Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының 2011-2020 жылдарға арналған жаңғарту бағдарламасы бойынша Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында – «Луч АЮ» кооператив меншігінің 1 үи және 4 нысан кондаминиум (4-көп қабатты тұрғын үй) тіркелген. Бүгінгі таңда 11 көп қабатты тұрғын үйдің мемлекеттік актісі, 9 көп қабатты тұрғын үйдің техникалық паспорты дайындалған және 2 көп қабатты тұрғын үйдің техникалық паспорты дайындау барысында. 4 кондаминиум нысандарына екінші дейгейлі банкте жинақтау есебі ашылған.
2012 жылдың 20 қыркүйегінен 20 желтоқсанға дейін 1 механизм бойынша Первомай ауылының 3 көп қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары жалпы сомасы 23,4 млн.теңге оның ішінде 01.05.2014 жылға 2 700 000 теңге жоспарда 2 470 000 теңге немесе 110% Ұлттық компанияға «Социально-предпринимательская корпорация «Жетісу» АҚ-на қайтарылған. Мердігерлік ұйымы Талдықорған қаласының «Шымыр» ЖШС-мен инженерлік жүйелерді (жылу беру, ыстық және суық сулар, кәріздер) алмастыру жұмыстары орындалды.
2013 жылғы Іле ауданының аумағының даму жоспарына сәйкес ,2-ші механизм бойынша,ортақ көлемі 21 лн теңгеге 3 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарымен терможаңғырту жұмыстары жоспарланған.Бұл мақсатта 2013 жылы ТОО «Или тұрғын үй» мамандарымен 5 көпқабатты үйлерді және үй алдындағы аумақты күтуді ұйымдастыру,және коппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарының жеке түрлері бойынша кондоминиумды басқару обьектілеріне қызмет корсету болып табылады.
Бірақ та,2013 жылы қаржыландыру болмағандықтан ,бағдарлааны орындау тоқтатылды. Қазіргі уақытта бөлім мамандарымен ,сондай-ақ ТОО «Или тұрғын үй» мамандарымен Өтеген батыр кентінің 5 копқабатты келесі тұрғын үйлерге барып тексеріс жүргізілді. Гагарина 1 (5-этажды, 90 пәтерлі тұрғын үй), Гагарина 2 (5-этажды, 117 пәтерлі тұрғын үй), Гагарина 4 (5-этажды, 118 пәтерлі тұрғын үй), Гагарина 5 (5-этажды, 90 пәтерлі тұрғын үй), Гагарина 6 (5-этажды, 90 пәтерлі тұрғын үй). Осыған сәйкес тұрғындар мемлекеттік бағдарламаға қатысатындарын білдірді. Одан бұрын 09 шілде 2012 жылы жазбаша түрде бағдарламаға қатысудан ба тартқан.
Сондай-ақ ПИК «Луч Аю» Первомай ауылы тұрғындары жиналысыныңхаттамасына сәйкес көп қабатты тұрғын үйлерді мемлекеттік бағдарламалармен 17,5 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс.
Осыған сәйкес 2013 жылдың соңына жоғарыда аталған ұйымға ұсыныс жіберілді.
Қазіргі уақытта қаражат бөлінбеген. Сонымен қатар 1-ші тоқсанда Первомай ауылы Алматы қаласына ауысуына байланысты, Өтеген батыр кентінде басқа да көп пәтерлі тұрғын үйлерді дайындауға шешім қабылданған.
2014 жылы тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама бойынша нақты объективті ақпарат берілуі үшін, және оны іске асырубарысын қадағалау үшін «Іле ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарымен ұдайы Іле ауданы ПИК төрағаларымен түсіндіру шаралары өткізіледі.
«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша сумен жабдықтау және су бұрудың 7 объекті салынып, жөндеуден өтті. Жалпы сомасы 942,3 млн. теңге.
Қазіргі уақытта «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша «Боралдай ауылында қайта жаңғырту және сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы (2-кезең)», ағымдағы жылы Іле ауданының Тлендиев ауылының «қайта жаңғырту және сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы» жұмыс объектілері бойынша, сонымен қатар Жетыген ауылының «қайта жаңғырту және сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы» нысандарының жұмыстарын жүргізу жүзеге асыру жоспарлануда.
Сонымен қатар Чапай және жауғашты ауылдарының тазарту ғиаратының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындарға берілетін судың сапасын жақсарту мақсатында, сумен жабдықтау және су бұру күрделі жөндеу жұмыстарын жобалау мердігерлік ұйымдарымен жобалық сметалық құжаттамарын дайындауға келесі елді мекендермен келісім шарт жасалған.
Іле ауданы бойынша сумен жабдықтау және ұңғыма бұрғылары жүйесін жаңғырту құрылысының жобалық сметалық құжаттамаларын өңдеу бойынша, жалпы сомасы 37 591 680 теңге. Басты мердігерлік ұйым «Институт Алматыэнергосетьпроект» ЖШС болып табылады. Чапай ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары жалпы сомасы 4 500 002,08 теңге және Жапек батыр ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары жалпы сомасы 4 500 002,08 теңге «Алмаз-М» ЖШС-мен келісім шарт жасалған.
2012 жылы «Сейсмомониторинг» ЖШС Іле ауданы бойынша гидрогиологиялық ұңғымаларға тексеріс жүргізген.Ұңғымалардың саны 141.
Сонымен қатар ауылдық округ әкімшіліктеріне ЖСҚ (жобалық сметалық құжаттамалар) өңдеуге дефектілік актісн ұсыну тапсырылған болатын.
Ауданның елді мекендер аймақтарынан және Өтеген батыр кенті бойынша полигонынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару.
Жалпы Іле ауданы бойынша ҚТҚ-ды жинау және шығару бойынша кіші және орта бизнестің 12 субъектісі жұмыс жасайды. Сонда 42 техникамен 120 адам жұмыс істейді. ҚТҚ-ды шығару және жинау тұрғындардан - 250 теңгені құрайды, сауда объектілерінен 1м3 үшін - 1300 теңге, мемлекеттік ұйымдар 1м3 – 955 теңге + НДС, 1 тоннаны шығару – 3437 теңге құрайды. ҚТҚ –ды дер кезінде шығару үшін округтер бойынша график құрылып, Іле ауданының УГСЭН –мен келісілген. ҚТҚ ауданның елді мекендерінен күнделікті шығарылуда. Аралас қалдықтарды көпқабатты тұрғын үйлер аумағынан арнайы техникамен шығарылып, ал жеке иеліктерден қоқыс жәшіктері әдісі арқылы ҚТҚ полигонына жеткізіледі.
Барлық елді мекендерде 25 метр аралығында көпқабатты тұрғын үйлер аумағында контейнерлер орналастырылған. Олардың жартысына бетон плиталары құйылған, жартылай металл құрылымдармен қоршалған. Барлық аумақтар су өтпейтін қабатпен жабдықталған.
Аудан бойынша 4 ұйымдасқан полигон бар. Оның ішінде екеуі сот шешімімен жабылған. Қазіргі уқытта 2 полигон жұмыс істеуде. Біреуі Өтеген батыр кентінде, екіншісі Первомай ауылында «МПП ЖКХ» ЖШС болып табылады.
Өтеген батыр кентіндегі ҚТҚ-ды сақтау полигоны 13.03.2013 жылы «TS Almaty» ЖШС ұйымына өзара сенім негізінде басқаруға өтті. (Директоры Л.Рамазанова). Іле ауданы Алматы-Өскемен тас жолынан солтүстік бағытқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. ҚТҚ тастау полигоны қолданысқа 2008 жылы берілген. Жер телімінің жалпы аумағы 15,5 га, соның ішінде ҚТҚ-ды сақтауға 11,7 га шаруашылық аумағы 0,3 га қоршау аумағы -3,5 га.
Полигон аумағы екіге бөлінген. ҚТҚ сақтау зонасы және тұрмыстық қалдықтарды орналастыру зонасы. Полигон 2 метр биік қоршаумен қоршалған. Поигонда әрдайым 1 бульдозер жұмыс істейді. Келіп түскен қалдықтарды тіркейтін журнал ашылған. Полигонға қоғамдық ұйымдардың және тұрғын үйлердің сауда орындарының ,қоғамдық тамақтанудың қалдықтары қабылданады.
Аумаққа асфальт салынып құлыптанатын қоршау салынған.Полигоннан шыққанда қоқыс таситын көліктердің дөңгелектерін дезинфекциялаитын беттонды ванна орналасқан. Шаруашылық – тұрмыстық аумақта жұмысшылырға арналған монша мен тұрғын үй аумағы бар. Сумен сырттан жабдықталады,оған арнайы сыйымдылығы 1 тонна ыдыспен қамтылған. Полигонда 4 жұмысшы істейді.Қатты тұрмыстық қалдықтарды қоршаған ортаға эмиссиялауға 04.01.2012 ден 31.12.2014 ке дейін рұқсат бар. ТОО «TS Almaty » да барлығы 22 адам жұмыс істейді,Денсаулық Сақтау Министрлігінің 12 наурыз 2003 жылғы № 243 жарлығы бойынша барлығы медициналық тексеруден өткен.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын қойма ТОО «МПП ТҮКШ» Шахадат Құдайбергенова). Іле ауданы Первомаиский аылы полигонының жалпы аумағы 3.0 Га Гос.Акт 19.03.2004 стат карта 09.02.2007 ж.Қоршаған ортаға қалдық шығаруға рұқсат 11.07.2011 ден 2013 ке дейін. Қазіргі уақытта оны кезекті жою мақсатында жабу көзделіп отыр. Себебі ол аэропорттан солтүстік батыс бағытта 15 шақырым қашықтықта аэропортпен қадағаланатын аумақта орналасқан,ол туралы көлік прокуратурасына жазғанбыз. Сондай-ақ жақын маңдағы Көкжиек ,қоянқұс елді мекендерінің тұрғындарынан көптеген шағымдар келіп түсуде , себебі жазғы маусымда қалдықтардың өртену қаупі басым.
|