Аудан әкімі Абдулдаев Бердәулет Ешенұлының
22 наурыз мерекесінде сөйлейтін сөз
Құрметті аудан тұрғындары!
Халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы. Баршаңызды осы ұлағатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан.
Баршаңыз білесіздер, бабадан жеткен жыл қайыру дәстүрі бойынша, биыл ұлу жылы кіреді. Ұлуды халқымыз қамба толатын молшылықтың нышаны деп санайды.
Қадірлі аудан тұрғындары!
Баршаңыз білесіздер, осыдан 20 жыл бұрын елімізде Наурыз мемлекеттік мереке ретінде алғаш атап өтілді. Дін мен тілге бөлмейтін Наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары ұлысты ұйыстыра түсті. Бүгінде ол үш күн бойы тойланатын еліміздегі ең үлкен мерекеге айналды. Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні ай мен күндей, әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды. Сондықтан біз басты байлығымыз – берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Отанға деген шынайы сүйіспеншілік – халыққа, тілге, рәміздерге деген сана орнықтырады. Елдік рухы мықты халықтың бақыты қашанда баянды болады. Игі дәстүрді ұрпақ бойына молынан сіңіруге тиіспіз.
Бақ құсы ынтымақты елге қонады, бейбіт елде ғана береке болады. Алдымызда ұлан асулар, биік белестер тұр. Жаңа онжылдықтағы мақсатымыз – айқын, бағдарымыз – анық. Елбасымыз бекітіп берген 2020-шы жылға дейінгі Даму стратегиясы Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастайды.
Дорогие Илийцы!
Великое торжество пришло в наши дома! Наурыз – один из самых древних праздников на земле. Он отмечается уже более пяти тысяч лет. Вместе с другими государствами мира мы отмечаем и календарный Новый год, и весенний Наурыз мейрамы. История возрождённого Наурыза – это история нашей независимости! Мы обрели силу в наших древних корнях и смогли взрастить нашу мечту о независимости. Казахстан встречает двадцать первую весну своей независимости сильным, стабильным и динамично развивающимся государством. Во всём мире в последние годы регулярно сокращаются все социальные расходы, закрываются предприятия, растет безработица. Казахстан, напротив, уже в течение десяти лет строит предприятия, строит жилье, наращивает социальную поддержку граждан. Усиливается поддержка уязвимых слоев населения.
Наша главная ценность – дружба и единство народа. Поэтому и в дни праздников, и в будни мы должны постоянно укреплять мир и согласие. Пусть радость и веселье не покидают ваши сердца, и каждый дом наполнится счастьем! Пусть мир и согласие сопутствуют всем нашим делам!
С праздником вас!
Халқымыз қашанда жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күннен үмітін үзбеген. Бүгінін болашағымен байланыстырып, бар ізгіліктің бастауын игі ниеттен іздеген. Сондықтан, тіршілік жаңаратын Наурызда әр адам жақсылыққа ниет етуі тиіс.
Даласындай дархан халқымыз бүгінде Тәңірі берген табиғи жаңа жылын айрықша салтанатпен қарсы алады. Алаңдарға кең пейілі мен адал ниетін білдіретін ақбоз үйлер тігеді. Ендеше, жаңа жылды ізгі ниетпен қарсы алайық, ағайын!
Әз-Наурыздағы барша тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын!
Ұлу жылы береке-бірлігімен келсін!
Мереке құтты болсын!
|