Аудан бойынша 88 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 38 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп, 49 мектепке дейінгі білім беру мекемелері. Бүгінгі күні ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны – 49, оның ішінде: 7 мемлекеттік балабақша, 26 жекеменшік балабақша және мектептерде орналасқан 13 мемлекеттік және 3 жекеменшік шағын орталық бар.
2014–2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген бағдарламаны іске асыру барысында, бекітілген іс-шара жоспарын жүзеге асыру мақсатында аудандық білім бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп жоспарлы бағдарламаға сәйкес жұмыс жүргізуде.
Аудан бойынша 91 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 38 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 жекеменшік мектеп, 49 мектепке дейінгі білім беру мекемелері және 3 қосымша білім беру (муз.мектеп).
Аудан бойынша оқушылардың саны жылдан жылға өсуде. Атап айтқанда 2012-2013 оқу жылында аудан бойынша жалпы оқушылар саны 31924 болса, 2013-2014 оқу жылында 34199 оқушы есепке алынды.Ал осы 2014-2015 оқу жылында жалпы аудан бойынша 36221 оқушы болды .
Сондықтан осы 2014-2015 оқу жылында аудан бойынша 15 мектеп үш ауысымда оқиды.
Оқушылардың үш оқу жылы бойынша білім сапасының пайыздық көрсеткіштері: Аудан бойынша 2011-2012 оқу жылында білім сапасы 53 пайыз, 2012-2013 оқу жылында 54 пайыз, 2013-2014 оқу жылында 54 пайыз білім сапасын көрсетті. Ал үш оқу жылы бойынша үлгерім сапасы 100 пайыз.
2013-2014 оқу жылының есебі бойынша аудан мектептеріндегі барлық оқушы саны -33935 , оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында -1606 оқушы, 5-9 сыныптар аралығында- 15022 оқушы, 10-11 сыныптар аралығында -2853 оқушы.
2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданда білім сапасы – 54 %, үздік оқушы 6412, ол 20 % құрайды, екпінді оқушы саны – 11974 ( ол 30 % ) және орташа оқитын оқушы саны 14763 (ол 40 %) , үлгермейтін оқушылар жоқ.
1-4 сыныптар арасындағы үздік оқушылар саны – 4242 ( 26% ), 5-9 сыныптар арасындағы үздіктер саны 1989 ( 13% ), 10-11 сыныптар арасындағы үздіктер саны 181 оқушы ( 6 %).
1-4 сынып аралығында білім сапасы - 61 %, 5-9 сынып аралығында- 47 %, 10-11 сынып аралығында- 47 %.
Диаграмма
Оқу жылының аяғында 9 сыныпты үздік куәлікпен бітірген оқушы саны 198.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы аудандық көрсеткіштен ( 54 %) төмен болған мектептер: №26-51%, №21-52%, №19-53%, №31-47%, №10-51%, №37-53%, №22-53%, №3-52%, №12-52%, №25-53%, №9-50%.
2014-2015 оқу жылының 1-ші жартыжылдықтың есебі бойынша аудан мектептеріндегі барлық оқушы саны -36145 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында -17471 оқушы, 5-9 сыныптар аралығында- 15872 оқушы, 10-11 сыныптар аралығында -2802 оқушы.
2014-2015 оқу жылының ІІ тоқсандық білім сапасының қорытындысы бойынша ауданда білім сапасы – 51 %, 4953 үздік оқушы, ол 14% құрайды, 10784 екпінді оқушы- 30 % және 14656 орташа оқитын-40 % оқушылар есебі алынды, үлгермейтін оқушылар жоқ.
1-4 сыныптар арасындағы үздік оқушылар саны – 2815 ( 16 % ), 5-9 сыныптар арасындағы үздіктер саны 1894 ( 12% ), 10-11 сыныптар арасындағы үздіктер саны 244 оқушы ( 9 %).
1-4 сынып аралығында білім сапасы - 59 %, 5-9 сынып аралығында- 44 %, 10-11 сынып аралығында- 44 %.
2014-2015 оқу жылының 1-ші жартыжылдықтың есебі бойынша білім сапасы аудандық көрсеткіштен ( 51 %) төмен болған мектептер: №14-48, №18-49, №17-49, №26-50%, №21-46%, №19-49%, №31-45%, №10-47%, №22-50%, №3-49%, №41-50%, №39-50%, №12-49%, №2-50 % , №6-49%, №9-45%.
2012 -2013 оқу жылы 2013-2014 оқу жылы
сыныптар оқушылар саны Білім сапасы Үздіктер саны Үздіктер пайызы оқушылар саны Білім сапасы Үздіктер саны Үздіктер пайызы
1-4 14382 64% 3839 27% 1606 61% 4242 26%
5-9 14579 46% 1846 13% 15022 48% 1989 13%
10-11 2822 47% 261 9% 2853 48% 181 6%
барлығы 31783 54 5946 16,3 19481 54 6412 15
Аудан мектептерінде сыныпта сыныпқа көшкен сайын үздік оқушыларының саны азайуы белгілі.
Мектеп әкімшілігі сол мәселеде жылдар бойы жұмыс атқаруда. Сонымен қатар 9 сыныптан кейін көп үздік оқушылар мектептен арнаулы орта білім алу үшін колледждерге кетеді.
11 жыл бойы оқушыларға берген білім сапасының қорытынды көрсеткіші ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші болып есептеледі.
2013-2014 оқу жылында аудан бойынша 1336 оқушы 11 сыныпты бітірді, оның 935 ҰБТ-ге 70 % қатысты. Орташа балл 74,6 болды (облыстық көрсеткіш 73, облыс рейтингі бойынша аудан 7 орынға шығып, былтырғы көрсеткіштен 2,4 баллға көтерілді).
«Алтын белгі» төс белгісіне 25 үміткерден 22 бітіруші, ал «Үздік аттестатқа» 9 бітіруші тиісті білім дәрежесін дәлелдеді.
Соңғы 3 жыл ішінде ҰБТ бойынша жалпы мәліметтер
№1 мектеп директоры Г.Кульбаева 8 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№2 мектеп директоры С.Оспанов 5 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№7 мектеп директоры К.Баданова 2 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№14 мектеп директоры К.Балқыбекова 2 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№21 мектеп директоры Г.Нурғожаева 2 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№22 мектеп директоры Б.Найманбаева 12 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№31 мектеп директоры Ш.Бектурғанова осы жылдан бастап мектеп директорының қызметін атқарады
№32 мектеп директоры Н.Бопетаев 6 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№ 35 мектеп директоры Т.Исаева 28 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№41 мектеп директоры А.Кобегенова 4 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады
№34 мектеп директоры А.Байжанов 2 жыл бойы мектеп директорының қызметін атқарады.
№20 мектеп 2014 жылы ашылды.
Жоғарыда көрсетілген мектептерде «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» мүлдем алынбаған.
Жылдан жылға ЖОО түскен және мемлекеттік грант иегерлерінің саны өсуде
Соңғы үш жылда мектеп бітіруші 11 сынып түлектерінің ЖОО және оның ішінде мемлекеттік грант иегерлері туралы сандық және диаграммалық мәліметтер
Жылдар 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
11 сыныпты бітірген түлектер саны 1339 1485 1336
ЖОО түскендер саны
700 739 742
Мемлекеттік грант иегерлері 147 201 269
Осы оқу жылында 11 сынып бітіруші саны 1361, ҰБТ-ге қатысу оқушылар саны- 1041, ол 76 пайызды құрайды.
ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.
Аудан бойынша 7 сынақ тест өткізілді, соңғы алынған сынақ тесттің орташа баллы – 80,6.
«Алтын белгіге» үміткер оқушы саны -30, «Уздік аттестатқа» - 10, оның ішінде соңғы сынақ тест бойынша «Алтын белгіге» 23 үміткер және «Үздік аттестатқа» 3 үміткер өз білімдерін дәлелдеді.
Аудан бойынша 15 мектепте ( 40 % ) оқыту үш ауысымда болғандықтан жалпы қосымша сабақтар және ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында қазіргі кезде мүмкіндік болмай тұр. Осы жағдай пәндер бойынша сапалы сабақ өткізу мен оқушылардың білім сапасына өзінің кері әсерін тигізуде.
Дарынды балаларды қолдау мақсатында ауданымызда жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.Үш жыл бойынша облыстық және республикалық пәндер олимпиадасының сандық және диаграммалық көрсеткіштері төмендегідей.
2012 жылы облыстық пән олимпиадасына ауданнан 21 оқушы қатысып, оның 11-і жүлделі орынға ие болды. 2013 жылы 22 оқушы қатысып ,оның 15-і жүлделі орынға ие болды, ал 2014 жылы 14 оқушының 10-ы жүлделі орын алды.
Республикалық пән олимпиадасында 2012 жылы 1 оқушы жүлделі , 2013 және 2014 жылдары жүлделі орындар болған жоқ. Осы 20142015 оқу жылында Республикалық олимпиадаға 4 оқушы қатысып, құқық негіздері пәнінен №38 мектеп-гимназиясының 1 оқушысы 3 орынға ие болды.
Осы 2014-2015 оқу жылында аудандық олимпиадаға мектептерден 763 оқушы қатысып, 40 оқушы әр түрлі пәндер бойынша жүлделі орындардарға ие болды.Облыстық олимпиадаға аудан мектептерінен 13 пән бойынша 19 оқушы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша 19 оқушының барлығы жүлделі орындар алды.
Облыстық пән олимпиадасына қатысушылар бойынша жүлдегерлерінің үш жылдық пайыздық үлесі:
2012 жылы 68 %,2013 жылы білім сапасы 71,4 % болса , 2014 жылы 100 %
Облыстық «Дарын» ғылыми жоба байқауы:
2011-2012 қатысқаны – 31, жүлделі орын алғандар – 27 оқушы.
2012-2013 қатысқаны – 12, жүлделі орындар алғандар – 9 оқушы.
2013-2014 қатысқаны – 26, жүлделі орын алғандар – 11 оқушы.
Республикалық «Дарын» ғылыми жоба байқауы:
2011-2012 қатысқаны –6, жүлделі орын алғандар – 5 оқушы.
2012-2013 қатысқаны –2, жүлделі орындар алғандар – 1 оқушы.
2013-2014 қатысқаны – 2, жүлделі орын алғандар – 1 оқушы
Халықаралық «Дарын» ғылыми жоба байқауы:
2011-2012 қатысқаны – 5, жүлделі орын алғандар – 5 оқушы.
2012-2013 қатысқаны – 5, жүлделі орындар алғандар – 5 оқушы.
2013-2014 қатысқаны –6, жүлделі орын алғандар – 6 оқушы
Облыстық КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯ конференциясы:
2011-2012 қатысқаны – 21, жүлделі орын алғандар – 10 оқушы.
2012-2013 қатысқаны - 19, жүлделі орын алғандар – 5 оқушы.
2013-2014 қатысқаны – 16, жүлделі орын алғандар – 8 оқушы.
Республикалық КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯ конференциясы:
2011-2012 қатысқаны – 9, жүлделі орын алғандар – 9 оқушы.
2012-2013 қатысқаны - 7, жүлделі орын алғандар – 4 оқушы.
2013-2014 қатысқаны – 2, жүлделі орын алғандар – 1 оқушы
Республикалық «Зерде» оқушылардың зерттеу және шығармашылық жобасы:
2011-2012 қатысқаны – 8, жүлделі орын алғандар – 4 оқушы.
2012-2013 қатысқаны - 8, жүлделі орын алғандар – 8 оқушы.
2013-2014 қатысқаны – 3, жүлделі орын алғандар – 3 оқушы
Осы 2014-2015 оқу жылы бойынша қазіргі уақытта
Облыстық «Дарын» ғылыми жоба байқауына 41 оқушы қатысып , 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық сырттай «Зерде» оқушылардың ғылыми жоба байқауына 32 оқушы қатысып 19 жүлделі орындарға ие болды, 13 оқушы мақтау қағазымен марапатталды, 6 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушыларды ғылымға тарту жұмыстарының нәтижесі қанағаттанарлық болып саналса да, әлі де алдымызда тұрған мақсаттар көп. Осы жұмыстардың 2 жылдық нәтижесін алсақ, ғылыми жобалар сайыстарына қатысушылардың және жүлдегерлердің саны өсуде.
Облыстық, республикалық түрлі пәндік байқаулар мен спорттық жарыстарға оқушыларды қатыстыруға осы уақытқа дейін аудан тарапынан жол қаражаты қарастырылмаған, жол шығыны ата-аналар есебінен қаржыландырылып келеді.
2013-2014 оқу жылында аудан бойынша 1336 оқушы 11 сыныпты бітірді, оның 935 ҰБТ-ге 70 % қатысты. Орташа балл 74,6 болды (облыстық көрсеткіш 73, облыс рейтингі бойынша аудан 7 орынға шығып, былтырғы көрсеткіштен 2,4 баллға көтерілді).
«Алтын белгі» төс белгісіне 25 үміткерден 22 бітіруші, ал «Үздік аттестатқа» 9 бітіруші тиісті білім дәрежесін дәлелдеді.
Аудан мектептерінде 2877 мұғалім жұмыс істейді. Жалпы педагогтың 2448-і, яғни 87,6 %-ы жоғары білімді. 22 –і (0,78 %) аяқталмаған жоғары , ал 323-і (11,5 %) орта арнаулы білімді.
Педагог мамандардың біліктілік дәрежесіне қойылатын талап та ерекше
Жыл сайынғы педагог мамандардың аттестаттау қорытындысы бойынша 2012 жылы бірінші санатқа 141 мұғалім өтсе,жоғары санатқа 82 мұғалім өтті,ал 2013 жылы бірінші санатқа өткен мұғалім саны 146,жоғары санатқа 50 мұғалім; ал 2014 жылы бірінші санат – 139 және жоғары санат бойынша 83 мұғалім біліктілік дәрежелерін көтерді.
Бүгінгі күні аудан бойынша жалпы педагогтың 2448-і, яғни 87,6 %-ы жоғары білімді. 22 –і (0,78 %) аяқталмаған жоғары білімді, ал 323-і (11,5 %) орта арнаулы білімді.Жоғары санаттағы мұғалімдердің саны –400, (14,3%), І санат – 888 – 31,7 %, ІІ санат – 836 -30%, санаты жоқ – 669,бұл барлық педагогтардың 23,9 % пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта аудан бойынша жоғарғы санатты-431 мұғалім, І санатты-867 мұғалім, ІІ санатты-877 мұғалім болса, ал санаты жоқ - 702 мұғалім.
«Еліміздің тағдыры жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай еліміздің ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру біздің басты мақсатымыз және міндетіміз.Оқушыларға терең білім беру үшін , ұстаздардың да білім дәрежесі сол талап деңгейіне сәйкес болу керек. Осы мақсатты іске асыру үшін облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институты жанынан 2012 жылы-520, 2013 жылы- 490, ал 2014 жылы- 430 педагог өз білімдерін жетілдірді.
Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан:
І деңгейінен 2013 жылы 25 мұғалім,2014 жылы 14 мұғалім;
ІІ деңгейден 2013 жылы 16, 2014 жылы 27 мұғалім өз білімдерін жетілдірсе,ал
ІІІ деңгейден 2012 жылы 52 мұғалім,2013 жылы 87 мұғалім,
2014 жылы 88 мұғалім аталған курста өз білімдерін жетілдіріп бүгінгі күні аудан бойынша барлығы - 309 мұғалім деңгейлік курстардың сертификатына ие болды.Бұл жалпы педагогтар санының 10,8 пайызын құрайды.Мектеп басшыларына арналған 9 айлық курстан 3 мектеп директоры және 3 мектеп директорының орынбасарлары өздерінің білім-білік дәрежелерін арттыруда. Білім беруді реформалау бүгінгі күні білім мекемемелерін білімді, білікті және дарынды кадрлармен толықтыруды және педагог кадрлардың біліктілігін арттыруын қажет етеді
Жас мамандарға қолдау көрсетуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2012 жылы 46 жас маманға 5 млн 210 мың тенге көтерме ақы, 27 жас маманға үй алуға 67 млн 494 тенге кредит берілді. 2013 жылы 34 жас маманға 4 млн. 119 мың тенге көлемінде көтерме ақы берілді және 19 жас маманға баспана алуға 49 млн. 309 мың тенге көлемінде ақы берілді, ал 2014 жылы 28 маманға 3 млн. 629 мың теңге көлемінде көтерме ақы және 17 жас маманға баспана алуға 46 млн. 670 мың тенге көлемінде ақы берілді.
Көтерме ақы алған жас мамандар саны
Баспана алуаға қаржы алған жас мамандар саны
Тәрбие жұмысы
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында аудан мектептерінің тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы ҚР Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген негізгі 12 бағыт басшылыққа алынып, арнайы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі.
Аудан мектептері бойынша оқушылардың әлеуметтік статусы анықталып, бекітілген, олармен мектеп психологтары, сынып жетекшілері және әлеуметтік педагогтар жеке жұмыстар жүргізеді.
Мектеп оқушыларының әлеуметтік мәртебесі
Білім бөлімінің аудандық ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімімен бірлескен құқық бұзушылықтар профилактикасының жұмыс жоспары бекітілген.
Жоспар негізінде құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық тәрбие айлығы өткізіледі. Мектеп кітапханасында «Заңды білу-міндет» бұрыштары ұйымдастырылады. Сондай-ақ құқықтық бағытта үйірмелер жұмыс жасауда.
Құқықтық бағыттағы үйірмелер
Білім мекемелерінде оқушылардың қызығушылығы бойынша түрлі бағыттарда үйірмелер жүргізіліп, бақылануда.
Білім мекемелеріндегі үйірмелер жұмысы бойынша көрсеткіш:
2012 2013 2014
Үйірме саны Қамтылған бала саны Пайызы Үйірме саны Қамтылған бала саны Пайызы Үйірме саны Қамтылған бала саны Пайызы
916 16666 52,2 908 16590 48,5 930 16876 46,5
Үйірмеге қамтылған оқушылар санының пайздық көрсеткіші
Аудан бойынша жалпы оқушылар саны жылдан-жылға артып отыр. Білім беру мекемелерінде білім стандарты бойынша үйірмелерге бөлінген сағат саны өзгеріссіз. Осы себептерге байланысты үйірмеге қамту пайызы салыстырмалы көрсеткіш бойынша төмендеп отыр.
Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің есебінде 2013 жылы 63 оқушы тұрған, 2014 жылы 57, қазіргі уақытта 54 оқушы есепте тұр.
Ювеналды полиция есебінде 2012 жылда-81, 2013 жылда-63, 2014 жылда-57 оқушы тұр.
Бұл көрсеткіш аудан мектептерінде білім алатын оқушылардың 0,16 %-ын құрайды. Бұл оқушыларға тәлімгерлер бекітіліп, түзету жұмыстары жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланып отырады.
Ерекше жағдайда тәрбиелеуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдер, девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы түзету мектебіне жіберілген оқушылар мәліметі төмендегідей:
2012жыл 2013жыл 2014жыл
№15ом-1 №15ом-1
№26ом-1
№32ом-1 №9ом-1
Арнайы түзету мектебіне жіберілген оқушылар саны
Оқушылардың жазғы демалыс күндеріндегі демалысы мен сауықтырылуының негізгі түрі мектеп жанында ұйымдастырылатын лагерь болып табылады, сондықтан аудан бойынша І ауысымда ата-ананың демеушілігімен ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 24 лагерь ұйымдастырылып, онда 4802 оқушы қамтылды.
ІІ-ІІІ ауысымдарында 28 мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын лагерьлерде демалған оқушы саны – 3199.
Іле ауданы бойынша демалыс және сауықтыру іс- шараларына 2013 жылы 8506 оқушы қамтылса, 2014 жылы 11236 оқушы қамтылды, 2013 жылы еңбекке қамтылған оқушылар саны 7080 болса, 2014 жылы 8685 оқушы қамтылды. Іс-шараның барлық түрімен қамтылатын оқушы саны 2013 жылы 25586 болса, яғни 84,7 пайыз құрған, 2014 жылы 32484 оқушы қамтылды, жалпы 86,5 пайыз құрады.
Жазғы демалыспен қамтудың салыстырмалы пайыздық көрсеткіші
Аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының есебінде тұратын 295 балаға, әл-ауқаты төмен, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға білім беру қорынан оқұ құралдар, мектеп формасы, оқулықтар берілді және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
2013 жылы жалпыға бірдей білім беру қорына бюджеттен 56 млн.204 мың теңге бөлісе, 2014 жылы 74 млн.621 мың теңге бөлінді.
75 баланың мүлігі қорғауға әділет басқармасында тіркелінді, үй алу үшін кезекке 136 бала қойылды.
2014 жылдың желтоқсан айында ауданның 24 жетім баласына аудан әкімшілігінен 9 пәтер берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.03.2012 жылғы № 838 Қаулысымен бекітілген қамқоршыларға /қорғаншыларға/ жәрдемақы төлеу туралы Ережесінің негізінде қамқоршыларға ай сайын 10 АЕК (МРП) төленеді.
2013 жылы 182 қамқоршыға (қорғаншыға) 236 баланы күтіп бағуға 43 млн 074 мың теңге бөлініп төленді, ал 2014 жылы 204 қамқоршыға (қорғаншыға) 263 баланы күтіп бағуға 61 млн.147 мың теңге бөлініп төленді.
22.04.2014 жылы Алматы облысы Іле аудандық Әділет басқармасында «Солнышко» балалар үйі» жекеше мекемесі тіркелген.
Іле аудан әкімінің №№7-63, 28.04.2014 жылы шешімдерімен «Радонеж» корпоративті қайырымдылық қорынан 106 кәмелетке толмаған бала ішінде 95 бала «Солнышко» балалар үйі» жекеше мекемесіне уақытша орналастырылды.
Қалған 11 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінде, 6 бала қамқоршылыққа берілді, 3 бала мемлекеттік балалар үйіне орналастырылды, 1 бала Жамбыл облысындағы «Жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа» қайтарылды. 2014 жылы қазан айында екі бала Плеганов отбасынан уақытша балалар үйіне орналыстырылды.
Қазіргі уақытта балалар үйінде 68 бала тәрбиеленеді, 29 бала отбасына қайтарылды.
2 ТАРАУ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ
Іле ауданындағы балабақшалардағы тәрбие-білім беру қызметі негізделеді білім беру саласындағы ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Білім туралы", "ҚР тілдер туралы", "ҚР баланың құқықтары туралы" Заңдары және "ҚР Азаматтарының денсаулығын қорғау" Кодекстер, Президент актілері, Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары, ҚР Үкіметі білім және ғылым аумағында, бала құқығы жөнінде Конвенция, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" стандарты, Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған тұжырымдамалар, Білім беру бағдарламалары, Санитарлық ережелер мен нормалар, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 25.07.2003ж. №571 бұйрығы, "Балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қорғау", "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдай" туралы құжаттар нормативтік құжаттарға сүйенеді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері оқу-тәрбие жұмысы негізделетін бағдарламалар: "Зерек бала", "Біз
мектепке барамыз» және "Мектепалды даярлау".
Бүгінгі күні ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны – 59, оның ішінде: 7 мемлекеттік балабақша,
10 жекеменшік балабақша, «Балапан» бағдарламасы бойынша 26 жекеменшік балабақша және мектептерде
орналасқан 13 мемлекеттік және 3 жекеменшік шағын орталық бар.
Округ бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бала санының салыстырмалы көрсеткіші
Бағдарламаны 2014 –2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 456 млн 934 мың теңгені құрайды.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 2014 жылы М. Түймебаев ауылында 140 орынға арналған «Күншуақ» балабақшасы және Жауғашты ауылы № 27 орта мектебінде 50 балаға арналған шағын орталық ашылды.
Сонымен қатар жекеменшік 25 балабақша ашылды.
«Балапан» бағдарламасы бойынша мекеме санының көрсеткіші
«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі бала санының салыстырмалы көрсеткіші
Қосөзен ауылындағы 140 орынға арналған «Нұрлы» мемлекеттік балабақшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мектепке дейінгі білім берумен бүгінгі күні 5402 бала қамтылып 60,2% құрап отыр (2013 жылда қамту пайызы 49,1 болған).
Бағарламаның орындалуын жалғастыру мақсатында 2015 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен балаларды қамту мақсатында Өтеген батыр кентінде 320 орынға, Ақши ауылында 280 орынға арналаған мемлекеттік балабақша және «Балапан» бағдарламасы бойынша 2340 орынға арналған 17 балабақша ашу жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекте тұрған балалардың көрсеткіші
Мектеп жасына дейін балаларды оқу және тәрбиелеумен толық қамтамасыз ету үшін Отеген батыр, Жапек батыр, КазЦИК, Байсерке, Боралдай, Междуреченск, ЖаңаТалап, Ынтымак, Чапай ауылдарында балабақша ғимараттарын салу қажет етеді.
2014 – 2015 оқу жылында жалпы 33 балабақша және 16 шағын орталық жұмыс істеуде. Осы балабақшалардың 3-еуі мемлекеттік, 28 жекеменшік балабақша «Балапан» бағдарламасы негізінде жұмыс істейді. Балабақша мен шағын орталықтардың барлығы талапқа сай безендірілген, бөлмелері кең, жарық. (суреттер)
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында көптеген аудандық, облыстық байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Аудандық байқауларда «Әдемі», «Гнездышко», «Балауса», «Балдаурен», «Балдырған», «Ақбота», «Юнона» балабақшалары үнемі белсенділік көрсетіп, жүлделі орындарға ие болула. Сонымен қатар ауданымыздың мектепке дейінгі білім беру мекемелері облыстық байқауларда әрқашан да жүлделі орындарға ие болуда, айта кетсек «Гнездышко» балабақшасы «Үздік балабақша» байқауында ІІ орын; «Ақбота» балабақшасы «Үздік білім беру мекемесі» байқауында ІІІ орын; «Балауса» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі «Үздік балабақша меңгерушісі» байқауында І орын иеленсе; «Балдаурен» шағын орталығының тәрбиешісі Чжан Л.А. «Ең үздік флип-чарт сабақтар» байқауынан облыстан І орынға ие болып, Республикалық байқаудан ІІ орынға ие болды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында тәжірибе алмасу мақсатында педагогикалық оқулар, семинарлар үнемі ұйымдастырылып тұрады. Оқу жылының басында ұйымдастырылған аудандық педагогикалық оқуда І орын алған «Ақбота» балабақшасының психологы, «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі және қазақ тілі пәні мұғалімі, «Родничок» жекеменшік балабақшасының әдіскері облыстық педагогикалық оқуларға қатысып жүлделі орындарға ие болып, іс-тәжірибелері облыстық әдістемелік кітапқа шығарылды.
«Әдемі», «Балауса», «Ақбота» балабақшалары аудандық және облыстық семинарлар өткізіп, семинарлары үздік бағаланды.
«Балапан» бағдарламасы негізінде ашылған балабақшаларда ашық сабақтар мен әр - түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіледі
Іле ауданына қарасты мектепке дейінгі ұйымдардың әлсіз жақтары және жетістіктері
Педагогтардың сапалық және сандық құрамы
Іле ауданының білім саласы бойынша 2015-2019 жылдарға әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші туралы ақпарат
2015 жылы Өтеген батыр кентінде 320 орынды және Ақши ауылында 180 орынды 2 балабақша ғимаратының құрылысы аяқталып 2 мемлекеттік балабақша ашылады. Сонымен қатар жекеменшік 17 балабақша:
1. Өтеген батыр кенті – 3 балабақша 350 орынға;
2. Байсерке ауылы – 2 балабақша 150 орынға;
3. Жетіген ауылы – 1 балабақша 320 орынға;
4. Караой ауылы – 1 балабақша 240 орынға;
5. Чапай ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
6. Боролдай кенті – 4 балабақша 750 орынға;
7. Казцик ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
8. М. Түймебаев ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
9. Жапек батыр ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
10. Жаңаталап ауылы – 1 балабақша 80 орынға;
11. Карасу ауылы – 1 балабақша 50 орынға;
2 шағын орталық ашылады (Өтеген батыр кентіндегі жаңа мектепте 75 орынға, Комсомол ауылының жаңа мектебінде 25 орынға), 9378 бала қамтылып, балабақшамен қамтылу пайызы 65 –ке көтеріледі .
2016 жылы Қоянкус ауылында балабақша ғимараты салынып, 280 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылады, сонымен қатар Али, Тлендиев, Комсомол, Өтеген батыр, Құйған ауылдарында ескі мектептердің ғимараты қүрделі жөндеуден өтіп 5 мемлекеттік балабақша 720 орынға , 1 шағын орталық ашылады (Көккайнар ауылындағы жаңа мектепте 50 орынға)
жекеменшік 11 балабақша:
1. Өтеген батыр кенті – 2 балабақша 220 орынға;
2. Байсерке ауылы – 2 балабақша 240 орынға;
3. Қосөзен ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
4. Боролдай кенті – 3 балабақша 360 орынға;
5. Екпінды ауылы – 1 балабақша 110 орынға;
6. Ынтымак ауылы – 1 балабақша 80 орынға;
7. Покровка кенті – 1 балабақша 75 орынға ашылады, 68 мектепке дейінгі мекемеде, оның ішінде мемлекеттік балабақша -14, жекеменшік балабақша -54, 10918 бала қамтылып, қамтылу пайызы 70-ке көтеріледі.
2017 жылы Междуреченск ауылында 180 орынды мемлекеттік балабақша, жекеменшік 7 балабақша:
1. Өтеген батыр кенті – 1 балабақша 150 орынға;
2. Байсерке ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
3. Жетіген ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
4. Боролдай кенті – 2 балабақша 300 орынға;
5. Жапек батыр ауылы – 1 балабақша 180 орынға;
Көктерек ауылы – 1 балабақша 100 орынға ашылып, сонымен қатар Коккайнар ауылында ескі мектепттің ғимараты қүрделі жөндеуден өтіп 1 мемлекеттік балабақша 60 орынға ашылады , барлық мектепке дейінгі мекемелердің саны 79, 12253 бала қамтылып қамтылу пайызы 80 болады.
2018 жылы КазЦИК ауылында балабақша ғимараты салынып, 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылады, жекеменшік 5 балабақша:
1. Байсерке ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
2. Жетіген ауылы – 1 балабақша 120 орынға;
3. Чапай ауылы – 1 балабақша 150 орынға;
4. М. Түймебаев ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
5. Жапек батыр ауылы – 1 балабақша 100 орынға ашылады, 82 мектепке дейінгі мекемеде, оның ішінде мемлекеттік балабақша -16, жекеменшік балабақша -66, 12963 бала қамтылып, қамтылу пайызы 90 –ға көтеріледі.
2019 жылы Екпінді ауылында балабақша ғимараты салынып, 1 мемлекеттік балабақша ашылады, 280 орынға арналған 5 шағын орталық ашылады (Қараой, Косөзен, Междуреченское, Жетіген, Жанадаур ауылдарындағы жаңа мектептерінде),
жекеменшік 5 балабақша:
1. Коянкус ауылы – 1 балабақша 105 орынға;
2. Междуреченское ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
3. Ынтымак ауылы – 1 балабақша 100 орынға;
4. Төле би ауылы – 1 балабақша 70 орынға;
5. Боролдай кенті – 1 балабақша 100 орынға ашылады, сонымен қатар Жанадәуір ауылында ескі мектепттің ғимараты қүрделі жөндеуден өтіп 1 мемлекеттік балабақша 105 орынға ашылады, 114 мектепке дейінгі мекемеде, оның ішінде 17 мемелекеттік балабақшада, 71 жекеменшік балабақша, 26 шағын орталықта 14038 бала қамтылып, қамтылу пайызы 100-ге жеткізіледі.
Кезең-кезеңмен жоспар бойынша балабақшалар ашылған жағдайда кезекте тұрған бала саны 2014 жылы 3871 бала, 2015 жылы 2800 бала, 2016 жылы 1800, 2017 жылы 1300 бала, 2018 жылы 800 бала, 2019 жылы 400 балаға азаяды.
|