08.03.2016

Қадірлі нәзік жандар!
Ай дидарлы арулар мен аяулы қарындастар!


Шуақты көктем қымбатты аналарымыздың, асыл жар мен аяулы қарындастарымыздың мейрамымен басталады. Сондықтан мен әуелі баршаңызды алдағы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, баянды бақыт, дүниедегі бар жақсылықты тілеймін.
Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады-деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады.
Осыған орай ежелгі аңыз айтып бергім келіп отыр.
Бір нәресте туылар алдында Алла тағаладан мен ертен туылады екенмін. Туылғаннан кейін қалай өмір сүремін, кім мені қорғап жүреді деген екен? Сонда Алла тағала: «Мен саған сені қорғап, әлпештеп, аялап жүретін періште сыйлаймын», - деп жауап беріпті. Нәресте ойланып тұрып, мен оның тілін білмеймін ғой, оны қалай түсінемін? Мен сенімен сөйлескім келсе не істеймін? – деп сұрапты. Сонда Алла тағала нәрестеге қарап, сенің періштең барлығын үйретеді,- депті. Нәресте ойлана келе, жерде зұлымдық бар деп естідім, мені одан кім қорғайды? – деп сұрақ қояды. Сенің періштең тіпті өзінің өмірін қисада, сені барлық зұлымдықтан қорғайды деп жауап қатыпты.
Сол кезде жерден дауыстар естіле бастапты, нәресте асыға «Сонда менің періштемнің аты кім?- деп сұрапты. «Оның аты маңызды емес, сен оны жай ғана ана деп ата»- депті. Шынындада,
әйел адамның қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Ұлттың асыл қасиеті уызына жарыған ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып болашаққа жалғасады. Қазақ халқы ежелден қыз-қонақ, жат үйдің адамы деген, қызды әрқашан төрге шығарып сыйлап отырған. Әйел адам отбасының берекесі, шаңырақтың ұйытқысы, болашақ Елдің дамуы нәзік жандылардың қолында, өйткені қазақ батырларын дүниеге әкелетінде, тәрбие беретінде біздің аруларымыз.
Сіздер отбасы берекесімен бірге Тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып келесіздер, күннің нұрымен, көктемнің гүлімен ере келіп, кең сахараны махаббатына бөлейтін, нәзік жүректілердің төл мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Дорогие мамы, женщины, милые девушки!
Позвольте пожелать вам в этот весенний праздник очень крепкого здоровья, счастья и успеха во всех ваших делах.
Земля, очаг держится на ваших руках, дети наши воспитываются вами патриотами, интеллигентными людьми, добрыми людьми, знающими людьми.
Сегодня нет ни одной сферы деятельности, где не задействована женщина это и государственная политика, бизнес, медицина, образовани, новые технологии и другие.
Я очень рад приветствовать Вас и хочу поздравить с праздником! 8 марта это, несомненно, день торжества доброты, мудрости, красоты и духовной силы.
Женщины – это фундамент, опора народа. И поэтому в истории нашего народа, его традициях всегда считалось честью для настоящих мужчин оберегать женщину, мать, заботиться о ней и жертвовать всем ценным во имя ее счастья.
И я хотел бы также пожелать вам новых жизненных побед и достижений, творческих успехов, семейного благополучия, счастья, процветания и любви!
Пусть никогда не иссякает ваше жизнелюбие, энергия и теплота! Чтобы ваша жизнь была полна радостью и добром!
С праздником Вас, дорогие женщины!

Аса құрметті ханымдар!
Құрметті аналар, аяулы қыз-келіншектер!

Әр шаңырақтағы ынтымақ пен ырыстың, бақ пен берекенің ұйытқысы сіздерге нағыз әйел бақытын тілеймін!
Ұрпақтарыңыз үміттеріңізді ақтап, мерейлеріңізді өсірер мақтаныштарыңызға айналсын.
Қашанда жаныңыз жадырып, көңілдеріңізде күй ойнап, шаңырақ шаттығы еселеніп, бастаған немесе жүргізіп отырған істеріңіз жетістігімен, жемісімен қуанта берсін!
Сіздерді, өздеріңіз арқылы ауданымыздың барша аналары мен қыз келіншектерін көктем мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қасиетті көк тасты да балқытатын өмір көктемі, көңіл көктемі баршаңызға табыс, шаттық әкелсін.
Ел аспаны бұлтсыз, болашағымыз жарқын болғай! Елбасымыз: «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де әйел - ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды»- дегендей, осынау шырайлы мереке күні әрбір анаға, апа-қарындастарымызға, барша әйел затына тек қана амандық, мол бақыт, сарқылмас шаттық тілеймін!
Мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа бақыт, бірлік, махаббат шашу болсын!
 

Қыдыркелді МЕДЕУОВ
аудан әкімі
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы.