2016 жылдың 21 қыркүйек айында Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша қол қойылған меморандумға сай тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қызмет көрсету саласы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысында Іле аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Турсунов, аудандық прокуратура прокуроры С.Насыров, Іле аудандық «НұрОтан» партия филиалы кеңесшісі Ж.Бекмухамбетова, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысының орынбасары Әбеуова Б.Ж, «Мир» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігі басшысы Аремазы П.Р., «Жігер» мүгедектер мүшесі қоғамдық бірлестік басшысы Кузеева А.С., ауылдық әкімдік қоғамдық жұрт өкілі Алимбеков К., Алалыкин В., кәсіпкерлер., БАҚ, жыйын барысында сатушылар мен сатып алушылардың проблемалық өзара қарым-қатынасы талқыланды, тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы, тауарға жолдама құжат беру, азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін растайтын құжаттар, тұтынушыларға арналған ақпараттық бұрыштама, тұтынушылардың құқықтарын сотқа дейін және сот барысында қорғау және т.б. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғауда қоғамдық тамақтану және бөлшек сауда қызмет көрсету саласын жақсартуда ұсыныстар шығарылды.
|