БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ  

 
«Іле ауданының 2011 жылғы
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы»
 
2011жылдың қорытындысы бойынша жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы төмендеуімен сипатталады. 2011 жылы қышыма ауруының 26 жағдай тіркелген, 2011ж 7 жағдай, бруцеллез -5 жағдайдан 4- жағдайға, менигококк жұқпасы 2-ден 0 -ге, педикулез 3-тен 1-ге, вирусты гепатит сырқатттанушылығы өсіп отыр, гепатит «А» 24-тен 26-ға, жіті ішек жұқпалары 26-дан 28-ге, ротовирусты жұқпалары 1 ден 4-ке дейін, АҚТҚ тасымалдаушылары 17-ден 25-ге, эхинококкоз 2-жағдайдан 8-жағдайға дейін өсті. АҚТҚ ауруы 0-ден 1- жағдайға, сифилис 71-ден 119-ға өсті. Өкпе туберкулезі былтырғы жылмен бірдей деңгейде 128 жағдай. Ауданда халықты тексеру нәтижесінде 147 адам созылмалы гепатит ауруымен анықталған. Оның ішінде 76 ВГВ, 63 ВГС-мен. 5 жыл аралығында полиомиелит, дифтерия, сіреспе, іш сүзегі, безгек, карантинді кене энцефалиті жұқпалары тіркелген жоқ.
Ауданда жұқпалы аурулар жағдайының алдын алу және болдырмау мақсатында жұқпалы аурулармен сырқаттанушылық және қоршаған орта жағдайына апталық мониторинг жүргізіледі (тағам өнімдері, су құбыры суы, жұмыс орны ауасы және т.б. сапасына). 2011 жылы басқарма мамандарымен тағам өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сауда объектілерінен дайын тағамдар өнімінен 1147 сынама алынды (шұжық, сүт өнімдері, нан және нан-тоқаш өнімдері, сусындар және т.б.), соның ішінде 8 сынама санитарлық ережелер мен МСТ талаптарына сай келмейді. Сонымен бірге, су құбырларынан бактериологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге 618 сынама тексерілді, соның ішінде 5 жағдайда санитарлық ережелерге сай келмейтін сынамалар анықталды, 770 сүртпеден 18 сүртпеде ішек таяқшалары анықталды.
Аудан бойынша жануарлардың, кеміргіштердің сілекейленуінен, тістеуінен зардап шеккендердің саны жылдан жылға өсуде. 2010 жылы 866 тістеу жағдайы (805-иттерден, 25-мысықтан, 36-кеміргіштен), ал 2011 жылы 1006 жағдай (940-иттерден, 31-мысықтан, 34-кеміргіштен, жылқыдан-1) тіркелді. Сонымен қатар кененің шағуынан зардап шеккендердің саны жиілеп кетті, 2010ж.-116адам, 2011ж-120тіркелді. Антирабиялық көмек екі елді мекеннің емханасында көрсетіледі (Өтеген Батыр кенті, Боралдай кенті). Жануарлардың, кеміргіштердің тістеуінен зардап шеккен 1006 адамның 1003 (99,7) антирабиялық екпе қабылдаған, 3-де медициналық шегеріс болған. Жануарлардың, кеміргіштердің тістеуінен зардап шеккендердің санының өсуінің себебі: аудан бойынша қаңғыған иттерді ұстау және көму мамандарының жоқ болғандықтан. Көктем, күз айларында кеміргіштерге қарсы жалпы зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді.Осы жұмыстарды атқару үшін аудан бюджетінен жыл сайын ақша қарастырылмайды. Әкімшіліктердің мәліметі бойынша, барлық 11 аймақта аулау және көму жұмыстары жүргізілген. 2011жылы 2032 қаңғыбас иттер ұсталып, жойылған (бюджеттен бөлінген 692000 тенгеге 500 ит ұсталған), осыған қарамастан қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны азаймауда. Қазақстан Республикасының «Ветеринария заңының 10 бабы, 2 тармағы бойынша аудандағы жергілікті атқару органдарының міндетіне кіретіндер қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою және аулауды ұйымдастыру. Былтырғы жылмен салыстырғанда туберкулез ауруы бір деңгейде. Өкпе туберкулезі -128 жағдай, ауру көрсеткіші 66,05, облыстық көрсеткіш-64,26, ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар ішінде 7 жағдай, 2010жылы-4 жағдай. Туберкулез ауруының жоғарғы көрсеткіші Боралдай кенті 12 жағдай көрсеткіш-60,61, Ащыбулақ 12 жағдай-100,84 көрсеткіш, Байсерке-9 жағдай, 128,57, Өтеген Батыр кенті-ү жағдай, 125,0. Ауырғандардың ішінде туберкулездің ашық түрімен 71 адам тіркелген 55,4. Туберкулез ауруының қолайсыз болуының себептері: тұрғындардың көшіп-қонуы, тұрмыс жағдайларының төмен болуы.
Туберкулез ауруын алдын-алу мақсатында флюрографиялық тәсілмен 92170 саны қаралған (2010 ж-65400) қамту пайызы 100,3%, оның ішінде декреттелген контигент 25221 адам, жоспар 24934 (101,1%). Профилактикалық тексеруде 10 адам туберкулез ауруымен анықталған. Манту сынамасымен 24092 бала қамтылған, қауіпті топтағы балаларды манту сынамасымен тексеру орындалғаны 28759 (84,8 %), оның ішінде оң нәтижемен 851 бала анықталған, барлығы химиопрофилактикалық ем қабылдаған, оның ішінде 240 бала Шымбұлақ санаториясында сауықтандырылды. Аудан бойынша туберкулездің БК+ ошақтарында қарым-қатынаста болған 96 бала оқшаулауда болуды қажет етеді, бірақ осы уақытқа дейін бала-бақшаларда сауықтандыру топтары ашылуы мәселесі шешілмей жатыр. Туберкулез кабинетінде бактериоскопиялық әдіспен 2011 жылы 1158 адам тексерілген, оның ішінде оң нәтиже берген 71 адам анықталды. 2011 жылы туберкулез ауруымен қарым-қатынаста болған 970 адам, оның ішінде 455 бала 213 жасөспірім толық тексеруден өткен. 2011 жылы туберкулездің асқынған түрімен 1 науқас тіркелген. Жапек батыр ауылында, қарым-қатынастағылар арасында туберкулез ауруы тіркелмеген.
Аймақтық әкімдер балаларды сауықтыру санаториясына апаруға көлікпен уақытылы қамтамасыз етеді және науқастарға материалдық көмек көрсетеді. Жылжымалы флюорограф ауылдарға шыққанда әкімдер ауыл тұрғындарының флюорографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз етеді. Туберкулез ауруының ашық түрімен ауыратын Междуреченск ауылының тұрғыны Тураева Г. 1965ж. пәтер алуына көмек көрсетілді. Туберкулез кабинетін көлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр, бактериоскопиялық зертханасында сорып алу шкафтары қарастырылмаған. Балабақшаларда сауықтыру топтары ашылу мәселесі шешілмей тұр.
Сарып ауруының мәселесі басыңқы болуда, 2011жылы сарып ауыруымен ауырған 4-науқас тіркелді (2010ж.5-жағдай), аудан бойынша 100мың адамға шаққанда көрсеткіш 2,06(2,65). Сарып ауыруының алдын-алу мәселесі аудан әкімінің апараттық жиылысында және медициналық кеңесте қаралды. Аудандық ветеринарлық қызметкерлермен бірлесіп ауылдық мекендерге 32 тексеру жүргізілді.

Вирусты гепатит сырқаттанушылығы былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылға ауданда өсіп отыр (2010-12,74, 2011-26,76). Вирусты гепатит сырқаттанушылығы тіркелген 14-жасқа дейінгі балалар (2010-12,74, 2011-84,6). Вирустық гепатит ауруының жоғарғы көрсеткіштері ауданның мына елді мекендерінде анықталды Жетыген-5 жағдай, Қосөзен-6 жағдай, Өтеген-батыр-5 жағдай, Байсерке-2 жағдай, Боралдай-2 жағдай, Чапаево-3 жағдай, Казцик-1 жағдай. Вирустық гепатит ауруының жоғарылауы оқушылар арасында да байқалуда (2011-2012 оқу жылында қыркүйек-желтоқсанда 6-мектептен-10 жағдай тіркеліп отыр. Жетыген ауылында №3 орта мектепте-2жағдай, Междуреченск ауылы №16 орта мектепте -2жағдай, Қосөзен ауылында №14 орта мектепте 3-жағдай, Өтеген батыр кентінде №13 орта мектеп-1 жағдай, Чапаев ауылында №10 орта мектепте -1жағдай, Жетыген ауылында №11 орта мектепте -1жағдай. Тексеру барысында анықталғаны оқушылар саны нормадан артық, жоба бойынша сай келмейтін мектептер (№13, №16, №10, №14), медициналық қызметкерлер медицналық бақылау жұмыстары дұрыс жургізілмеген. Мектептерде жеке бас гигиенасын сақтау мәселесі шешілмеген, медициналық құралдардың, залалсыздандырғыш және жуғыш заттардын жеткіліксіздігі анықталды. Вирустық гепатиттің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларда анықталған кемшіліктер бойынша 5-адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (мектеп директоры, шаруашылық менгерушісі), 6-санитарлық ұйғарым берілді. Қосөзен ауылында-486 балаға вакцинация егілді. Вирустық гепатиттің алдын алу үшін 36 елді-мекенге вирустық гепатиттің алдын-алу бойынша тексерулер ұйымдастырылды, аудан әкімінің жиналысында, аудандық төтенше жағдай комиссиясының жиналысында, аудандық медициналық кеңесте қаралды. Дегенмен қаржының жеткіліктісіздігіне байланысты, ауданда вирустық гепатит диагностикасын жургізу үшін ауданның клиника-диагностикалық зертханаларын тест жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі, вирустық гепатит сырқатына сезімтал жастағыларды вакцинациялауға қаржы бөлу мәселесі шешілмей отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 «Аурудың алдын-алу үшін екпеге жататын халық тобын екпемен қамту туралы ережелері бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Вирусты гепатит «А» ауруының алдын алу екпелері жергілікті бюджет есебінен бөлінеді.
Аудан бойынша жіті ішек жұқпалары былтырғы жылмен салыстырғанда өсіп отыр, 2010ж. -26 жағдай тіркелсе, 2011-28 жағдай тіркеліп отыр, облыс бойынша көрсеткіш-28,66. Ауру тіркелген аудандар Өтеген батыр кенті – 6, Боралдай кенті -4, Жетіген ауылында - 3, Ащыбұлақ ауылында -3, Қараой-3, Жапек батыр-2, Көкқайнар - 2 жағдайлар, Жаңа дәуір, Междуреченск, КазЦИК, Чапай, Первомайка ауылдарында -1 жағдайдан тіркеліп отыр.
14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру саны біршама өсіп отыр, 2011 ж. 25 жағдай немесе 89,2% тіркелсе, 2010ж. 24 жағдай, немесе 84,6% тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар – 18 жағдай, 64,2%. Екі жасқа дейінгі балалар арасындағы жоғарғы көрсеткіштің тіркелуі сәбилердің тағамын дұрыс дайындамау, дұрыс тамақтандырмау, жарамдылық мерзімін сақтамаудан. Атап айту керек, аудандағы Өтеген батыр кентіндегі балалар сүтханасында, 2011ж. 80 бала қосымша қорек алуға тіркелген. Облыстық бюджеттен 2011ж. бөлінген 2млн.520100 тг. тек шикізат (3,2%) сатып алуға кетті.
Ауруханаішілік жұқпаларға эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. Ауданда 58 емдеу алдын-алу ұйымдары бар, соның ішінде 40 мемлекеттік, 18 жеке кәсіпкерлік. 2011 жылы ауруханаішілік жұқпалар жағдайы тіркелмеді. 2011 жылы ЕААҰ-да ауруханаішілік жұқпалардың алдын-алу, зарарсыздандыру режимінде анықталған кемшіліктер бойынша 35 айыппұл салынды, 331128 тенге мөлшерінде, 30 санитарлық ұйғарым берілді, жұмыстан уақытша 22 адам шеттетілді.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен аудан тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі және су құбырының санитарлық-гигиеналық жағдайына қадағалау жүргізіледі. Аудандағы 181700 тұрғынның 180254 адамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 99,2% құрайды, орталықтандырылмаған сумен 0,6% (Жетыген ауылдық округіндегі Еңбек ауылында 1056 адам) және тасымалы сумен 0,2% (Күрті ауылында 390 адам). Чапаев, КазЦик, Қараой, Энергетический, Междуреченск, Первомайский округтері су құбырларының жетекшілерімен су көзі аумағын тазарту, санитарлық қоғаныс аумағы қоршауын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен Чапаев ауылында сумен қамтамасыз ету жүйелерінде құрылыс және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жетыген, Еңбек және Түймебаев ауылында сумен қамтамасыз ету жүйелерінде құрылыс және қайта жөндеуге жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Ынтымақ, Көкқайнар және Али ауылында сумен қамтамасыз ету жүйелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, су құбыры жетекшілері атына берілген санитарлық ұйғарымдар мен қолданылған әкімшілік шараларға қарамастан Байсерке, Жетыген, Түймебаев, Боралдай, Жапек батыр, Али ауылдарында су көзідерінің санитарлық қорғаныс аумағын қоршау, жер үсті павильондарын жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Аудан бойынша су құбыры жүйелері 40 жылдан бері пайдаланылады, ескірген жүйелер ауыстыруды қажет етеді. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен 2011 жылы бактериологиялық көрсеткіштерге 615 су сынамасы тексеріліп, соның ішінде 5 сынама (1,0%) бактериологиялық көрсеткіштері бойынша санитарлық ережеге сай келмейді (Байсерке, Боралдай, Өтеген батыр кенті). Анықталған кемшіліктер бойынша су құбыры жетекшілеріне 117936 тенгеге 13 айыппұл салынды, 13 санитарлық ұйғарым берілді.
Аудандағы 35 елді мекеннің екеуінде тұрмыстық қалдықтарды жоспарлы-жүйелі шығару ұйымдастырылған (Өтеген батыр, Боралдай кенттерінде), қалған елді мекендерде өтініш жүйесі бойынша тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Аудан әкімінің 2011 жылғы 14 наурыздағы «Аудандағы елді мекендерде көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазартудың көктемгі күзгі айлығын өткізу туралы» №5 шешімі бойынша 2011 жылғы 15 наурыздан 15 мамырға дейін ауданда санитарлық тазарту айлығы жүргізілді ауылдық және кенттік әкімдермен 201 объектілерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, 165,0км арық жүйелері тазартылды, ауыл ішіндегі жолдар жөнделді, 22 ретсіз үйілген қоқыстар үйіндісі шығарылды. Санитарлық тазарту айлығын ұйымдастыруда әкімдер белсенді түрде қатысты, сонымен бірге, тұрғындармен 33 жиын өткізді. Және де, аталған шешімнің орындалуы ауылдық және кенттік әкімдердің жиналсында тыңдалып, коммуналдық қызмет жетекшілеріне елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды жоспарлы шығаруға тапсырмалар берілді. Ауданда 4 ұйымдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған полигон бар. 2011жылы 4 полигонға тексеру жүргізілді. Берілген санитарлық ұйғарымның тармақтарының орындалмағаны үшін Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Bio-Garbage» және «Карасу» ЖШС-ға қарасты полигондар қызметі тоқтатылды. Сонымен бірге, «Аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ заңды тұлғаға айыппұл салынды. Бар болған қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында аумақтарын абаттандыру жұмыстары мерзімімен жүргізілмейді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 20 тармағы 35 бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретiне елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі кіреді.
Санитарлық қызметінің негізгі басым бағыты ҚР «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңына сәйкес сатылымға түсілетін тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау. 2011жылы Мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен тағам өнімдері нысандарында тексеру жүргізілді, 42-тағам өнеркәсіпорындарында, 74-қоғамдық тамақтандыру нысандарында, 256-сауда нысандарында, барлық тексеру саны-886.
Тексеру жүргізу барысында СЭСО-ң зертханаларына санитарлық –химиялық көрсеткіштерге дайын өнімдерден 534 сынама,бактериологиялық көрсеткіштерге 934 сынама алынды. Тексеру барысында 165 нысандарда кемшіліктер анықталды, тексеру қорытындысы бойынша 175 әкімшілік хаттамалар 1663200 теңге мөлшерінде салынды.
2011 жылы қоғамдық тамақтандыру, сауда, тағам өнеркәсібі нысандарымен байланысты тағам өнімдерімен улану тіркелмеді.
Сонымен қатар, 2011 жылы ауданда ботулизммен Жапек батыр, Чапай ауылдарында 4 оқиға тіркелді, себебі, үй жағдайында тұмшаланып бұқтырылған консерві өнімдерін қолданғандықтан, орталық аудандық ауруханаға қаралған кезде жәбірленушілерге ботулизмге қарсы сарысуы егілмеген.
Жалпы, аудандағы алдын-алу емдеу мекемелерінде ботулизмге қарсы сарысуы ботулизммен уланған ауруларға жедел жәрдем көрсетуге, сіреспеге қарсы сарысу жедел сіреспе ауруының алдын алуға, ҚР ДСМ 1998ж.23.02. №94-бұйрығына сәйкес «Алдын-алу, диагностикалық және емдеу препараттарымен санитарлық-эпидемиологиялық және алдын-алу мекемелерінде» ботулизмге қарсы сарысумен шексіз қамтамасыз ету қорын құру жергілікті атқару мекемелеріне жүктелген.
Былтырғы жылмен салыстырғанда тұрғындар арасында биосферадағы йодтапшылығына шалдығу аурулары біршама төмендеді 742 оқиға, 2010 жылы - 755. Сонымен қоса, Қазахстан Республикасының 2003 жылғы 14 қазандағы № 489-II «Йодтапшылығы ауруларының алдын-алу» Заңының 8б.1т.2т.т. бұзушылық анықталды, йодтапшылығы ауруларының алдын-алуға іс-шараларды орындау бойынша жергілікті-бюджет құрамынан шығындар бекітілмейді, сонымен қатар жергілікті бюджеттен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар арасында, бірінші кезеңде, жетім балалар және тұрмыс жағдайы төмен отбасы, бала емізетін аналарға топтамалы зобтың алдын алу үшін құрамында йоды бар препараттармен қамтамасыз етілуіне. Құрамында йоды бар препараттармен алдын-алу емдеулері «Д» есепте тұрған йодтапшылығына шалдыққан тұрғындарға және қосымша жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында жүргізілмейді.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында анықталған норма талаптарының бұзылуына байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның Кодексіне» сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Сонымен, 2011жылы басқарма мамандарымен 431 тұлғаға 3901616 тенге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 430 айыппұл 3894056 тенге мөлшерінде өндірілді. 162 адам жұмыстан уақытша шеттетілді. 4 материал тергеу органына берілді, 370 санитарлық ұйғарым берілді, басқарма материалдарымен 7 объекттің қызметін тоқтату туралы Талдықорған қалалық экономикалық сотының қаулысы шығарылды.
Іле ауданының тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдын жақсарту үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
1. Аудандағы емдеу алдын-алу ұйымдарында клинико-диагностикалық зертханаларда ВГ-ті диагностикалауға тест-системалармен қамтамасыз ету, «А» вирустық гепатитіне қарсы вакцинация жүргізуге вакцина сатып алу, ботулизммен уланған науқастарға жедел жәрдем көрстеуге ботулизмге қарсы сарысумен қамтамасыз ету мәселесін шешу.
2. Қарастырылған сметадан сүт, ашытқан сүт өнімдерін даярлауға ұйытқы сатып алуға, коммуналдық қызмет, электроэнергиясын төлеуге, елді мекендерге дайын өнімді тасымалдауға арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету.
3. Туберкулез ошақтарындағы қарым-қатнастағы балаларды оқшаулауға және емдеуге бала-бақшалармен, мектеп жасына дейінгі мекемелерде санаториялық топтардың ашылуына қаражат бөлінуін сұраймыз. Туб кабинетке арнайы автокөлік алуға туберкулез ошақтарын уақтылы тексеруге, туберкулезбен ауырған науқастардың ем қабылдауын бақылауға және бірінші рет (манту сынамасы) оң нәтиже берген баллалардың емдеуін бақылауға, тубкабинетінің бактериоскапиялық зертханасында сорғыш зонтының орнатылуына қаражат бөлу.
4. Ауданда қаңғыған жануарларды аулауға және көмуге, көктем, күз мезгілдерінде кеміргіштерге қарсы жалпы зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу мәселесін шешуге қаражат бөлінуін қарастыру.
5. Ауданда су құбыры жүйелері 40 жылдан артық қолданғаны себепті, ескірген, ауыстыруды қажет етеді. Байсерке, Жетыген, Түймебаев, Боралдай, Жапек батыр, Али ауылдарында бар болған су құбыры жүйелерінде жөндеу, қайта қалпына келтіруге қаржы көзін қарастыру.
6. Жергілікті қаржыдан әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар арасында, бірінші кезеңде, жетім балалар және тұрмыс жағдайы төмен отбасы, бала емізетін аналарға топтамалы зобтың алдын алу үшін құрамында йоды бар препараттармен қамтамасыз ету.
7. Аудандағы елді мекендерде жеткілікті қоқыс жинауға арналған ыдыстармен қамтамасыз ету, контейнер алаңдарын бетондау, ауданда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын ұйымдастыру, контейнерлер мен автокөліктерді тазарту және зарарсыздандыруға арнайы алаңдарды ұйымдастыру.