Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 12 маусымдағы №13 «Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы» қаулысына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Латвия Республикасында өндірілген балық консервілерінде (шпроттар) бенз(а)пирен құрамының артуының анықталуы (рұқсат етілген 0,005мг/кг денгейден 4 есе артық), көрсетілген энергетикалық құндылықтың сәйкес еместігі, мемлекеттік тілде таңбалануының болмауы бөлігінде анықталған фактілер бойынша материалдарды қарап, Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының («Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» (021/2011 ҚО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (022/2011 КО ТР) Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарының бұзушылығын анықтадым, 2010 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің 5 және 9-баптары, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-тармағы және 21-бабының 8-тармағының 4) тармақшасы негізінде 2014жылғы 12 маусымнан бастап Латвия республикасында өндірілген, төменде көрсетілген өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу мен өткізуді шектеу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізілді.
1. шпроты в масле «Либава», 160гр., 240гр., (өндіруші «Kolumbiya LTD» ЖШҚ, Лиепая қаласы, Роню көшесі, 6d, LV-340);
2. «шпроты в масле», 160гр., (өндіруші «Званы» ЖШҚ, Рига қаласы, LV-1007);
3. Шпроты «Рижские в масле «Либава», 240гр. (өндіруші «Унда» ЖШҚ, Энгуре, LV-3113, Юрас көшесі, 60);
4. Шпротный паштет «Рижское Золото», 160гр. (өндіруші «Гамма-А» ЖШҚ, LV-1048, Рига қаласы, Межа көшесі, 4а);
5. «Шпроты крупные а масле «Рижская жемчужина», 160гр. (өндіруші «Roja» F.C.T.» ЖШҚ, Рига қаласы, Райня көшесі, 10 Валдермариле);
6. «Шпроты в масле», 160гр. (өндіруші «Куршу Земе» ЖШҚ, Церибас, Латвия LV-3124, Пурская облысы, Тукумский өлкесі).
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
|