![]() |
![]() |
АНЫҚТАМА | Открыть на русском | ![]() |
Жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2013 жылы IV тоқсанда жүзеге асырылу барысы туралы анықтама Бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды нәтижелі түрде үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу объектілеріне жұмылдырылып, жұмыспен қамтуға тартып, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу,кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, ауылдық елді мекендерді дамыту. Бағдарламаның бірінші бағытыауылдық елді мекендерді дамыту,инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. 2013 жылы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде құрылатын жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу12жоба бойынша, ауданда472 жаңа жұмыс орындарын ашылды, (орындалуы 92,5%)оның ішінде 237 адам орталық арқылы жұмысқа орналасты ( орындалуы 92,9%). 1)Жетіген аулының №3 орта мектете күрделі жөндеу; 2) Жауғашты аулының құбыр жүйелерін күрделі жөндеу; 3)Чапай аулының құбыр жүйелерін күрделі жөндеу; 4)Караой аулының дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу; 5)аудан бойынша көшелерді ағымдағы жөндеу; 6) ауылды мекендерді абаттандыру (Карасу, Акши, Боролдай, Междуреченск ауылдары, Өтеген батыр, және Первомайкенті); 7) Өтеген батыр кентінде су құбырларын ағымдағы жөндеу; 8) Іле ауданы туберкулез емқанасына күрделі жөндеу; 9) Чапай ауылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу; 10)Покровка ауылына 150 орынға қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаториясын салу; 11) КазЦИК ауылына 150 орынға қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаториясын салу; 12) аудан бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуге; Бағдарламаның екінші бағытыауылда кәсіпкерлікті ынталантыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. 2013 жылы ауыл шаруашылығын және қызмет саласын көркейтуге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 51 адам 125,3 млн теңге көлемінде шағын несие алды. Оның ішінде 41 адам кәсіпкерлік негіздерін игеру курсын оқыды(орындалуы 125%). Шағын несие 5 жыл мерзімге, 3 млн тенгеге дейін жылдық 6 пайызбен берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты-бойыншаөз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 2013 жылы кәсіптік оқуға 115 адам оқуға жіберіу жоспарланған, оның ішінде: - 35 адам 12 ай мерзімдік кәсіптік оқуға автокөлік слесарі, электрик және байланыс монтажнигімамандықтары бойынша ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап «Прогресс» колледжінде білім алуда. -70адам 3-айлық мерзімдік қайта даярлауғаоның ішінде 55 адам «Прогресс» политехникалық колледжінде наубайшы,санитар ветеринар,тігінші, қалақшы- сылақшы, электргазбендәнекерлеуші мамандығына, 15 адам Алматы қаласында «Алматыэлектротранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде траллейбус жүргізушісіне оқыды. Оқуды бітірген 70 адам тұрақтылы жұмыспен қамтылды. Осы жерде айта кететін жәйт траллейбус жүргізушісіне оқыған 15 адам «Алматыэлектротранс» автопаркінде 1 ай тәжрибеден өтіп, жүргізуші ретінде тұрақтылы жұмысқа орналасты. Орташа айлық жалақысы 110 мың тенгеден жоғары. -10адам электрик, есепші және автокрановщик мамандықтары бойынша бір айлық курста біліктілін арттырды. Бұдан басқа әлеуметтiк жұмыс орындарынқұру мақсатында 107 адам еңбек ақысын ішінара субсидиялау арқылы жұмысқа орналасты(оның ішінде 2 адам мүгедек). Қатысушылардың орташа еңбек ақысы 46000 теңгені құрайды. 16 мекемемен келiсiм-шарттар жасалып, барлығы 14700,0 мың теңге қаржы игерілді. (орындалуы 100%) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында әкімшіліктің қолдауымен жұмыспен қамту орталығының «Мамандықтар жәрмеңкесі», «Жас маман-2013» атты ауданның ауылдық кенттік округтерінде жәрмеңкелер ұйымдастыру жақсы жолға қойылған.Ауданда осындай жәрменкелерді ұйымдастырудың маңызы зор. Жәрменкеге жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған адамдар сонымен қатар жастар қатысып бос жұмыс орындарына жолдама алып 87 адам жұмысқа орналасты. 2013 жылдың басынан бұқаралық ақпарат құралдарында 3 мақала жарияланды, жергілікті газетада хабарлама, теледидар арқылы 1(Жетісу, Хабар телеканалдары) материалдар берілілді, кездесулер өткізу, жарнамалық хабарлама билбордтары арқылы үгіттемелер жүргізілуде.
«Іле ауданының жұмыспен қамту орталығының» Директоры Е.Жақашев
|
||||
![]() |