БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Тұтынушылардың назарына!
 

2014 жылы 08 тамызда Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен Іле аудандық Халыққа қызмет көрсету орталық мамандарымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №983 және 2013 жылы 22 мамырдағы «Халықтың санэпидсалауаттылығы саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» №533 Қаулыларын орындау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараны өткізу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен өткізілді. Дөңгелек үстел өткізу барысында басқарма басшысының м.а. Әбеуова Бағила Жүнісқызы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ҚР Үкіметінің 2013 жылы 18 қыркүйектегі №983 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілен қызмет түріне тоқталып кетті. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» балама (альтернативті) қызмет, тұтынушыларға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтерін реттеу негізінде жүргізіледі. Стандарт бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мемлекеттік қызметі «өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру» және «құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына» санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру ХҚК орталығы арқылы қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі, қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталығы және олардың мамандарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандартта жазылған. Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы және Іле аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы арасында уәкілетті орган мен Орталық қызметін бірыңғайластырып, «кедергісіз қызмет көрсету», «бір терезе» қағидасы бойынша баламалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, ынтымақтастықты қалыптастыруға талпынып, бірігіп жемқорлыққа, бюрократизм мен сөзбұйдаға қарсы күрес бойынша тиімді шаралар қолдану мақсатында ынтымақтастық және өзара іс-әрекет туралы меморандумын қабылдау ұсынысы әзірленді.

Іле аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқарма басшысының м.а.
Б.Әбеуова
Бөлім басшысы Д.Сарсембаева