Аудан бойынша жіті ішек, жіті дизентерия, вирустық гепатит жұқпалары тіркелген жоқ. Өткен аптамен салыстырғанда жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккендердің саны 21-ден 18-ге төмендеген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 2. Белгісіз иттерден зардап шеккендер саны- 5 (41 %), егеуқұйрық-2, мысықтан-2 зардап шеккен жағдайы тіркелген. Осы аптада зардап шеккендер: Өтеген батыр кентінде – 4 жағдайдан, Покровка ауылынан – 3 жағдай, Междуреченск ауылынан – 2 жағдай, Байсерке ауылынан – 2 жағдай, Боралдай кенті– 2 жағдай, Ынтымак ауылында, Коян – Құс, Жана-Дәуір, Түймебаев, КазЦик ауылдарынан 1 жағдайдан тіркелген. Барлығына антирабиялық алдын-алу екпе көмегі тағайындалған.
Санитарлық-гигиеналық жағдай
Аудан бойынша ауыз судың 4 сынамасы алынды, олардың ішінде санитариялық ережелерге сай еместері тіркелген жоқ. Шайындылар-30, тағам өнімдерінің сынамалары-5, 37-науқас, ауадан-10 сынама, зарарсыздандырудан-15 шайынды алынды, барлық нәтижелері талапқа сай келеді. Зиянды өндіріс факторларымен байланысты жұмысшылардың міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін 2 мекеменің жұмысшыларының тізімі келісілді. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық тексерулер (зерттеу) нәтижелері бойынша қорытынды актіге 1 ұсыныс берілді. Жеке және заңды тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 3 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді, жоспардан тыс 4 объект тексерілді.
Санитарлық-ағарту жұмыстары
Басқарма мамандарымен аудандық орталық аурухана базасында 2014жылғы 14 қазанда аудандық медицина қызметкерлерімен «Иммунопрофилактика және ауа тамшылы жұқпалар туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен аудандық «Іле таңы» газетасында 2014 жылғы 10 қазандағы №42 санында «Қышыма. Дерматомикоз» мақалалары жарияланды.
|