Әрбір адам, әлбетте, күнделікті күйбің тірлікте сапасыз байланыс қызметіне кез болып көрді. Көңілдің қалуына себеп көп: нашар байланыс, Сіздің рұқсатыңызсыз жарнама тарату, абонентке ескертпей ақылы қызмет қосу және т.б. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, осындай келеңсіздіктері үшін операторды сотқа тартып жатқан адамдар шамалы. Сотқа шағым түсіру туралы айтпай-ақ қояйық, тіпті байланыс операторы мен өкілетті мемлекеттік
органға шағымданып жатқандар жоқтың қасы. Алдымен талдап көрейік, тұтынушыларда оператордың кінәсінен қандай қиындықтар орын алуы мүмкін. Егер сөйлесіп жатқанда, сізге әңгімелескен адамның дауысы естілмесе, телефоныңызды айырбастауға асықпаңыз. Алдымен сим-картаңызды басқа мобильді телефонға салып көріңіз. Мәселе телефон аппаратында болмауы әбден мүмкін. Азаматтарға жайсыздық әкелетін тағы бір жағымсыз жайт, байланыстың үнемі үзіле беруі. Мұндай келеңсіздік сізге кедергі келтіріп, жиі қайталана берсе, операторға шағымдануға негіз бар. Мұндай мәселе көбінесе құжаттарды сотқа дайындау барысында абоненттің пайдасына шешіліп жатады.
Сапасыз байланыс қызметі тұрғындарға айтарлықтай шығын әкелуі де мүмкін. Оператордың кінәсінен клиенттің интернетке кіруге мүмкіндігі болмаған және маңызды келісімді бекіте алмаған жағдайлар да болған. Егер осыған байланысты келтірілген шығындар туралы айғақ құжаттарды жинақтайтын болса, телекомуникациялық қызмет тасымалдаушыларын сотта
жеңіп шығуға мүмкіндік бар. Телекоммуникация саласындағы ең түйіткілді мәселе – қаржыға келіп тіреледі. Абонент есебінен ақша алу, көп жағдайда
толықтай заңды және келісімде жазылған. Алайда, біріншіден, баршаға ортақ шарттармен шектелуге байланысты, оны оқитындар саны өте аз. Екіншіден, абоненттің кәсіби білімі жоқ болғандықтан, тарификацияға байланысты кейбір қызметтер оған түсініксіз. Оператор тарифтік жоспардағы қызмет
ақыларының төмендеуі туралы хабарламаларды жиі жібереді, дегенмен одан тиімді тарифтерге көшу үшін не істеу керектігін (смс хабарлама жіберу, арнайы нөмірге телефон шалу және т.б.) хабарламайды. Осылайша, абоненттер «ескі» тарифте қала береді, ал ақшаларының қайда кетіп жатқанын ұқпай дал болады. Операторлардың тағы бір қитұрқы тәсілі – біраз уақыттан кейін ақылы болатын, тегін акциялар өткізу. Қандай да бір қызметке қосылуға келіскенде, абай болуы керек. Алдымен коммерциялық ұсыныстың мән-жайын мұқият зерделеу керек, содан кейін барып қана шешім қабылдауға болады. Қазақстандықтардың мобилді операторлармен байланыс тәжірибесі мұны жиі еске салады. Бүгінгі күні, әлбетте, ең жоғары сұранысқа ие қызмет – ол мобильді байланыс қызметі. Заманауи адам ұялы байланыссыз бір сағат та өмір сүре алмайтын секілді көрінеді. Ал егер, бір себептерге байланысты біз байланыстан қол үзсек, өзімізді әлемнен жырақтап қалғандай сезінеміз. Мұнымен күресе аламыз ба, әлде осы беті қалдырған дұрыс па?
Өзіңізді есепсіз шығындардан қорғау үшін, оператордың тарифтік жоспарын мұқият оқу керек. Сонымен бірге сіз өзіңіздің барлық сөйлескен қоңырауларыңыздың тізімі мен пошта жәшігіңізге төлеген қызметіңіз туралы толық ақпарат алуға құқылысыз. Бүгінгі күні барлық байланыс операторлары
абоненттің талабы бойынша есеп шотты интернет арқылы жібере алады.
ҚР Азаматтық кодексінің 683, 687-баптарына, 617-бабының 2-тармағына және «Байланыс туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметін пайдаланушыларға сапасы бойынша
стандарттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметін көрсетуге жасалған шарттың талаптарына сай келетін қызмет көрсетуге міндетті.
Сіз байланыс операторына ұялы байланыс қызметінің сапаға сай еместігі туралы, нақты жағдайлар мен фактілерді келтіре отыра шағым түсіре аласыз. Өтінішті қолма-қол не хабарлай отырып тапсырыс хатпен жібересіз. Егер Сізді жауап қанағаттандырмаса немесе жауап берілмесе, онда Сіз өзіңіз тұратын жердегі «ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне шағымдануға құқылысыз. Құқықтық сауаттылыққа талпынасыз ба, әлде оған құлқыңыз жоқ па, оны өзіңіз шешесіз. Ал біз өз тарапымыздан сіздің оң таңдау жасауыңызға қолдан келгенше тырысып бақтық.
АОТҚҚД бөлім басшысы Олжабаев Н.К.
|