мерекесіне арналған  іс-шара  өткізілді. Іс-шара округ аумағында тұратын ұлттардың ұлттық киімдерін киген мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері  шеру мен өтіп сапқа тұруымен басталды.

       Мерекелік іс-шара  Мемлекеттік гимнмен ашылып, алғашқы сөз кезегі округ әкімі С.Кузембаевқа  берілді.       

       Округ әкімінің мерекені ашу салтанатынан кейін округіміздің  ардагерлер кеңесінің төрайымы  Г.Кулымбаева, Іле ауданының құрметті азаматы

Қ.Қасымбеков, «Нұр Отан» партиясы  «Орталық» тобының жетекшісі Ә.Қасымов, күрд диаспорасының өкілі М. Мурзаев халықты құттықтап сөз сөйледі .

        Салтанатты жиналыстың келесі бөлімі округіміздің  көркемөнерпаздары арнайы дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, жиналған қауым  концертті тамашалады.

        № 19 орта мектеп ұжымы Түркмен халықтарының, № 29 орта мектебі ұжымы Түрік, Әзербайжан халқының, № 4 орта мектебі ұжымы Өзбек халқының, №37 толық емес орта мектебі Ұйғыр  халқының, Ащыбұлақ ауылдық дәрігерлік амбалаториясы ұжымы Украйн халқының, Жәпек батыр  дәрігерлік амбалаториясының ұжымы Корей халықының, Көкқайнар ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясы Татар халқының, «Күншуақ» балабақшасы қазақ халқының  әндері мен билерін халыққа паш етті.

        Аталған мекемелер ұжымын Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Кузембаев қатысқан барлық мекемелерге өзге ұлттардың өнерін халық арасында насихаттауда және ұлтаралық қатынастарды нығайтуда көрсеткен еңбектері үшін алғыс хатпен марапаттады.

        Ащыбұлақ  ауылдық округінде мәдениетті дамыту, тілдің мәртебесін өсіру және ұлттық салт – дәстүрлерімізді жаңғырту, салауатты өмір салтын насихаттауға округ көркемөнерпаздар ұйымы мен  округте орналасқан барлық мекеме ұжымдары белсене ат салысты.

         Мерекелік  іс-шараға 1000 –нан аса адам қатысты.