2016 жылдың 25 ақпанында Іле аудандық «Нұр Отан» партия филиалы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұтынушылардың құқықтарын қорғауда тұрғындарға тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызмет көрсету саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы бірінші орынбасарының төрайымы Абилова Р.М, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары Әбеуова Б.Ж, Іле аудандық ҰКП директоры Конурбаев Д.Т., прокуратура өкілдері, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызмет көрсету саласының өкілдері, ПИК, Іле ауданы зейнеткерлері, қоғамдық бірлестіктердің, көп қабаты үйлердің жауапты өкілдері, БАҚ. Жүргізілген кеңесте коммуналдық қызмет көрсету саласы бойынша проблемалар талқыланды, негізінен қоқыс шығаруды ұйымдастыру, су, кәріз, жарықтану, жылу жүйесі, трансформаторлық қосалқы электр станцияларының проблемалық сұрақтарын жария ету. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауда тұрмыстық-техникалық қызмет көрсету саласын жақсартуда ұсыныстар шығарылды.


|