БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудан тұрғындарының назарына! 28.11.2017

 

      

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас дәрігерінің Қаулысы бойынша Қырғызстанда жасалған кондитерлік өнімдерді және консервіленген өнімдері кіргізуге, сатуға уақытша санитарлық шаралары енгізілді:

-          «КФ «АТА» ЖШС өндірген барлық кондитерлік бұйымдары (Қырғыз Республикасы, Шопоков қаласы, Новостройка көшесі, 17)- 21.11.2017 жылғы №7-П Қаулысы

-         «РАМАКС» ШЖҚ өндірісінің «RAMAX» атауындағы барлық консервіленген өнімдері (Қырғыз Республикасы, Сокулук ауданы, Военно-Антоновка селосы, 3-ші шағын аудан, №1 үй және Бішкек қаласы, Чуй даңғылы, 226/2) – 21.11.2017 жылғы №8-П Қаулысы.

-         «КД «Куликовский» ЖШС өндірген барлық кондитерлік бұйымдары (Қырғыз Республикасы, Аламудун селосы, Алматы көшесі,2)- 22.11.2017 жылғы №9-П Қаулысы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас дәрігерінің 2017 жылғы 21 қарашада шыққан №7-П, №8-П және 2017 жылғы 22 қарашада шыққан №9-П Қаулысын орындау үшін Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасымен мемлекеттік және орыс тілінде ауданның кәсепкерлеріне жеткізілді.

     Құрметті Іле ауданының тұрғындары жоғарыда көрсетілген азық-түліктердің сауда орындарында сатылу фактілері болатын болса қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасын хабардар етулеріңізді сұраймыз, мекен жайымыз: Өтеген батыр кенті, Қолдасов көшесі, №8 үй, тел. 2-517-754, 2-28-17 немесе электрондық мекен-жайға: .

 

 

Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы