2016 жылдың 25 қараша айында Алматы облысы, Іле ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Алматы РМК филалы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты», Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті мамандарымен 2014 жылғы 12 қарашада №107 Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімімен бекітілген 15 мамыр айында күшіне енген «Темекі өнімдеріне техникалық регламенттер» КО ТР талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел өткізу барысында ЖШС «Филип Моррис Қазақстан», ЖШС «Джи Tи Ай» темекі өндіруші ұйымдар өкілдері, Іле аудандық филиалы «Атамекен», «Азаматтық-әлеуметтік негіз «Болашақ», қоғамдық бірлестік «Жігер» мүгедектер, көп балалы аналар «Мир» қоғамдық бірлестіктер мүшелері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары және Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай және Қапшағай аудандары тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттердің нарығында темекі өнімідерінің айналымына қойылатын талаптар, темекі өнімдер мен және олардың құрамынан бөлінетін заттар туралы есебін ұсыну ережелері, темекі өнімдерін тұтынатын тұтынушыларға берілетін ақпараттың мазмұнына, сәйкестікті бағалау жүйесіне, техникалық реттеу, өнімдерге зертханалық өндірістік бақылау жүргізетін құралдарға тексеру жүргізу және ұйымдастыру туралы сұрақтары талқыланылды.
Өткізілген дөңгелек үстелдің қортындысы бойынша техникалық регламент талаптары туралы туындаған сұрақтарға (айналым, таңбалау және темекі өнімдерін сәйкестік сертификаттары мен декларациялары т. б) жоғары органдарға түсіндіру және шешім қабылдау үшін ұсыныстар берілді.

|