Ардақты ағайын!
Құрметті Ұлы Отан Соғысы ардагерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 67-жылдың мамыры жылыстап бізден алыстап барады, бірақ халықтың ұлы ерлігінің маңызы төмендемек емес.
Біз бүгін ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіріп, бас иеміз. Олар соншама адам шығыны, төгілген қан мен көрген азаптары арқылы рухтың қайыспас күшін танытты, жеңілген жаудың үстінен Жеңіс туын желбіретті. Бұл жеңімпаз ұрпақтың даңқты ерлігі болды және жоғары әскери ерен ерліктің, жасымас жігердің, ұлы рухтың, фашизмді талқандау жеңісі, Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы біздің көп ұлтты халқымыздың рухани ұлылығының және ажырамас бірлігінің жарқын үлгісі болып қала береді.
Іле ауданының мұрағатта сақталған істер бойынша ауданнан соғысқа 35 мың адам аттанды, олардың 4 мыңына жуығы сол жерде жарадар немесе хабарсыз кетіп мерт болды. Ауданымызда соғыс жылдарынан кейін еңбек етіп, оның көркейуіне көптеген үлестерін қосқан Батталханов Заманбек Батталханұлы, Кулешов Алексей Григорьевич, Базарбаев Абдрей Мұрзыгұлұлы, Дембицкий Николай Иванович, Никулин Иван Никифорович, Землянский Александр Семенович және тағы басқа соғыс жауангерлері қатарымызда болмаса да, олардың есімдері ұмтылмас тарихта қала бермек.
Бүгін бізбен бірге тәрбие жұмыстарына үлес қосып, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып жатқан Безрук Антонина Ивановна, Поломошнов Федор Васильевич, Толганбаев Танирберген, Алимбаев Күшерхан, Тяжкоруб Иван Данилович, Мұқан Түлкібаев, Алдабергенов Карл сияқты ардагерлерімізді баршамыз мақтан тұтамыз.
Ауданымызда ардагерлерге ерекше көңіл бөлініп, оларды ауданның мәдени, қоғамдық жұмыстарына қатысырып, бос уақыттарын қызықты өткізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын «Үздік бастауыш ардагерлер» ұйымы атты байқауы елді мекендердегі ардагерлер ұйымының жұмысын қортындылау, насихаттау, олардың жастармен, спорт, мәдени және т.б. қоғамдық ұйымдармен байланысын сараптау мақсатында өткізіліп тұрады.
Құрметті ардагерлер, Сіздердің өмір жолдарыңыз, бастан кешкен сан-қилы оқиғаларыңыз ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Сондай қиын кезеңде ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп, азамат болып өсуіне септігін тигіздіңіздер. Жеңіске жету жолында мыңдаған ерлер мен әйелдер, қарттар мен балалар қан төгіп, тапжылмай еңбек еткеннің арқасында, міне, қазір егемендігін алған, көк туын желбіреткен кең байтақ елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күні өскелең ұрпаққа Сіздердің ерліктеріңізді үлгі тұтып, тарихи оқиғаларды айтып, Отан қорғау жолында батылдық пен батырлыққа оқып үйрету біздің міндетіміз.
Біз бұл ұлы мерекені әрқашан құрметтейміз, жауынгер ұрпақ салып кеткен дәстүрді жалғастыра береміз. Сіздердің ізбасарларыңыз болу – тек жоғары құрмет қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік.
Еліміз үшін ең ауыр кезеңдегі сіздердің өшпес жауынгерлік және еңбектегі ерліктеріңіз үшін, батырлық, өрліктеріңіз үшін шын жүректен шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Сіздерге қамқорлық жасап, көңіл аударуымыз, сіздердің өмірлеріңіздің тыныш та қуанышты болуы үшін барлық жағдайды жасау – біздің перзенттік парызымыз.
Біз үшін Жеңіс күні – орны толмас шығындар туралы азапты жағдайдан шыққан адамзаттық қуаныш, көз жасы және жан жарасы бар мереке.
Бұл күндері біз сіздермен бірге қаза болған жауынгерлерді және қатарымызда жоқтарды аза тұтамыз.
Аза жарқын болсын, қарапайым солдаттар құтқарған Жер бетіндегі бейбітшілік пен өмір үшін күрескен халық тірі тұрғанда еске алу жалғаса береді.
Құрметті ардагерлер!
Биылғы Жеңіс мерекесі Тәуелсіз Қазақстанымыздың қарулы күштеріне 20 жыл толу мерекесімен сабақтаса келіп отыр. Бұл дегеніміз біздің қарулы күш сарбаздары Сіздердің Ұлы Жеңіс жолындағы ерліктеріңізді еселеп, Тәуелсіз Қазақстанның көк туының бейбіт әлемде желбіреуіне үлсетерін қосады деген сенімді білдіргім келеді.
Бүгінгі көктемгі күндер майдандастардың, туған-туыстардың және қымбатты адамдардың қуанышты кездесулерімен толыға берсін, жаңа өмірлік күш-жігер сыйласын.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, сенімділік, биік рух, сәттілік және бейбіт аспан тілеймін.
Сіздерге бас иеміз, қымбатты ардагерлер!
«Нұр Отан» ХДП Іле аудандық филиалының төрағасы,
аудан әкімі
Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев
Уважаемые ветераны, труженики тыла,
дорогие земляки и гости!
Все больше и больше отделяют нас от тех далеких дней, как отгремели последние залпы Великой Отечественной войны, а память о событиях тех далеких лет до сих пор живет в наших сердцах. Память – великая вещь. Расстаться с памятью – значит уйти в никуда. На протяжении всей нашей жизни, встречаясь с ветеранами, беседуя с ними, изучая архивные документы и материалы, просматривая военные фильмы – мы словно идем рядом с вами по полям сражений все 1418 дней и ночей. И мы несокрушимы до тех пор, пока помним о жертвах, принесенных нашим народом во имя Победы. Никогда не забудем тех, кто сложил свою голову на полях сражений, горел в танках, кто шел в свой последний бой и погибал за Родину!
По архивным данным из Илийского района ушли на фронт 35 тысяч человек из которых почти 4 тысячи погибли в боях, от ран или пропали без вести. Мы с прискорбием вспоминаем и чтим память наших фронтовиков: Батталханова Заманбека Баталхановича, Кулешова Алексея Григорьевича, Базарбаева Абдрей Мурзыгуловича, Дембицкий Николай Ивановича, Никулин Иван Никифоровича, Землянский Александра Семеновича и многих других, которые и после военных лет трудились во блага нашего района, внесли большую лепту для его процветания.
Сегодня мы гордимся нашими ветеранами: Безрук Антониной Ивановной, Поломошновым Федором Васильевичем, Толганбаевым Танирбергеном, Алимбаевым Кушерханам, Тяжкорубом Иваном Даниловичем, Муканом Тулькибаевым, Алдабергеновым Карлом и другими, которые находится с нами и проводит большую активную воспитательную работу с подрастающим поколением и принимает активную участие в общественной жизни района.
В районе особое внимание уделяется ветеранам великой отечественной войны, проводятся работы по привлечению и ннтересному свободному время провождению ветеранов и тружеников тыла. Таким образом, каждый год проводится конкрус советов ветеранов сельско, поселковых округах под названием «Лучшая первичная организация ветеранов». Целью данного конкурса является проведение итогов совета ветеранов, пропогандные работы, а также анализирование их работы с молодежью и общественными обьеденениями сферы спорта, культуры и т.п.
Биография каждого из Вас, дорогие наши ветераны, заслуживает отдельного внимания, так как кроме фронтовых событий на ваших плечах перенесены тяготы полуголодных послевоенных лет. Несмотря ни на что вы родили и воспитали детей, поднимали из руин страну, целину, строили новое общество. И, конечно, не было бы этой Победы без тыла. Тысячи мужчин и тысячи женщин, стариков и детей неустанным трудом, днем за днем, из года в год делали то, о чем будут потом писать газеты, ходить легенды о стойкости нашего народа. Им сегодня есть, что сказать своим потомкам, учить твердости духа, целеустремленности, самоотверженности во имя человечества, во имя Родины.
Разрешите мне, сердечно, от всей души поздравить Вас – представителей поколения победителей, ветеранов и тружеников тылы, кто защищал Отчизну и мир, отстоял свободу и независимось Родины – с 67-летием Победы! Время не властно над Вашим подвигом. Ваш героизм будет жить вечно в памяти благодарных потомков. Желаю Вам Счастья и мира Вам, Вашим детям, внукам и правнукам! доброго здоровья, благополучия и бодрости.
Дорогие ветераны, сегодня с праздником Победы мы также отмечаем 20-летие Вооруженных сил Казахстана. Это значит, что вооруженные силы нашей страны вкалдывают большую лепту и создают мир и спокойствие под нашим голубым небам для нас с вами.
Председатель Илийского районного филиала НДП «Нұр Отан»,
аким района
Бердаулет Ешенович Абдулдаев
|