БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ
![]() |
![]() |
КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! | ![]() |
|
ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 26- бабына сәйкес сауда орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында тұтынушыларға «Тұтынушы бұрыштарын» және ақпараттық таблоларын мемлекеттік және орыс тілдерінде міндетті түрде орнату: - Кәсіпорын атауы (фирма атауы), мекен-жайы (заңды мекен-жайы ); - Жеке кәсіпкер,Фамилиясы, аты, тегі (болған жағдайда); - Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; - Қызметтің жүзеге асатын ұйымның лицензия көшірмесі (егер оған лицензиялауға жататын болса); - Үй-жайдың санитарлық талаптарға сай сәйкестік туралы тұжырым көшірмесі; - Жеке өнімдердің сату ережесі туралы нормативтік актілер туралы (мысалы, алкоголь өнімдері); Орналастырылған ақпараттық таблоларда болуы тиіс: - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мекен-жайы және телефон нөмірі; - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Консультациялық орталық» келесі мекен-жайда жұмыс істеуі: Алматы облысы, Іле ауданы, Қолдасов көшесі №8, тел. Факс: 8727-2517-754, электрондық адрес: [email protected]. Консультациялық орталықтың жұмыс істеу уақыты: демалыс және мейрам күндерінен басқа, күнделікті сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін (түскі үзіліспен). - жедел жағдайлар болған жағдайда аудандық төтенше жағдай органы, ішкі істер басқармасына телефон шалу; - Кезексіз қызметке құқығы бар азаматтар санаттарының тізімі (ардагерлер, мугедектер, көп балалы аналар және тағы басқалар). |
||||
![]() |