Құрметті Ілеліктер!
ҰЛТ БІРЛІГІ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ
Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аудан көлемінде 4 этно бірлестік болса 30-ға жуық түрлі ұлттың адамдары бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.
Кешегі ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалғандығы оның ынтымағы мен бірлігі. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық. Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай.
Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті де қанағатшыл халық ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында ешкімді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашан тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жазып, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Халқымыздың береке-бірлігі нығайып, еліміздің экономикасы қарыштап дами берсін дегім келеді.
Аудан тұрғындарының ынтымағы мықты болғай!
Қыдыркелді МЕДЕУОВ
аудан әкімі
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасы.
|