Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы аудандағы кәсіпкерлік нысандар тұлғалары үшін (сауда нүктелері, қоғамдық тамақтану орындары және т. б.) өзін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы қызметкерлері деп таныстыратын тұлғалардың объектілерге қаражат алуға баруы жиілеп кетті. Осы тұлғалар медициналық кітапшаларды, өнімнің қауіпсіздік құжаттарын (сертификаттар) тексереді және өнімге зертханалық зерттеуге шайынды аламыз деп ақ халатты киіп алуы да мүмкін! Зәбір шегушілердің мәліметі бойынша, жалған қызметкерлер өз қызметтері үшін кәсіпкерлерден 15000-17000 теңге көлемінде талап еткен!
Жалған қызметкерлер пайда болған кезде осындай жағдайға ұшырамауы үшін, Іле аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасына (бұрынғы санэпидстанция), АІІБ, прокуратураға хабарлау керек! Есіңізде болсын, кез-келген тексеру аудан прокуратурасының құқықтық статистика органдарында тіркеледі! Мемлекеттік органның қызметкерлері объектіні тексеруге барған кезде қызметтік куәлігін, құқықтық статистикада тіркеу туралы белгісі бар тексеру тағайындау туралы актіні көрсетеді! Тіркеу туралы тексеруді аудандық прокуратураның құқықтық статистика орталығының маманына телефон арқылы қоңырау шалып және 8 707 388 88 30 ұялы телефон немесе 1012 қысқа номеріне SMS-хабарлама жіберу арқылы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының 8-727-2517-754, 872752-2-28-59 телефонына немесе мамандардың 8 778 401-65-77, 8 702 981 98 19, 8 701 775 98 17 ұялы телефондарына қоңырау шалуға болады. |