Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №10 «Жүзімді әкелу мен өткізуге тыйым салу туралы» қаулысына сәйкес, экспорттаушы «Coporation Fruticola de Chincha s.a.s.» және Ресей Федерациясына жеткізілген (импорттаушы-«Фруктовый Альянс» (Fructovy Alians) жүзімнің құрамындағы (Перу өндірісі) метомил пестицидінің 0,5мг/кг дейін (норма 0,05мг/кг кезінде) рұқсат етілген денгейден артқаны туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен халықтың салауаттылығын қадағалау саласындағы федералдық қызметтің (Ресейтұтынушылыққадағалау) 2014жылы 30 сәуір №01/4988-14-39 ақпаратының негізінде, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден Одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің 9-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 4-тармағы негізінде Қазақстан Республикасы аумағында экспорттаушы «Coporation Fruticola de Chincha s.a.s.» (Перу) жүзімін әкелу және өткізу тоқтатыла тұрылды.
Сіздерге, осы Перу өнімі жүзімін аудан аумағына әкелу және өткізу тоқтатылуын сұраймыз.
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
|