Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі хабарлайды «Құстың етін өткізу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №3 қаулысына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық сараптау нәтижесі бойынша патогендік микрофлораның (Salmonella enteriditis) анықталуы туралы. Құрамындағы ылғалдың массалық үлесінің асуына, Кеден одағына мүше мемлекеттерінің мемлекекттік тілінде таңбалаудың болмауы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 21 бабы бойынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы ҚР Заңының 6б., 2009 жылғы11желтоқсандағы Кеден Одағының санитариялық, шаралар жөніндегі келісімінің 5 және 9-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 2 және 4-тармақтары негізінде тоқтатылды, жағдай анықталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында мынадай өндірушілердің құс еттерінің сатылуы тоқтатыла тұрсын:
1. «Смолевич Бройлер» ААҚ (Беларусь Республикасы).
2. «Приосколье» ЖАҚ ( Ресей Федерациясы)
3. «Майкопский птицекомбинат» ЖАҚ ( Ресей Федерациясы)
4. «Курский Агрохолдинг» ЖАҚ ( Ресей Федерациясы)
5. «Урал Бизнес» АБҚ ( Ресей Федерациясы)
Сіздерден, осы тағамдар аудандағы сауда орындарында, қоймаларында болса, жағдай анықталғанға дейін жоғарыда көрсетілген өндірушілердің құс еттерінің сатылуы тоқтатыла тұрсын. Жағдай анықталғаннан соң нәтижесі сіздердің назарларыңызға жеткізілінеді.
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
|