Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №7 «Алкоголь өнімдерін әкелу мен өткізуге тыйым салу туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының тұтынушылық нарқына Италия, Франция, Шотландия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және басқа елдері өндірісінің мемлекеттік тілде таңбалануының болмауы, алкоголь өнімінің қолданылуын шектеу туралы қарсы көрсетілім туралы дұрыс және толық ақпараттың болмауы бөлігінде «Таңбалану бөлігіндегі тамақ өнімдері» (022/2011 КО ТР) Кеден Одағының техникалық регламентінің және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімдерін өткізу фактілерінің анықталуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2267 қаулысымен бекітілген «Халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлер және (немесе) өзгеде қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу ережесінің 2-бөлімінің 4-тармағына сәйкес 2014 жылғы 1 маусымнан бастап Кеден Одағының техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылық жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін әкелу, өткізу тоқтата тұрылды.
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
|