БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Аудан әкімінің 2016 жылдың 24 қазанындағы хаттамалық тапсырмасының орындауы жөніндегі ақпарат 28.11.2016


2016 жылдың 18 қарашасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы аудан әкімінің 2016 ж 24 қазандағы хаттамалық тапсырмасының орындауы жөнінде Өтеген батыр кентіндегі №13 ОМ асханасында жалпы білім беретін мекемелердегі асхананы жалға алушылар, директордың жауапты орынбасарлары, медицина қызметкерлерінің қатысуымен мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру, оқушыларды тамақтандыруда санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтау, тағамдардың сапасы мен құнарлығы мәселелері туралы семинар кеңес өткізілді. Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының орынбасары Б.Әбеуова, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы К.Б.Сарбасова семинарда "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығына сәйкес асхананы жалға алушылардың және мектеп мейірбикелерінің назарына тамақтандыруды ұйымдастыру шарттары ережесі, дайындау, сақтау және дайын өнімді сату, асхана мектептерінде тыйым салынған азық-түліктер (чипсы, кириешки, хот-догтар, суши, шайнайтын сағыз, газдалған және энергетикалық сусындар және т. б.) туралы жеткізілді. Семинардың қорытындысында аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, жалға алушылар ТҚҚБ мамандардың жүргізген жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.