Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы сіздерге 2014 жылдың 22-26 сәуір аралығында барлық Еуропа елдерінде және Қазақстанда Иммундау апталығы өткізілуі туралы хабарлайды. Иммундау апталығының ұраны - «Өмір үшін иммундау». Вакцинация – бұл көптеген жұқпалы аурулардан қорғанудың басты қаруы.Иммундау апталығы кезінде - иммундаумен қамту үшін нәрестеліктен бастап ересек жасқа дейінгі барлық жастағы тұрғындар назарға алынады.Егер сіз, басқа республикадан, аймақтан тұрақты тұруға немесе уақытша жұмыс жасауға келген болсаңыз, саяжайларда, заңсыз тұрақтаған және жаңа ұрылыстарда тіркеусіз тұрсаңыз, тұрақты мекенжайлары жоқ немесе діни қауымдардың мүшелеріне кіретін халық тобынан болсаңыз жұқпалы ырқаттанушылыққа қарсы жоспарлы иммундаумен қамтылу, есепке алыну үшін міндетті түрде жергілікті денсаулық сақтау мекемесіне барғаныңыз жөн. Иммундау апталығы - туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша Сіздер тұрғылықты жерлеріңізде орналасқан емханаға, егу пункттеріне, жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына, Өтеген батыр кенті, Қолдасов көшесі, 8 үй, 2517-754, 2-28-17 байланыс телефондарына хабарласа аласыздар.Екпе жүргізуге өздері мен балалары үшін ешбір себепсіз екпеден бас тартқан тұрғындар ойланыңыздар! Дамыған әлемде балаларды иммундау, қауіпті жұқпалы аурулардан қорғау үшін қомақты қаржы бекер бөлінбейді! Екпелер – бұл жұқпалы аурулардан сақтанудың жалғыз сенімді жолы. Біздің балаларымыздың да қорғалуға құқығы мен мүмкіндігі бар!
Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы
|