БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 

Іле ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың 42-ші аптадағы 2014 жылғы 16-23 қазан аралығындағы мәліметтер
 
 
                                                                                                    Эпидемиологиялық ахуал
   Аудан бойынша жіті ішек, жіті дизентерия, вирустық гепатит, бруцеллез, эхинококкоз жұқпалары тіркелген жоқ. Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 18-ден 20-ға өскен, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 8. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны - 9 (41 %), мысықтан-1 зардап шеккен жағдайы тіркелген. Осы аптада зардап шеккендер: Өтеген батыр кентінде - 6 жағдайдан, Ынтымақ ауылынан-3 жағдай, Байсерке ауылынан-2 жағдай, Жетыген, Түймебаев ауылынан-2 жағдайдан, Боралдай, Покровка, Қосөзен, Қараой ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелген. Барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.
                                                                                                   Санитарлық-гигиеналық жағдай
  Аудан бойынша ауыз судың 4 сынамасы алынды, олардың ішінде санитариялық ережелерге сай еместері тіркелген жоқ. Шайындылар-225, тағам өнімдерінің сынамалары-22, 72-науқас, ауадан-16 сынама, зарарсыздандырудан-40 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді. Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 2 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 2 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 6 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 4 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, жоспардан тыс 4 объект тексерілді.
                                                                                                   Санитарлық-ағарту жұмыстары
  Басқарма мамандарымен аудандық орталық аурухана базасында 2014жылғы 23 қазанда аудандық медицина қызметкерлерімен, ветеринария қызметі өкілдерімен «Эбола қызбасының әкелінуі мен таралуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.