ІЭнтеровирустық жұқпа - көп түрлі клиникалық көріністермен сипатталатын вирустық жұқпалы ауру. Энтеровирус сыртқы ортада төзімді:төменгі температураға төзімді (тоңазытқышта бірнеше аптаға дейін сақталады), су құбырындағы суда 18 күнге дейін, өзен суында - 1 айға жуық,тазартылған кәріз суында 2 айға дейін сақталады. Сонымен қатар, энтеровирус төменгі температурада бірнеше жыл, ал қайнатқан кезде жарты сағатқа дейін тіршілігін жоғалтпайды.
Энтеровирустық жұқпаның берілу жолдары –су, тағам, қарым-қатынас және ауа тамшы арқылы. Зақымдалу су, тағам өнімдері, науқастардың нәжісі, түшкірген және жөтелген кезде сілекейдің аз ғана мөлшері арқылы, сонымен қатар ашық су қоймаларына суға түскенде болады.
Клиникалық белгілері–температура 38-40˚Сжоғарылайды,әлсіздік,бас ауруы, жүрек айну, құсу, жарықтан қорқу. Жүректің және іштің (живот) аймақтарының, бұлшық еттің, тамақтың ауруымен қатар, миндалина ментамаққа бөртпенің шығуымен сипатталады. Ауырғаннан бастап 1-2 күні қолға, аяққа, ауыздың айналасына және ауыз қуысының ішіне бөртпе шығып, 24-48 сағаттан кейін (кейде 8 күн) жоқ болады. Жұқпа көзі - науқас және жұқпа тасымалдаушы.
Жұқпаның алдын алу жолдары:
· қайнаған және бөтелкедегі суларды қолдану;
· тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу, жеке бас және қоғамдық гигиена шараларын қатаң сақтау;
· әр жанұя мүшесіне, әсіресе балаларды жеке ыдыспен қамтамасыз ету;
· жеміс-жидектерді, көкөністерді пайдаланар алдында мұқият жуып, қайнаған сумен шаю;
· сапалы азық-түліктерді пайдалану;
· бөлмелердің ауасын желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып жүргізу;
· түшкіргенде, жөтелегенде ауызды және мұрынды бір рет қолданылатын орамалмен жабу, пайдаланғаннан кейін қоқысқа тастау (урна), қолды жуу;
· өздігіңізден емделмеңіз және алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгініңіз.
|