Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас дәрігерінің Қаулысы бойынша Қырғызстанда жасалған сүт, ет және кондитерлік өнімдерін кіргізуге, сатуға уақытша санитарлық шаралары енгізілді:
- 2017 жылғы 10 қарашада шыққан №5-П Қаулысы бойынша Бішкек қаласы, Лебединовка ауылы, Береговая көшесі, 1 орналасқан «Риха» сауда маркасының ет, сүт және шұжық өнімдерінің барлық атаулары.
- 2017 жылғы 10 қарашада шыққан №2-П Қаулысы бойынша Мәскеу ауданы, Беловодское ауылы, Октябрьская көшесі,55 орналасқан «Ак сут» БАҚ «Крестьянское» сары майы, м.с.ү.72 %;
- 2017 жылғы 10 қарашада шыққан №4-П Қаулысы бойынша Таллас ауданы, Қызыл-Адыр ауылы, Промышленная көшесі,1 орналасқан «Эмилия» ОсОО «Голландский» ірімшігі, м.с.ү. 45%;
- 2017 жылғы 10 қарашада шыққан №3-П Қаулысы бойынша Аламудун ауылы, Алматы көшесі, 2 орналасқан «Кондитерский дом «Куликовский» шығарылатын «Птичье молоко» торты, «Трубочки» тәтті тоқаштары, «Макарон ассорти» печеньесі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас дәрігерінің 2017 жылғы 10 қарашада шыққан №2-П, №3-П,№4-П, №5-П, Қаулысын орындау үшін Іле аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасымен мемлекеттік және орыс тілінде ауданның кәсепкерлеріне жеткізілді.
Құрметті Іле ауданының тұрғындары жоғарыда көрсетілген азық-түліктердің сауда орындарында сатылу фактілері болатын болса қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасын хабардар етулеріңізді сұраймыз, мекен жайымыз: Өтеген батыр кенті, Қолдасов көшесі, №8 үй, тел. 2-517-754, 2-28-17 немесе электрондық мекен-жайға: .
Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы
|