Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №8 «Қауіпті ет өнімдерін өткізуге тыйым салу туралы» қаулысына сәйкес, сауда атауы «Рибай Черного Ангуса» (Австралия өндірісі) салқындатылған сиыр етінің сынамасында ветеринарияда ірі қара малдың бұлшықет массасын жоғарылату үшін қолданылатын және адам денсаулығына көптеген жанама әсерлері бар өсу гормоны болып табылатын тренболон ацетат ветеринариялық препаратының анықталуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы №299 шешіміміен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының тұтынушылық нарқына ет өнімдерін өткізу фактілерінің анықталуына байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан республикасы Заңының 6-бабының, 2009жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің 5 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 2 және 4-тармақтары негізінде Қазақстан Республикасы аумағында сауда атауы «Рибай Черного Ангуса» (Австралия өндірісі) салқындатылған сиыр етін әкелу және өткізуге тыйым салынды.
Сіздерге, осы сауда атауы «Рибай Черного Ангуса» (Австралия өндірісі) салқындатылған сиыр етін аудан аумағына әкелу және өткізуге тыйым салынуын сұраймыз.
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
|