Құрметті ілеліктер!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 17 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды.
Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында жылдан-жылға даму үстіндеміз. Біз бәріміз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куәгеріміз.
Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық. Еліміз дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды.
Ауданымызда әлеуметтік сала — білім беру, денсаулық сақтау да күшті қарқынмен дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде.
Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәйекті саяси бағыты, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз. Еліміздің үдемелі дамығандығын біздің ауданымыздан да байқауға болады. Бүгін ол – индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асырып, ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейде дамытқан, қоғамдық-саяси тұрақтылықты баянды етіп және әлеуметтік жаңғыртуларға ерекше көңіл аудару арқасында қарқынды дамып келе жатқан өңір.
Біз тұрып жатқан Іле ауданы үлкен әлеуетке ие және өмірге ең күшті бастамаларды енгізуге мүмкіндігі мол. Ілеліктер өздерінің болашағына сенімді және еліміздің Конституциясы оған сенімділіктің және әрі қарай өркендеудің табанды кепілі бола алады.
Қымбатты Іле ауданының тұрғындары, Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, құт-береке, жақсылық, бақыт және мол табыс тілеймін!
Б.АБДУЛДАЕВ,
аудан әкімі
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы
|