БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудан кәсіпкерлерінің назарына!  
 
 

Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №12 қаулысымен 2014 жылғы 11 мамырдағы №7 «Алкоголь өнімдерін әкелу мен өткізуге тыйым салу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Қаулыға сәйкес, 2014 жылғы 1 қазаннан бастап Кеден одағына кірмейтін елдерден алкоголь өнімдерін әкелуге, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін алкоголь өнімдерін айналымға шығаруға тыйым салынды. 2015жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін, 2014 жылғы 1 маусымға дейін әкелінген алкоголь өнімдерін өткізуге тыйым салынды.

Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы