ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖҮРГІЗІЛЕТІН
ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ


№13 М.Мақтаев атындағы орта мектепте жазғы демалыс күндері оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, білімдерін барынша кеңейту мақсатында шілде айында үйірме жұмыстары жүргізілуде. Яғни, ‹‹Компьютерлік дизайн›› (6-9 сыныптар, жауапты Г. Көпеева), ‹‹Қызықты есептер› (10 сыныптар, жауапты С.Төлеуқұлова, Б. Шынасылова, Г. Әкімбаева)›, ‹‹Сөз мергені›› (9-10 сыныптар, жауапты С. Жұмамұратова), ‹‹Шешендік өнер›› (9-10 сыныптар, жауапты А. Шаңлақбаева), ‹‹Жас тілші›› (10 сыныптар, жауапты Қ. Игембаева), ‹‹Жас тарихшы›› (10 сыныптар жауапты А. Нұрғожаева), ‹‹Ағылшын тілін оқыту›› (6-8 сыныптар, жауапты А.Қожаева, А.Арғынбаева) атты үйірме жұмыстары әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері жүргізілуде. Барлық үйірме жұмыстарының күнтізбелік жоспары мен сабақ жоспарлары құрылып, бекітілген. Жалпы мектеп бойынша ұйымдастырылған үйірмелерге сол үйірмеге бейімі бар оқушылар қамтылған. ‹‹Компьютерлік дизайн›› үйірмесіне қатысқан оқушылар арасынан компьютердің қыр-сырын жетік меңгеріп шығатын ерекше қабілетті оқушылар деп, Айдана Оралбек, Жасұлан Жолдыбеков, Жанар Азиева сынды шәкірттерді айтуға болады. ‹‹Қызықты есептер›› үйірмесіне 20 оқушы қатысуда. Мектепте алған білімдерін тереңдету мақсатында түрлі қызықты есептерді шығару жолдарының тиімді жағын қарастырумен қатар шапшаңдық қабілеттерін дамытуда. ‹‹Сөз мерген››, ‹‹Жас тілші›› үйірмесінде оқушылар асыл сөз ана тілінің құдіреттілігіне мән бере отыра, оқушылардың кемелденген тіл қазақ тілін игеруге мүмкіндік береді. Оқушыларды шығармашылыққа дағдыландыру, баспасөз беттеріне оқушылар шығармашылығын шығару. Осы үйірме жұмыстары арқылы ақын, жазушылар шығармашылығын сүйіп оқитын оқушылар арасынан өз бетімен, талпынып, өлең шығаратын оқушылар іріктелінді. Олар: Айгерім Оқас, Назира Өтеген, Сераға Сәкенбай, Айдана Құрманова. ‹‹Шешендік өнер›› үйірмесі қазақтың би шешендерінің сөздерін жатқызу, талдау арқылы есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын барынша дамытуда. Осы үйірмеде белсенділік көрсеткен оқушылар: ‹‹Ағылшын тілін оқыту›› үйірмесі оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлей білуге үйретсе, ‹‹Жас тарихшы›› үйірмесі көшпенді қазақ халқының тарихын меңгертуде. Үйірме жұмыстарына белсенділікпен қатысқан оқушылар, мұғалімдер мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапаттау, мәдени орындарға саяхат жасау жұмыстары ұйымдастырылған. Жалпы жазғы демалыс күндерінде ұйымдастырылған үйірме жұмыстарына оқушылардың ризашылығы жоғары.