БАСТЫ > Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы > ҚҰЖАТ

 
 
 
Іле ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың 24-ші аптадағы 2016 жылғы 10 маусымнан – 17 маусым аралығындағы мәліметтер  
   
  

Эпидемиологиялық ахуал

Іле ауданы бойынша 10- 17 маусым аралығында  жіті ішек  жұқпасының 1 жағдайы,  туберкулез жұқпасының 2 жағдайы тіркелді, 1 вирусты гепатит А жұқпасы, құрсақішілік жұқпа -4 жағдай, осы аптада менингит, эхинококкоз,  қышыма жұқпалары тіркелген жоқ. Тіркелген жіті ішек жұқпасы Каз-цик ауылынан, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 0,4, жұқпа ересектер арасында болып отыр.  Туберкулез жұқпасы Тлендиев және Байсерке  елді мекендерінде тіркеліп отыр, көрсеткіші -0,8.    Екі жағдайда жаңадан тіркелген. Тлендиев ауылында тіркелген өкпенің инфильтративті туберкулезі БК+, Байсеркеауылындағы  оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі БК-.  Вирусты гепатит А жұқпасы Чапай ауылынан тіркеліп отыр.

10- 17 маусым аралығында ауданда  жануарлардың тістеуінен зардап шеккендердің жалпы  саны 25 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 15.  Зардап шеккендер  Боралдай-5, Байсерке- 4, Жапек-Батыр-3, Өтеген батыр, Жетыген елді-мекендерінен 2 жағдайдан,  Жаңа-Даур, Чапай, Каз-Цик, Қараой, Көс-Өзен  ауылдарында  бір жағдайдан тіркелді. Иттерден жарақат алғандар саны -25, оның ішінде белгісіз иттерден зардап шеккендер -9 (36%), мысықтан зардап шеккендер саны- 2(8%), егеуқұйрық- 3(12%). Барлығына екпе  тағайындалған.

 Санитарлық-гигиеналық жағдай

Аудандық ТҚҚБ мамандарымен барлығы тіркелген 8 ошақ тексерілді.  Апта ішінде 40 науқас  адамдардан  зертханалық тексерілді, 420 шайынды алынды,  тағам өнімдерінен – 53 сынама алынды, судан-54 сынама, ауадан-23 сынама, зарарсыздандырудан-92 шайынды алынды,. Жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша 5 объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.