Құрметті Өтеген батыр кенті тұрғындары мен Іле ауданы қонақтары!!!
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Сіздерді 2014 жылдың 23 мамырында Іле ауданы Өтеген батыр кентінің «Биля» базарында өтетін «Қауіпсіз өнім» акциясына сағат 14.00 ден 18.00-ге дейін қатысуға шақырады. Акцияда ұйымдастырушылармен дұрыс тамақтану сұрағы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ҚР заңнамалары бойынша кеңес беру-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Іле ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандарымен базарда сатып алынған (мысалы, бақша өнімдері- нитратқа, сүт өнімдері – кышқылдығына және тағы сондай сияқты) өнімдер тегін экспресс тәсілмен зерттеледі.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 2-517-754, Абеуова Багила Жунусовна – Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары.
8-72752-2-28-17 - Дарибаева Жулдыз Бахытжановна, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, Ожарова Гулнар Аянбековна-тағам объектілерін қадағалау бойынша бас маман.
|