22.03.2017

 

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМІ Қ. МЕДЕУОВТЫҢ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА СӨЙЛЕЙТІН СӨЗІ

 

Құрметті Ілеліктер!

Баршаңызды күлімдеген көктеммен келетін, жыл басы саналатын, адамзат баласына құт пен береке, бақ-дәулет сыйлайтын   Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық Қазақстандықтар үшін жалпы халықтық   мерекеге айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін  біріктіретін адам баласының да жан-дүниесі жаңара түседі.

 Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл    ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы   күнінде   адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Бір - біріне  деген құрметті артты-ратын татулықтың мерекексі.

        Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.  Бәріміз үшін Наурыз - айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәтті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.

     Адамдарға арман мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен сұлулық сыйлаған Наурыз мейрамы, әр үйдің төріне бақыт құсы болып қонды.  Наурыз – барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз – достық пен еркіндіктің мерекесі.

     Наурыз – салауатты өмірдің салтанаты. Наурыз – қырларда қызғалдақ гүлдеп, ағаштар бүршік атып, табиғат-Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы.  

   Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі.

    Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндет-тіміз.

Қасиетті Іле жерінде де бұл мейрам кеңінен аталып өтіледі. Қазақи дәстүрді дәріптей отырып,  Ілеліктер мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын береді.

     Көп ұлтты аудан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

Тауық жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

 

Уважаемые илийцы!

            Сегодня мы празднуем особый и любимый всеми праздник, пришедший к нам из глубины веков — светлый и добрый Наурыз мейрамы!

            В наши дни он стал общенародным праздником весны, труда и единства. Он олицетворяет собой обновление и пробуждение природы, символизирует мир и согласие всех народов, проживающих в нашей стране.

По восточному календарю Наурыз - начало нового года. Этот древний праздник символизирует пробуждение в людях самых светлых качеств - сердечной доброты и гостеприимства, мудрости, безграничной щедрости и душевного тепла.

Испокон веков наши предки в день весеннего равноденствия подводили итоги минувшего года, намечали планы на новый. Эту добрую традицию сегодня продолжаем мы с вами. 

Благодаря усилиям Главы государ-ства, его целенаправ-ленной и взвешенной политике в сфере межнациональных отношений в Казахстане царят мир и взаимопонимание. И именно эти великие ценности мира и дружбы являются главными для нас.

Мы динамично разви-ваем экономику, решаем социальные задачи, крепим мощь и независи-мость государства.

Илийский  район имеет особую историю, сформи-рованную судьбой многих народов. Здесь под единым шаныраком проживает более 32 национальностей, активно работают 4 этнокультурных объединений. Представители всех этносов имеют равное право на развитие своей культуры, сохранение родного языка, традиций и обычаев.

            На примере нашего района мы видим, что в условиях политической стабильности и дружбы есть реальная возможность развития экономики и решения социальных проблем, улучшения качество жизни населения.

            Все эти успехи — результат нашей с вами сплоченной, активной и созидательной работы.

 

Дорогие илийцы!

            Наурыз это праздник весеннего обновления, торжества любви  и дружбы!

От чистого сердца поздравляю вас с этим замечательным праздником! Пусть в каждой семье Наурыз укрепит узы дружбы, взаимного уважения и понимания! Пусть в каждый дом он несет счастье, процветание и радость!

С праздником дорогие илийцы!

 

Құрметті Ілеліктер!

Ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі Сіздерге   қуаныш пен бақыт алып келсін!

Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспен-шіліктің  алтын көпірі болсын!                                               

Наурыз құтты болсын!