17.06.2012
 

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

 

Сіздерді  кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
     Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. 

Сіздер қайырымдылық пен мейірімділіктің, ізгіліктің жаршысы іспеттісіздер! Сондықтан да медицина саласы қызметкерлері күнінің бүкілхалықтық мерекеге айналуы заңды құбылыс екені даусыз.

Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту - еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға замануи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндікті жасауда. және сіздердің де кәсіби біліктіліктеріңіз, медицинаға деген адал сенімдеріңіз осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге жол ашып келеді.

Ауданымыздағы денсаулық сақтау мекемелеріне жас мамандар көптеп тартылуда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009 жылы 29 маман, 2010 жылы 28 маман, ал 2011 жылы 13 маман, 2012 жылы 3 маман, барлығы 71 жас маман ауданымыздың денсаулық сақтау саласына жұмысқа тартылды.

 Қазіргі уақытта елімізде денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлініп, денсаулық сақтау мекемелері заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ескеріліп, аудан әкімдігі тарапынан нақты көмектер жасалуда.

Атап айтатын болсақ, Өтеген батыр кентінен 6 медицина қызметкеріне пәтер бөлінді. Сонымен бірге жеке үй құрылысын жүргізуге жер телімдері берілді.  

Аудан бойынша 37 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс атқаруда. Оның 4-і аурухана, 11-і ауылдық дәрігерлік амбулатория, 18-і фельшерлік-акушерлік пунк пен фельдшерлік пунк, 1-і аймақтық балалар аурухана, 1-і туберкулез ауруханасы, 1 санитарлы-эпидемиологиялық станция, 1-і дезстанция. Сонымен бірге аудан бойынша 4 жекеменшік денсаулық сақтау мекемелері қызмет атқарады.

Сондай-ақ ауданымыздың медицина саласында көп жылдар аянбай қызмет атқарып, халық денсаулығын емдеу мен жақсартуда  еңбек еткен ардагерлерімізді жеткілікті. Атап айтатын болсақ: Таңғатаров Ізбасар Айымбетұлы,  Жұмамұратова Күләш Қуатқызы, Щербинина Зоя Степановна, Светлова Зоя Ивановна, Жылысбаева Ғайни Мұқанқызы, Еңсебаева Нағима Сағижанқызы, Токушева Шолпан Қабдуғалиқызы, Айнабекова Феризат Телқожақызы, Жаңабаева Майра Жартыбайқызы, Гарабец Тамара Александровна, Байсалов Жәкен Дүйсенұлы, Тен Аркадий Семенович, Панкова Татьяна Борисовна, Витковская Наталья Вячеславовна, Габжалилов Абдулла Магабиевич, Сүлейменов Тоқтарбек Нұрахметұлы, Ахметсафина Нейля Байбосынқызы, Еспаева Сәуле Есқалиқызы және тағы басқалар.

 

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздердің ерен еңбетеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздердің жұмыстарыңыз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

        Адам өміріне араша болатын абзал жандар, төл мерекелеріңізбен құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

       Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, баянды бақыт және жаңа табыстар тілеймін!

 

«Нұр Отан» ХДП Іле аудандық филиалының төрағасы,

аудан әкімі

Бердәулет Ешенұлы Абдулдаев

 

 

Уважаемые работники здравоохранения!

Профессионализм ценится в любом деле, вопрос в другом – как его поднять и удерживать высокий планку. Мы подходим к пониманию важности этого вопроса. Для этого нам необходимо сконцентрировать все наши усилия и направить их на реализацию задач для сохранения здоровья нашего населения и нации.

Глава  государства в Послании 2010 года поставил конкретные задачи на ближайшее десятилетие. В том числе Нурсултан Абишевич указал, что «Здоровый образ жизни и принцип солидарной ответственности человека за свое здоровье – вот что должно стать главным в государственной политике в сфере здравоохранения, и повседневной жизни населения.»

В соответствии с вышеуказанным, а также на основе проведенного анализа современного состояния здоровья населения и системы здравоохранения Республики Казахстан были определены приоритетные стратегические направления и механизмы реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 – 2015 годы.

В Программе предусмотрены меры по законодательному, инвестиционному, структурному, экономическому и кадровому обеспечению выполнения планируемых мероприятий с учетом межведомственного и межсекторального взаимодействия. Предусматривается создание рынка медицинских услуг и конкурентных отношений среди медицинских организаций.

Реализация Программы будет способствовать динамичному развитию системы здравоохранения путем создания условий для перехода к малозатратным формам медицинского обслуживания, обеспечения профилактической направленности отрасли, повышения уровня доступности и качества медицинской помощи, внедрения специальных социальных услуг, а также создания условий для мотивации у населения самосохранительного поведения, профессионального и личностного роста медицинского персонала, адаптации системы здравоохранения к современным требованиям и рыночным условиям общества.

Во исполнении государственной программы «Саламатты Қазақстан» в районе проводятся  профилактические медицинские осмотры  путем скрининговых обследований жителей на выявление предопухолевых состоянии  и рака различный форм и на болезней системы кровообращения и на сахарного диабета, глаукомы а также детей в возрасте до 17лет.

На основании приказа Министра Здравоохранения РК «Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определёнными заболеваниями (состояниями) специализированными лечебными продуктами» из Республиканского  бюджета на 2012г. выделены лекарственные препараты на сумму более 286 млн.тг.

По реализации Программы «Саламаты Казахстан» управлением госсанэпиднадзора  проведено следующее: разработан комплексный план, приведены стандарты в соответствие с современными международными требованиями.

За 5 месяцев т.г. добились снижения  заболеваемости острым вирусным гепатитом  А с 16 до 14 случаев.

Мы уверены что  в поддержку государственной программы Президента в нашем районе будут продолжаться работы с усилиями работников медицинской сферы. 

В этот день по особенному нежно звучат слова признательности нашим медикам, за тепло и щедрость их сердец, доброту и желание сделать окружающую нас жизнь светлее, ярче и милосерднее.

Сердечно поздравляю Вас, дорогие работники здравоохранения с замечательным профессиональным праздником. Желаю Вам крепкого здоровья, большого счастья. Пусть всегда в ваших семьях царят мир, любовь и согласие!

 

Председатель Илийского районного филиала НДП «Нұр Отан»,

аким района

Бердаулет Ешенович Абдулдаев