БАСТЫ > АУДАН ОКРУГТЕРІ > Ащыбұлақ > М Ә Л І М Е Т

 
 
 

1 наурыз - Алғыс айту күні

01.03.2016
 

       2016 жылдың 1 наурызы күні Ащыбұлақ ауылдық округі, М.Түймебаев ауылы № 20 орта мектептің мәжіліс залында Алғыс айту күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға округ әкімінің м.а К.Муралимова, Іле ауданының құрметті азаматтары Қасымбеков Кеншін Шәкілұлы, Н. Нургалиев Ж.Есенқұлов, Г. Сулейманов, «Нұр Отан» партиясы «Орталық» топтық ұйымынының төрағасы Ә.Қасымов, әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Боранчинова, ауыл тұрғындары, округ қоғамдық кеңес төрағалары, округ аумағында орналасқан мектептердің тәрбие ісі меңгерушілері, мұғалімдер барлығы, 120 адам қатысты.
Мерекені Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы К.Муралимова ашып, халықты мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Келесі құттықтау сөз аудандық мәслихат депутаты Ш.Қағазбаева, Іле ауданының құрметті азаматы К.Қасымбеков, әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Боранчинова, Қытайдан келген ардагеріміз Махмудхан Ниязбек Кенжин, Курд диаспорасының жетекшісі, М.Түймебаев ауылының қоғамдық кеңес төрағасы С.Чатуев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Келесі бөлімде округтің көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаны тамашалады.