БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудан кәсіпкерлерінің назарына!
«Чечил (өрілген)»
 
 
 
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №9 «Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы» қаулысына сәйкес, тамақ өнімін дайындаушының атауына, орналасқан орнына қатысты ақпарат, заңнамада белгіленген жағдайларда уәкілетті дайындаушы тұлғаның атауына және орнына, импорттаушы ұйымның атауына және орналасқан орнына қатысты ақпарат болмауы; мемлекеттік тілде таңбаланудың болмауы және герметикалық қаптамасының болмауы «Таңбалану бөлігіндегі тамақ өнімдері» (022/2011 КО ТР) және «Қаптамалау қауіпсіздігі туралы» (005/2011 КО ТР) Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін, шығарылу орны белгісіз «Чечил» ысталған ірімшігін өткізуфактілерінің анықталуына байланысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 21-бабының, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы ҚР Заңының 6-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жыл 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 2-бөлімінің 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына көтерме және бөлшек сауда объектілерінде өткізуге тыйым салынды.
Сіздерден, осы тағамдар аудандағы көтерме және бөлшек сауда объектілерінде болса, жоғарыда көрсетілген «Чечил (өрілген)» ысталған ірімшігін (Адыгей Республикасы) өткізуге тыйым салынуын сұраймыз.

Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы